Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3377 0 пікір 1 Ақпан, 2010 сағат 05:23

ШҚО-дағы Солнечный кентіндегі мектепке жылу құбырда орын алған апаттан соң үш аптадан кейін берілді

Астана. 1 ақпан. ҚазТАГ– Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданы Солнечный кентіндегі мектепке жылу трассасындағы апаттан соң, 21 күн өткенде жылу берілді, деп хабарлады Қазақстан ТЖМ дүйсенбі күні.

«1-ші ақпандағы таңғы алтыға №236-шы мектепте жылу берілді. Жылу трассасының 9 мың метрі оралып, жөндеу жұмыстары кезеңмен жалғасып жатыр», - деп хабарлайды министрлік.

Бұрын хабарланғандай, 11-ші қаңтарда жылдамдығы 25-30 м/с-қа жетіп, қатты соққан желден ШҚО Жарма ауданы Солнечный кентінде электр желілері үзілуі салдарынан, кенттегі қазандыққа су беретін және ыстық суды айдайтын су сорғыштар істен шығып, жылу трассасының 10 шақырымдай жері қатып және ҚР әділет министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) 4 түзету колониясы мен (қатаң тәртіптегі ОВ-156/17, жалпы тәртіптегі ОВ-156/18, жалпы тәртіптегі әйелдер түрмесі ОВ-156/21,еркін қоныс ОВ-156/16 колониясы – ҚазТАГ) 8 бесқабатты тұрғын үй 18 күн бойына жылусыз қалған болатын. 

Кенттегі төтенше жағдайдың салдарын жоюға 10 техника, 9 жылжымалы дәнекерлеп-пісіруші аппараттар, «Еңбек-Өскемен» МК-нің 83 маманы тартылған, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыс ТЖД-нің қызметкерлері де осы жұмыспен айналысқан.

Өз кезегінде ҚАЖК басқармасы апаттық жұмыстарда сотталғандардан 150 адам, ҚАЖКБ-ның 67 қызметкері мен жергілікті мекемелердің 20 жұмысшысы жұмыс істеп жатқанын хабарлады. 

Бұл туралы ШҚО бойынша ҚАЖК басқармасының баспасөз қызметінің бастығы юстиция полковнигі Еркін Қасымов хабарлады. Оның айтуынша, «барлық төрт колониядағы да  оперативті ахуал тұрақты және әкімшілік бақылауында». «Сотталғандардан әзірге ешқандай шағым түскен жоқ. Олардың арасында, сондай-ақ мекеме қызметкерлері немесе олардың отбасы мүшелерінің арасында үсікке шалдыққандар жоқ. Бұл мекемелерде барлығы 3265 адам жазаларын өтеп отыр. Барлық колонияға да өткен бейсенбі күні жылу берілді», - дейді баспасөз қызметінің бастығы.

«Өткен аралықта (қаңтардың 11-і мен 29-ы аралығында) әскери қызметкерлердің арасында үсікке ұрыну оқиғасы орын алған жоқ», - деді ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің тәрбие жөніндегі және әлеуметтік – құқықтық жұмыс жөніндегі қолбасшы орынбасары, полковник А. Ережепов.

ҚР ІІМ ішкі әскерлер бөлімінің 5511 әскери бөлімшесінің 2-ші атқыштар батальоны орналасқан казарма бөлмелері тәуелсіз қазандық есебінен жылытылады және орталық жылу жүйесіне тәуелсіз», - деп түсіндірді ол.

Е. Қасымов қазір 8 тұрғын үйге жылу беру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады. Оларда осы мекемелерде жұмыс істейтін офицерлер, ҚР ІІМ офицерлері мен олардың жанұялары – барлығы 1250 адам тұрады.

0 пікір