Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2598 0 пікір 4 Желтоқсан, 2009 сағат 06:45

Сеул қаласында «Корея Республикасы – Орталық Азия елдері» атты ынтымақтастық жөніндегі үшінші форум өтті

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Кореяның сыртқы істер және сауда министрлігі Сеул қаласында желтоқсанның 1-і мен 3 –і аралығында ұйымдастырған «Корея Республикасы – Орталық Азия елдері» атты ынтымақтастық жөніндегі үшінші форум өтті. Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан және Өзбекстан елдерінің делегациялары қатысты. Қазақстандық делегацияны сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев бастап барды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Күн тәртібіне қатысушы мемлекеттер экономикаларының бәсекеге қабілеттігін нығайту, экономиканы дамытушы қозғалтқыштарды құру, қуат ресурстарын тиімді пайдалану, еңбек әлеуетін дамыту, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері шығарылды», - делінген хабарламада.

Аталған шара шеңберінде Корея мен Орталық Азия елдері іскерлік орта өкілдерінің қатысуымен инвестициялық форум өтті.

Сапар барысында Н.Ермекбаев Кореяның сыртқы істер және сауда министрі Ю Мён Хванмен және оның бірінші орынбасары Шин Гак Сумен кездесу өткізді, оның барысында Қазақстан мен Корея арасындағы екі жақты қатынастардың қазіргі жағдайына байланысты мәселелер талқыланды.

0 пікір