Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4230 0 пікір 23 Желтоқсан, 2009 сағат 11:17

Түркістан - қазақ мәдениетінің ошағына айналуда. Ал, Алтай ше?..

Кеше Мәдени саясат және өнертану институтында халықаралық  "Тағылым» мәдени- интеллектуалдық Клубының бірінші мәжілісі болып өтті. Мәжіліс жаһандану процесстерінің қазақтың дәтүрлі мәдениетіне әсері деген әңгімеге қатысты өрбіді.

Мәдени саясат және өнертану Институтының директоры Ерлан Саиров:

- Аймақтардың мәдени-тарихи потенциалын жоғарылату керек. Осы тұрғыда Оңтүстік Қазақстан облысының жұмысы бізді қуантып отыр. Жақында облыс басшылығы Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесіне Ахмет Яссауи әулиенің халықты бірлікке, шақырған хикметтері жазылған гранит тақталарын орнатқан. Осы бір сырт көзге қарағанда кішкентай ғана қадам - еліміздің мәдениетін, тарихын түсіну үшін жасалған үлкен қадам. Жақын арада Яссауи кесенесі жанында этнопарк салынбақ. Бұл Түркістанда мәдениет индустриясын жасау жөніндегі Елбасы тапсырмасын орындаудан шығып отырған жұмыс.     Шымкент өңірі - түрк әлемінің мәдениет ошағы. Біз  мәдениетке қатысты барлық іс-шара үшін аса қуаныштымыз, - деді.

Қазақта «ел болдық, еңсемізді түзедік» деген сөздің мағанасы «етек-жеңімізді жидық» дегенге де саяды.

Мұның мәні Ерлан Саировтың ойынша, өзімізде барды түгендеп, керегемізді  кеңейте түсу болып табылады. Мемлекетік тұрғыдан алып қарасақ, бұл Алтай мен  Атыраудың, Алатау мен Сібірдің төменгі сағасы арасына созылып жатқан байтақ қазақ даласының жан-жағын қымтай түсу, жиыстыру дегенді білдіреді дейді ол.

Біз Тәуелсіздік алғалы оңтүстігімізді түгендеп, Түркістанды, Сыр бойы туралы тұрақты айтып келеміз. Батыстағы Маңғыстау мен Атырауды, солтүстігіміздегі Көкшені, Қызылжарды, ондағы Абылайхан сарайының жай-күйін де назардан тыс қалдырмай отырмыз . Бірақ Шығыстағы Алтайды жырлауымыз кемшіндеу сяиқты. Әрине, Алтай жөнінде небір зерттеу мақалалар, прозалық, поэзиялық шығармалар жарық көрді. Дегенмен Түркістан дегенде Қазақстан деп елең ете қалатын жұртшылық, Алтай десе - оны исі түріктің, сол түріктің шаңырақ иесі қазақтың алтын бесігі деп ойлай қоюы екіталай. Көбіне орыстың Алтайский крайы деп жатады.

Мәжіліске қатысып отырған көпшілік осылай десті. Және сондай-ақ

Шығыс Қазақстан әкімдігі осы тұрғыда тиісті жұмыстар атқарып, өзіне ғана емес, жалпы жұртшылыққа, алыс-жақын көршіге, оның ішінде орысы, қытайы, моңғолы бар, баршасына Алтайдың қазақ деген атаумен о баста тамыры бір, біте қайнасқан ұғым екенін түсіндіруі қажет дейді олар.

Бұл бағытта жергілікті билік тарапынан соңғы уақытта атқарылып жатқан жұмыс жоқтың қасы көренді. Мысалы Саиров басқарып отырған Институт еліміздің белгілі мәдениеттанушылары, саясаттанушы ғалымдарының қатысуымен «Шығыс Қазақстанда мәдени кластер» құру бағдарламасын ұсыныпты. Бағдарлама аясында «Қозы Корпеш-Баян Сұлу» эпосын халықаралық дәрежеге шығару, Шығыс Қазақстанды, Алтай өңірін түркі мәдениетінің кіндігі ретінде әлемге әйгілеу мәселелері де кешенді қарастырылған. Бірақ осы күнге дейін жауап болмапты.

- Әкімдіктен міне, 4 ай болды бір хабар жоқ. Біздің хатымыз «барса келмеске кеткендей» хабар ошарсыз кетті. Ал заң бойынша әр-бір хатқа мемлекеттік органдар бір айдың ішінде жауап беруі қажет. Сонда облыстың басшылығы қандай жұмыспен айналысып отыр? - деп ренішін жасыра алмады Ерлан Бияхметұлы.

«Тағылым» клубының алғашқы отырысы «Актуалды өнер: қазіргі кез және дәстүр» деген қызықты тақырыпты да қамтыды. Осы мәселе бойынша Ресейдің белгілі мәдениеттанушысы, «Консерватор» журналының бас редакторы Рустам Әріпжанов өзінің ойларын ортаға салды.

Баяндамашы дәстүрлі мәдениет дегеніміз - мәуелі бәйтерек тәрізді терең тамыры бар дүние, ал жаһандану мәдениеті осы ағашқа әсер ететін жел, жаңбыр тәрізді құбылыстар. Соның ішінде жауын-шашын уланған болса, ағаш солып қалады, жел дауылға айналса ағаш құлап қалуы мүмкін деп Шығыс мәнеріне сай сөйледі.

Жиынға қатысушылар, арт-мәдениет бүгінгі күннің құбылысы, оның қазақтың мәдени психологиясына әсері нашар болуы ықтимал, сондықтан бұл құбылысты зерттеу керек деген ортақ пікірге келді.

Біз бүгін жаһандану дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Біз теледидар көреміз, интернет қабылдаймыз, осының барлығы бүгінгі мәдениеттің негізгі элементтері. Мега, Рамстор тәрізді cауда орталықтарының өзі мәдениеттің, жаһандану мәдениетінің элементтері. Сондықтан қазақтың дәстүрлі мәдениетін дамыту мәселесі күн тәртібінде тұр.

Біз Биттлз, АББА -ға қарсы емеспіз, керісінше біз бұл әуендерді тыңдауға әуеспіз, бірақ Алпамыс жырын, Қобландыны, Қозы Көрпеш-Баян-Сұлуды қайда жібереміз. Біз осы төл тумаларымызды шет елге көрсете білуіміз керек.

Осы кезде мәдениеттің саясаты қажет екендігі шығады, өйткені қоғамның «мәдени-рухнай» жағдайы  қазақ мәдениетінің дамуына байланысты екендігі анық.

Сонымен бірге дәстүрлі мәдениетті сақтап қана қоймай, қазақ мәдениетін халықаралық дәрежеде насихаттау үшін мәдениетті кешенді түрде дамыту қажет, ол үшін мемлекеттің заң тұрғысынан, қаржы тұрғысынан көмек қажет деген ойлар айтылды «Тағылымның» алғашқы отырсында.

Марат Ғали

0 пікір