Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2539 0 пікір 20 Желтоқсан, 2009 сағат 08:22

Көкшетауда құсбегілердің «Қансонар-2009» республикалық жарысы өтті

Көкшетау. 20 желтоқсан. ҚазТАГ -  18-19 желтоқсанда Көкшетауда құсбегілердің «Қансонар-2009» республикалық жарысы өтті. Оған Қазақстанның төрт облысынан 14 спортшы қатысты.   

Көкшетаудағы Бұқпа шоқысында аязға қарамастан адам көп жиналды, қаланың тұрғындары мен қонақтары сирек оқиғаны тамашалау үшін құсбегілер саят құратын жерге келді.

"Сұңқармен аң аулау көптеген елдерде бар, бірақ бүркітпен қоян немесе түлкі алу -Қазақстанның ерекше кәсібі", - деп мәлім етті ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығының атқарушы директоры Ерназар Әлімбетов.

Жарысқа қатысушылар бірнеше критерийлер бойынша бағаланды: құстың сыртқы түрі, аңшының киім-кешегі, сауыт-сайманы, бүркітті қолға отырғызу, құстың еркін ұшуы және құстың қоянды, түлкіні алуы жеке бағаланды.

Қазылар алқасының пікірінше, осы аталғандар бойынша 23 жастағы қарағандылық аңшы-қыз Мақпал Әбдіразақова өз құсымен бірге үздік деп танылды. "Мен осы спортпен бала кезімнен айналысамын,- дейді жеңімпаз. – Бұл кәсіпті әкем үйретті.  Қазақтарда ежелден сұңқармен аң аулаумен айналысқан әйелдер болған, сондықтан мен халқымның дәстүрін жалғастырушымын. Қазір өзім жас қыздарды спорттың осынау қызықты түріне үйретіп жүрмін". Екінші орын Ақмола облысының өкілі Абылайхан Ізбасовқа, үшінші орын қарағандылық Әліп Төребековке берілді.

0 пікір