Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3409 0 пікір 22 Желтоқсан, 2009 сағат 08:20

Қостанайда қатты аязға байланысты 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды

Қостанай. 22 желтоқсан. ҚазТАГ – Қостанайда сейсенбі күні қатты аязға байланысты 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ жүргізілмейді. Бұл туралы агенттікке Қостанай әкімдігі білім бөлімінің тіршілікпен қамтамасыз ету секторының бастығы Евгений Терентьев хабарлады.

Е.Терентьев Қостанай гидрометеорология орталығының бүгін 30 градус аяз, солтүстіктен секундына 5 метр жылдамдықпен жел соғады деген ресми ақпаратына сәйкес сабақ тоқтатылғанын түсіндірді. «25 градус аяз болғанда 1 – 4 сыныптар үшін сабақ жүргізілмейді, 27 градуста – 1- 9 сыныптар, 30 градуста 1 – 11 сыныптар оқымайды» - деп нақтылады ол.

Күнделікті түрде таңертең ауа райы туралы ақпарат және сабақ тоқтатылған жағдайда ескерту жергілікті телеарна арқылы хабарланады. Балаларын қауіптен сақтандыру үшін ата-аналар бұл ақпаратты қалт жібермейді, өйткені көптеген оқушылар мектепке автобуспен барады, аялдамада ұзақ тұрады.

0 пікір