Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3704 0 пікір 26 Желтоқсан, 2009 сағат 06:51

Қатты жел, көктайғақ және қар басуға байланысты Жамбыл және Қарағанды облыстарының жолдарында шектеу енгізілді

Алматы. 26 желтоқсан. ҚазТАГ – Қатты жел, көктайғақ және қар басуға байланысты Жамбыл және Қарағанды облыстарының жолдарында шектеу енгізілді, деп хабарлайды ТЖМ.

Жамбыл облысында сенбі күні сағат алтыда ауа райы бұзылып, секуындына 15 метр жылдамдықпен жел тұрып, жолдарды қар басуға байланысты республикалық маңыздағы Алматы-Ташкент автожолының Қордай ауылынан Қордай ауданындағы «Отар» бақылау бекетіне дейінгі бөлігімен жолға арасына 15 минут салып бес көліктен жіберіліп жатыр. Автожолдың бұл учаскесінде «Қазақавтожол» РМК ДЭУ-34 арнайы техникасы жұмыс істеп жатыр.

Қарағанды облысында 24 желтоқсанда 9 сағат 30 минутта көктайғаққа байланысты Қарағанды-Жезқазган автожолының Атасу елді мекенінен Жезқазған қаласына дейінгі бөлігінде жолаушылар көлігі үшін жол жабылды.

Метеорологтардың болжамына сәйкес, Қазақстан аймақтарының басым бөлігіндегі ауа райы антициклон анықтайтын болады. Республиканың солтүстігі мен шығысы атмосфералық фронттардың ықпалында болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында боран соғып, желдің күші секундына 15-22 метрге жетеді, Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында секундына 23-28 метр жылдамдықпен жел тұрады. Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан секундына 20-25, кейде 30 метр жылдамдықпен жел тұрады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман түседі, желдің күші - 15-20 метр/сек. Маңғыстау, Атырау облыстарының жекелеген аудандарында - тұман, көктайғақ. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында түнде тұман түседі.

Жақын күндері Қазақстанның өзен-көлдерінде мұз қату процесі күшейеді, республиканың жекелеген өзендерінде мұз кептелістері түзіліп, судың деңгейі көтеріледі. Шардара су қоймасынан су тасталатындықтан, Қызылорда облысында Сырдария өзенінде су көтеріледі.

0 пікір