Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2959 0 пікір 6 Ақпан, 2010 сағат 05:13

«Қазатомөнеркәсіп» Қызылорда облысының дамуына көмектеседі

Қызылорда. 5 ақпан. ҚазТАГ – Қызылорда облысынң әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қызылорда облысының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы ҰАК жұма күні таратқан хабарында айтылады.

Облыс әкімі Болатбек Қуандықов пен «Қазатомөнеркәсіп» басшысы Владимир Школьниктің қол қойған меморандум мақсаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын көтеру саласындағы ынтымақтастық.

Меморандум аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өңірде бірқатар маңызды жобаларды іске асырмақшы. Атап айтқанда, Қызылордада перзентхана (2010 жылға 910 мың теңге бөлінген), мүмкіндігі шектеулі балаларға Шиелі кентінде құны 499 млн теңгелік интернат салынатын болды. Одан басқа, Көк Шоқы ықшамауданы мен Шиелі кенті 16,8 млн-ға абаттандырылатын болды. 

Сөйтіп, «Қазатомөнеркәсіп» уран өндірілетін өңірлердегі ауқымды әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды жалғастыруда, делінген хабарда. Қазіргі уақытқа ҰАК-нің өңірге салған инвестициясы 4 млрд теңгеден асып кетті. Іске асырылған жобалар қатарында Жаңақорған ауданындағы автожол учаскелері мен Жаңақорғанның өзіндегі жолдарды жөндеу, Жаңақорған ауданындағы мектепті жабдықтармен жабдықтау, балалардың білімін көтеру шараларын ұйымдастыру, автожолдарды түбегейлі жөндеуден өткізу, Шиелі кентіндегі №127 мектепті кеңейтіп, жабдықтау жұмыстарын жалғастырмақшы. Сондай-ақ облыс орталығында Қызылорда облыстық Н. Бекжанов атындағы музыкалық-драма театрын түбегейлі жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілді.

0 пікір