Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2816 0 пікір 2 Ақпан, 2010 сағат 19:57

Ақорда оқпанынан ағылған ақпарат

Ақорда оқпанынан ағылған ақпарат ЕҚЫҰ-ға төрағалықты айрықша аураға бөледі де тастады. «Әне-міне басыма бақ қонардай боп тұрады....» демекші, ақпараттық эйфориядан соң «енді елімізде демократиялық стандарттардың сөзі жүріп, жемқорлықтың желкесі қиылатын шығар» дегендей ойлар да қылаң беріп қалатын. Бірақ, Биг-Бенге қарап сағатын түзейтін Мұхтар Әбіләзов бұл жолы да «сюрпризсыз» қалдырмады. Тимур Құлыбаевтың туыстық-әлеуеттік байланыстарын таныстырып жатпай-ақ, оның "CNPC Exploration & Development Company Ltd" деген қытайлық компаниямен мысықкөмбелікке барғаны жайлы арыз түсіргені белгілі. Арызданушы бұның қоқан-лоққы емес екендігін қолында тұрған әшкерелеуші құжаттармен қуаттай түседі-мыс. Енді міне, 1 ақпанда Алматы қаласындағы Медеу аудандық соты экс-банкир Мұхтар Әбіләзовтың Тимур Құлыбаевқа қатысты әшкерелеуші құжаттары бар екендігі туралы ақпараттардың шындыққа жанаспайтындығы туралы шешім шығарыпты. Айтпақшы, бұл іс Тимур Құлыбаевтың арыз-шағымы бойынша қозғалған екен. Ал «біртүрлі» ақпаратты таратқан «Голос Республики», «Взгляд», «Курсив» секілді басылымдар Тимур Құлыбаевтың ар-намысына нұқсан келтіретін осы ақпараттарды жоққа шығарулары керек.

Ақорда оқпанынан ағылған ақпарат ЕҚЫҰ-ға төрағалықты айрықша аураға бөледі де тастады. «Әне-міне басыма бақ қонардай боп тұрады....» демекші, ақпараттық эйфориядан соң «енді елімізде демократиялық стандарттардың сөзі жүріп, жемқорлықтың желкесі қиылатын шығар» дегендей ойлар да қылаң беріп қалатын. Бірақ, Биг-Бенге қарап сағатын түзейтін Мұхтар Әбіләзов бұл жолы да «сюрпризсыз» қалдырмады. Тимур Құлыбаевтың туыстық-әлеуеттік байланыстарын таныстырып жатпай-ақ, оның "CNPC Exploration & Development Company Ltd" деген қытайлық компаниямен мысықкөмбелікке барғаны жайлы арыз түсіргені белгілі. Арызданушы бұның қоқан-лоққы емес екендігін қолында тұрған әшкерелеуші құжаттармен қуаттай түседі-мыс. Енді міне, 1 ақпанда Алматы қаласындағы Медеу аудандық соты экс-банкир Мұхтар Әбіләзовтың Тимур Құлыбаевқа қатысты әшкерелеуші құжаттары бар екендігі туралы ақпараттардың шындыққа жанаспайтындығы туралы шешім шығарыпты. Айтпақшы, бұл іс Тимур Құлыбаевтың арыз-шағымы бойынша қозғалған екен. Ал «біртүрлі» ақпаратты таратқан «Голос Республики», «Взгляд», «Курсив» секілді басылымдар Тимур Құлыбаевтың ар-намысына нұқсан келтіретін осы ақпараттарды жоққа шығарулары керек. Сонымен бірге Медеу аудандық соты «Тимур Құлыбаевтың ар-намысына нұқсан келтіретін БАҚ өнімдері мен қағазда және электронды тәсілмен ақпаратты тасушы болып табылатын кез-келген өнімді тұтқынға алу туралы» анықтама шығарған. Осылайша, «жыл компроматы» деген атаққа сұранып тұрған істің шаласы тұтанбайбай жатып, түтіні бықсыды. Сіз бұған не дейсіз?

 

0 пікір