Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2611 0 пікір 4 Желтоқсан, 2009 сағат 06:42

Берлинде Бельгердің «Дом скитальца» кітабының тұсаукесері өтті

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Танымал қазақстандық жазушы және публицист Герольд Бельгердің «Дом скитальца» кітабының неміс тіліндегі нұсқасы Берлинде өткен «Қазақстан бүгін: қоғам, этностар, мәдениеттер» форумы барысында таныстырылды. Форумды қазақстан-герман қоғамы және ГФР-дағы ҚР елшілігі «Қазақстанның Германиядағы жылы» аясында ұйымдастырды және іс-шара Германияның қорлар Үйінде өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстандық әдебиетші мен оның досы Леонхард Кошут «Дом скитальца» романында 1941-ші жылы Қазақстанға депортацияланған немістердің қайғылы тағдыры баяндалатынын айтты. Қоныстанушылардың жаңа ортаға бейімделуінің қиын процесі,  байырғы тұрғындар мен қоныстанушылар арасындағы мейірімді адами қарым-қатынастар, әділеттіліктің, адамгершіліктің орнауына, халықтар бірлігі мен достығына жетелеген қиыншылықтар әңгімеленеді.

Сонымен қатар, баспасөз-қызметінің хабарлауынша, форум барысында ҚР президенті баспасөз-қызметінің Алматыдағы бюросының жетекшісі Валерий Жандәулетов және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Ақтолқын Күлсәриева мен Алия Мәссәлімова баяндама жасады.

В.Жандәулетов неміс аудиториясын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және демографиялық дамуымен таныстырды. Ал А.Күлсәриева ҚазҰУ-дің қызметі, Қазақстандағы мәдениет және тіл саясатының дамуы және «Мәдени мұра» бағдарламасы туралы айтып берді. А. Мәссәлімованың қазақстандық жастардың дінге сенімі жөнінде жүргізген зерттеу қорытындысын аудиториян үлкен ықыласпен тыңдады, деп хабаралйды баспасөз-қызметі.

0 пікір