Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2847 0 пікір 2 Ақпан, 2010 сағат 06:05

Үкімет алыс шет елден ет импортына деген квотаны анықтады

Астана. 2 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан үкіметі алыс шет елден ет импортына деген квотаны анықтады. Ол ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов 2009 жылы 31-ші желтоқсанда қол қойып, сейсенбі күні ресми басылымдарда жарияланған «Еттің жекелеген түрлерінің сырттан әкелуінің тарифтік квота көлемін бөлу туралы» қаулысымен бекітілді.

Құжатта Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың кедендік одақ комиссиясының 2009 жылғы 27-ші қарашадағы №130 «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Республикасының кедендік одағының біртұтас кедендік-тарифтік реттеу туралы» шешімінің 9-шы тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі қаулы етеді: 1. Ұсынылып отырғандар бекітілсін: 1) тарифтік квота енгізілген еттің жекелеген түрлерін шеттен әкелудің тарифтік квотасы; 2) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінен тыс елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін еттерге тарифтік квота көлемін бөлу. 2. Заңды және жеке тұлғалар арасында тарифтік квотаны бөлу», - делінген құжатта.

Оның ішінде импортталатын тоңазытылған ірі қара мал етінің квотасы 10 мың тонна, оның ішінде Австралиядан – 1439 тонна, Бразилиядан – 2297 т, Еуропалық одақтан – 1 256, басқа елдерден 1 256 тонна. Тоңазытылған шошқа етінің квотасы 7 400 тонна, оның ішінде Канададан – 1658, АҚШ – 4 258, Еуропалық одақтан – 1286, басқа елдерден – 198 тонна. Үй құстарының 0105 позициясындағы көрсетілген жаңа немесе тоңазытылған еті немесе ішкі құрысынан жасалған өнім түрлеріне квота 110 мың тонна, оның ішінде АҚШ – 96 450, басқа елдерден – 13 550 тонна.

Үкімет ҚР индустрия және сауда министрлігіне заңмен бекітілген тәртіпке сай ет импортына деген лицензияны жеке және заңды тұлғаларға осы қаулығы сәйкес тарифтік квота шеңберінде беруді тапсырады.

ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті сырттан әкелінетін ет импортына қадағалауды осы қаулыға сай жүргізіп, әр тоқсанда ол жайлы толық мәліметтерді ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырып тұруы жүктеледі.

«Сыртқы істер министрлігі апталық мерзімде Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың интеграциялық комитет хатшылығына сыртқы саудада ҚР үкіметінің қабылдап отырған шаралары туралы мәліметтер беріп тұру міндеттеледі», - делінген құжатта.

Қаулы ресми басылымдарда жарияланған күнен күнтізбелік 21 күн өткен соң күшіне енеді.

0 пікір