Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2741 0 пікір 2 Ақпан, 2010 сағат 04:52

Тiлдi қорғаймын деп, «ХАЛЫҚ ЖАУЫ» АТАНДЫМ...

21-қаңтарда Алматы қаласында  Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобының отырысы өттi. Сол отырыс барысында аталған жұмыс тобына Мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құлмұхаммед жетекшiлiк етiп, оның қос орынбасарының бiрiне белгiлi ақын, қоғам қайраткерi Мұхтар Шаханов бекiтiлдi.
Ұлт патриоттарының алғашқы жеңiсi де осы болса керек  билiк халық өкiлдерiмен санасуға мәжбүр болды. Алайда қазақ ұлтының бар мәселесiн көтерiп, дабыл қағып жүрген азамат аға Мұхтар Шахановтың жұмысшы тобына орынбасар ғана болғаны олқы көрiнетiнi рас.  
Ал 25-қаңтарда  Астанада Мәдениет және ақпарат министрлiгi өткiзген кеңейтiлген алқа отырысына Мұхтар Шаханов та қатысады деген хабарды естiген едiк. Сол алқаның айтары не болды деген сауалмен Мұхтар ағаға телефон соқтық. Ақынның Астанадағы кездесулерi түнгi сағат 24-ке дейiн созылғандықтан, бiр минут қалт етуге мұршасы болмаған, «қазағым» деп жаны күйiп жүрген ағамен түн ауғанда ғана хабарласуға мүмкiндiк туды.

21-қаңтарда Алматы қаласында  Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобының отырысы өттi. Сол отырыс барысында аталған жұмыс тобына Мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құлмұхаммед жетекшiлiк етiп, оның қос орынбасарының бiрiне белгiлi ақын, қоғам қайраткерi Мұхтар Шаханов бекiтiлдi.
Ұлт патриоттарының алғашқы жеңiсi де осы болса керек  билiк халық өкiлдерiмен санасуға мәжбүр болды. Алайда қазақ ұлтының бар мәселесiн көтерiп, дабыл қағып жүрген азамат аға Мұхтар Шахановтың жұмысшы тобына орынбасар ғана болғаны олқы көрiнетiнi рас.  
Ал 25-қаңтарда  Астанада Мәдениет және ақпарат министрлiгi өткiзген кеңейтiлген алқа отырысына Мұхтар Шаханов та қатысады деген хабарды естiген едiк. Сол алқаның айтары не болды деген сауалмен Мұхтар ағаға телефон соқтық. Ақынның Астанадағы кездесулерi түнгi сағат 24-ке дейiн созылғандықтан, бiр минут қалт етуге мұршасы болмаған, «қазағым» деп жаны күйiп жүрген ағамен түн ауғанда ғана хабарласуға мүмкiндiк туды.

-Астанаға барып, Мәдениет министрлiгiнiң алқа отырысына қатысуым  өткен жылдың аяғында Қазақстан Халқы ассамблеясының «Ел бiрлiгi» доктринасын бүкiл халықтың талқысына ұсынуына тiкелей байланысты. Көпшiлiкке белгiлi, бiз  ұлт жанашырларының үлкен қауымы сол құжатқа қарсы болдық. Өйткенi бiз бұл дүбәра құжатқа қарсы шығып, аштық жариялауға тiлек бiлдiрмегенiмiзде, желтоқсанның 16-сына дейiн доктрина қабылданып кететiн едi. Билiктiң «барлық ұлттан бiр ұлт түздiк» деп, «ОБСЕ»-нiң алдында мақтанбақшы болған ойының iске асуына бiз мүмкiндiк бермедiк.

Мұхтар аға, дегенмен билiк өз дегенiнен жаңылар әлпет байқатпайды ғой...

Бiздiң талабымызға құлақ қоюы  билiктiң тартынып қалған белгiсi емес пе. Бiз де өз тарапымыздан барлық қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялармен, «Нұр Отаннан» басқа, бiрлесiп, «Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы» жобасын ұсыну жөнiндегi талапты билiктiң алдына қойдық. Қазiр осы құжат Астананың шымбайына батып тұрған сияқты. Себебi, ел iшiндегi қазақтың мүддесi үнемi кейiн шегiндiрiлiп, күнi бүгiнге дейiн мемлекетiмiзде ұлттық даму идеологиясының болмауын болашаққа қатер деп түсiну керек.

Астанадағылар осы қатердi түсiнiп, түйсiнiп отыр ма?

Ендi сол бiздiң тұжырымдамадағы талаптың бiр тармағы тiлдi дамытуға ден қойған сыңай танытуда. Айта кетейiн, бұрындары 2010 жылға дейiн орындалуға тиiс делiнген талай мiндеттеме алынып, бағдарлама қабылданды, уәде берiлдi, бiрақ билiк соның ешқайсысын орындаған жоқ. Бiздiң айқайымыздан кейiн, халық көтерiлiп кете ме деп қауiптенсе керек, 2020 жылға дейiн тiлдердi дамытуға байланысты жоспар жасап, соның жұмыс тобына ұлт патриоттарын  бiздердi қосты. Мәдениет және ақпарат министрi сол бағдарламаны iске асыру жөнiндегi топтың төрағалығына, ал мен орынбасарлыққа бекiдiм...

Бұл кезектi алдарқату емес пе, «батыр  аңқау» дегендей, сiздi алдап соғудың амалы емес пе?

Бiз бұл шараға сондай керемет иланып отырған жоқпыз. Өйткенi оның астарында саяси ойын жатуы әбден мүмкiн. Осы топтың құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық саясатының балама тұжырымдамасының жобасын жасаған Амангелi Айталы, Смағұл Елубай, Сайлау Батыршаұлы, Рысбек Сәрсенбайұлы, Дос Көшiм, Айдос Сарым сынды азаматтар кiрдi. Бәрiмiз бiрлесiп, толғандырып жүрген мәселенi комиссияның жұмысына енгiземiз. Егер билiк бiз қойған талаппен келiспейтiн болса, топтың құрамынан шығатынымызды да ескерттiк.

Мұхтар аға, бiздiкi  ұсыныстарыңыз билiктiң жетегiнде кетпей ме деген уайым ғой... Бұл жерде халықтың ой-арманын билiкке сенiп тапсыруға болатын шаруа ма? Мәсiмовтiң қазақшаны қалай сөйлегенiн теледидардан көрдiк. Сөйлегенi бар болсын, тiлiн бұрап, мазақтағандай болды. Ел-жұрттың айтуы бойынша, өзiңiз көтерген идеяны сiз бастап, билiк сiздiң соңыңыздан еруi керек едi...

Бұл бағдарлама биылғы жылдың қыркүйек айына дейiн қабылдануы керек деп белгiлендi. Жуық арада бiз өзiмiздiң талабымызды ұсынамыз. Сiздiң айтқан сауалыңыздың жаны бар, сол жиында «Мемлекеттiк тiл туралы» заңды қабылдау мәселесi көтерiлуi керек едi, ол жөнiнде бiрауыз сөз айтылған жоқ. Мин¬истрлiктiң осы алқа отырысында қабылданған шешiмiнде үш-ақ мәселе қарастырылыпты:

1. Талдау және стратегиялық жоспарлау департементiмен бiрлесiп, тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының жобасын ағымдағы жылғы 1 қарашаға дейiн әзiрлеу және Қазақстан Республикасы үкiметiне енгiзу;

2. Жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, қалаларда, аудандарда жоғары оқу орындарының негiзiнде тiл үйрену орталықтарын ашуды жалғастыру және ҚР үкiметiне енгiзу;

3. Мемлекеттiк органдардың «Тiл туралы заңнаманы» орындауына бақылауды күшейту.

Мiне, көрдiңiз бе, әзiрге шешiм әлi қабылдау деңгейiнде қалды. Жылдың аяғына дейiн әлi он бiр ай бойы не iстейтiндерi белгiсiз. Ал үкiмет бұрындары қабылданған 2010 жылға дейiн орындалуға тиiс бағдарламасына есеп берiп, талдау жасауы керек едi ғой. Ондай ештеңе болған жоқ. Бұлар тағы да сиыр¬құймышақтатып отыр. Маған сөз бермесе де, мiнбеге көтерiлiп, премьер-министрге: «Бiзде «мемлекеттiк тiл туралы» Заң болуы керек, сол заңды биыл қабылдайық, уәде бер!»  деп талап еттiм. Мәсiмов миығынан күлiп, уәде бергендей болды.

Үкiмет ауысса, сол уәде Мәсiмовпен бiрге кетпей ме?

Менiң қолымда билiк бар ма? Менде көптiң бiрiмiн ғой. Менiң күйiп отырғаным да  осы! Уәдесiн орындамаса, талап етемiз, Қазақстанда үкiметтiң жұмыс-тiршiлiгi Мәсiмовпен бiтпейтiн шығар! Тiлдi қорғаймын деп, «халық жауына» айналдым, тiптi телеарна мен үкiметтiң газеттерiне: «Шахановты жолатпаңдар!»  деп тапсырма да берiлгенiн де естiдiм.

Ал ұлт патриоттары жасаған қазақ халқына тiкелей қатысты маңызы бар балама тұжырымдама жобасының жағдайы қалай болмақ? Қазақ тiлi де сол жобаның бiр тарауы емес пе едi?

Тұжырымдама жобасы  өз алдына бөлек мәселе. Оған әлi жеткен жоқпыз. Ол мәселе жөнiнде сөз де, келiсiм де бол¬ған жоқ. Сол жобаға қатысты өз тарапымыздан жұмыс тобына оншақты адам ұсындық. Билiк өз жағынан өз адамдарын ұсынады, бәрiмiз бiрге отырып талқылаймыз.

Сонымен, Мұхтар аға, сiздiң көңiлiңiз орнына түсерлiктей қозғалысты байқадыңыз ба?

Әзiрге көңiл күптi... «Сiзге сөз берiлмейдi!»  деп қатаң ескертiлсе де, зорлықпен мiнберге шықтым. Айтарымды айтым. Мен ерiк-жiгерiнiң еңсесiн көтерген халықтың мүддесiнен тыс кете алмаймын. Әлдекiмдер: «Шаханов билiкпен ауыз жаласып кетедi»,  деуi мүмкiн, ешкiмнiң аузына қақпақ бола алмайсың. Бiрақ мен ешкiмдi алдап, дабыра атақ қуған адам емеспiн. Денсаулығым дiмкәс болса да, айқасқа араластым. Халық қолдайтын болса, бiр табан шегiнуге зауқым жоқ.
Сол халықтың сесiнен қаймыққан билiктiң бетi берi қараған шығар...
Бұл билiкке ештеңе керегi жоқ. Халық көтерiлiп кете ме деп қауiптенiп, осындай мәжбүрлiкке барып отыр. Мемлекеттiк тiл туралы заңды қабылдау жоспарында болмаса да, заңды қабылдаймыз деп, елдiң алдында уәде бердi. Бұл да  үлкен жеңiс. Қалған қитұрқылықты кезiнде көре жатармыз...


Бақытгүл МӘКIМБАЙ,
«D»
«Общественная позиция»
(проект «DAT» № 04 (41) от 27 января 2010 г.


(Ескерту: сұхбат сәл ықшамдалып басылды).

Abai.kz ақапарттық порталынан:

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 -Жарлығы
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 8-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
Қоса берiлiп отырған Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi  Бағдарлама) бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының Yкiметi Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бiр айлық мерзiмде әзiрлесiн және бекiтсiн.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгi Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Yкiметiне Бағдарламаны iске асырудың барысы туралы жыл сайын 30 маусымға және 30 желтоқсанға жиынтық талдау баяндама ұсынсын.
Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

0 пікір