Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3328 0 пікір 1 Ақпан, 2010 сағат 05:23

«Дарьял –У» РЛС қирандысының астынан үшінші адамның денесі табылды

Астана. 1 ақпан. ҚазТАГ – Жексенбі күні Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Балқаш көлінің маңында орналасқан, кеңестік одақтан қалған «Дарьял – У» радиолокациялық станциясының қирандысының астында қалған үшінші адамның денесі табылды, деп хабарлады Қазақстан ТЖМ.  

«Жексенбі күнгі, 31-ші қаңтар,  кешкі 18 сағатқа іздестіру шараларының арқасында қирадны астында қалған үшінші адамның денесі табылды», - делінген министрліктің хабарында.

Бұрын хабарланғандай, 22-ші қаңтарда 13 сағат 30 минутта Балқаш-9 станциясының маңында, бұрынғы әскери қалашықтың орнындағы РЛС-ті рұқсатсыз бұзып жатқанда, станцияның 250 шаршы метрі опырылып құлап түсіп, қиранды астында жергілікті тұрғындардан 5 адам қалып қойған. Олардан 39 жасар ер азамат оқиға орнында қаза болып, оның 34 жасар серігі ауруханаға жеткізілді. Қираған РЛС орнында қиранды астында қалғандарды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

0 пікір