Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4439 0 пікір 3 Ақпан, 2010 сағат 05:56

Бәйге – Мақала сайысы

http://nurotau.kz сайтында әртүрлі тақырыптағы мақалалар сайысы

http://nurotau.kz сайтында әртүрлі тақырыптағы мақалалар сайысы

Әз, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) мәуліді қарсаңында әртүрлі тақырыпта мақалалар сайысын ұйымдастырып отырмыз. Сайыстың демеушісі аталмыш сайтты халқымызға имани жолмен ұсынып отырған Асыл анамыз, Мақтагүл қажы Мырзақұл ата келініне шексіз алғысымызды айтып, Аллаһтың разылығын тілейміз.

Сайыстың мақсаты:

Қазіргі таңда жастарға әртүрлі арақ-шарап пен темекінің, қала берсе сыраларды алкогольсіз деп жастар арасында сайыстар өткізіп, арты жамансыз аяқталмайтын уақытша қуанышпен қызықтырып жастардың саналарын улауда. Бұл жайтты барлығымыз көгілдір экран алдында да, өмірде де көптеп кездестіріп жүргеніміз жалған емес. Әрине бұл жан ауыртатын жағдай екені белгілі.
Осындай жолға жастарымыздың тағыда аяқ шалыс жасап тайып кетуіне жол бермей, жастарды имандылыққа, ата-анасын силап, отанын сүйуге деген ынталарын арттырып, кішкене болса да ойларын мақаламен имани жолға түйіндесе екен деген ниетпен бұл сайысымызды ұйымдастырып отырмыз.

Сайысқа кімдер қатысады:

Сайысқа 12 жастан бастап 40 жас аралығындағы әрбір қолына қалам ала білетін жандар қатыса алады.

Сайыстың тақырыбы:

Сайысты барлығы бір тақырыпта бір маселені қозғамауы үшін, Пайғамбарымыздың мәуліді қарсаңында болғанымен, әртүрлі тақырыпта өзінің көкейіндегі маңызды деп білген мәселеде жазулары қажет.

Бәйге жеңімпаздары төмендегілерге ие болады :

Бірінші орын: - 100 000 теңге.

Екінші орын: - 70 000 теңге.

Үшінші орын: - 50 000 теңге.

Және осы үш орын алғандарға: Дұғалар кітабы, Сөз асылы-хадис, Пайғамбар өмірі, Құдси хадистер, Сахабалар, Ораза энциклопедиясы, Фатиха сүресінің тәпсірі, Асыл ана дискісі, Құрбан айт дастарханы, Қабірден хат, Арабша жазу дәптері, «Мұсылман» журналына 1 жылға тегін жазылу, Мақтау қағазы қоса беріледі.


Төртінші мен оныншы орын аралығындағы жеңімпаздарға:
- 10 000 теңге.

Және 4-10 орын аралығындағы жеңімпаздарға қосымша, Сөз асылы хадис, Пайғамбар өмірі, Арабша жазу дәптері, Асыл Ана дискісі, «Мұсылман» журналына 1 жылға тегін жазылу мүмкіндігі беріледі.

Барлық мақала жазған талапкерлерге 1 кітап сыйлыққа беріледі.

************************************************************

***********************************************

*****************************

Мақалалар Наурыз айының 5 – жұлдызына дейін қабылданады.

Бәйге қорытындысымен мараматтау күні:

15.03.2010ж

http://nurotau.kz

0 пікір