Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3350 0 пікір 23 Желтоқсан, 2009 сағат 16:34

Назарбаев патриарх Кирилмен телефон арқылы әңгіме барысында түрлі дін ұстанатын адамдардың арасындағы келісімнің маңыздылығын атап өтті

Астана. 23 желтоқсан. ҚазТАГ - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Әңгіме барысында мемлекет басшысы патриархты алда келе жатқан Жаңа жылмен және қасиетті Христостың туған күнімен құттықтай отырып, түрлі діни сенімдегі адамдар арасында келісімнің сақталу, рухани мәдениет пен өнегеліліктің қайта жандану үдерісінің маңыздылығын атап өтті», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің атап көрсетуінше, Қазақстан президенті Орыс Православие шіркеуінің басшысын келесі жылдың басында Қазақстанға сапар жасауға шақырды.

Бұрын хабарланғандай, патриарх Кирилдің Н.Назарбаевпен кездесуі 18 қаңтарда Астанада өтеді. Орыстың православ шіркеуі басшысының республикаға сапары 16 қаңтарда Алматыда басталады, онда ол мегаполис театрларының бірінде қазақстандықтармен кездеседі. Кейін Свято-Вознесенск кафедралды соборында салтанатты дұға оқу рәсімі өтеді.

Астанада патриарх  қасиетті Богородица құрметіне жаңа кафедралды соборда дұға оқиды.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610