Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3251 0 пікір 4 Желтоқсан, 2009 сағат 11:30

«Қазақмыс» корпорациясының «Нұрқазған» кенішінің жұмыскерлері дизельдік отын ұрлады деп күдіктеліп отыр

Қарағанды. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – «Қазақмыс» корпорациясының «Нұрқазған» кенішінің аумағынан дизельдік отын құйылған цистернаны ұрлағаны үшін адамдар тобы ұсталды, олардың арасында қамсыздандыру бастығының орынбасары бар. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД хабарлап отыр.

Жедел ақпаратқа сәйкес, 2 желтоқсанда «Нұрқазған» кенішінің аумағында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында тіркемесі бар «Цзефан» маркалы автоцистерна ұсталған.  Көлікті Қарағанды қаласының 24 жастағы тұрғыны басқарған, оның қасында бір адам болған. Цистернаға құны 1 млн 180 мың теңге болатын 15,7 тонна дизель отыны құйылған, алайда жүктің тиісті құжаттары болмаған.

Бұл оқиға бойынша «Нұрқазған» кенішінің қамсыздандыру бастығының орынбасары, күзетші, кеніштің жұмыскері және Қарағанды қаласының екі тұрғыны ұсталды. Шет ауданының бір тұрғынынан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

0 пікір