Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2679 0 пікір 3 Желтоқсан, 2009 сағат 07:35

Ұлтты жою идеясымен келiспеймiз

«Бiз күрес жолын таңдадық!»

Билiк Қазақстан халқы ассамблеясы арқылы ұсынып  отырған, қазақ ұлтын тiкелей жоюға алып баратын «Ел бiрлiгi» доктринасына қарсы зиялы қауым өкiлдерi, саяси партиялар жетекшiлерi, барлығы 124 белгiлi азамат қол қойып, 15 мың адам қолдаған президент Н.Назарбаевқа, қазақ халқына жә­не республикамыздағы өзге ұлт өкiлдерiне жазылған ашық хаты баспасөзде жария­ланған болатын. Алайда, ұлттық мүддеге үрке қа­райтын бүгiнгi билiк зиялы қа­уым өкiлдерiмен, ұлт жанашырларымен санаспай, «Ел бiрлiгi» доктринасын ассамблея арқылы қабылдауға құлшыныс танытуда. Облыс-аймақтарда, жоғарғы оқу орындарында билiктiң сойылын соғатын кейбiр депутаттар, ғалымдар, жазушылар аталған доктринаны, халықты алжастыру мақсатымен насихаттауға көштi.

«Бiз күрес жолын таңдадық!»

Билiк Қазақстан халқы ассамблеясы арқылы ұсынып  отырған, қазақ ұлтын тiкелей жоюға алып баратын «Ел бiрлiгi» доктринасына қарсы зиялы қауым өкiлдерi, саяси партиялар жетекшiлерi, барлығы 124 белгiлi азамат қол қойып, 15 мың адам қолдаған президент Н.Назарбаевқа, қазақ халқына жә­не республикамыздағы өзге ұлт өкiлдерiне жазылған ашық хаты баспасөзде жария­ланған болатын. Алайда, ұлттық мүддеге үрке қа­райтын бүгiнгi билiк зиялы қа­уым өкiлдерiмен, ұлт жанашырларымен санаспай, «Ел бiрлiгi» доктринасын ассамблея арқылы қабылдауға құлшыныс танытуда. Облыс-аймақтарда, жоғарғы оқу орындарында билiктiң сойылын соғатын кейбiр депутаттар, ғалымдар, жазушылар аталған доктринаны, халықты алжастыру мақсатымен насихаттауға көштi.

Бастауын «американдық ұлт­тан» алатын «Ел бiрлiгi» («қазақстандық ұлт») доктринасы ұлтты жоюға апаратын төте жол екенiн анық сезiнген ұлт жанашырлары: М.Шаханов, М.Мырзахметов, Ғ.Қабышұлы және Желтоқсан көте­рiлiсiнiң қаһармандары: Қ.Рыс­құлбековтiң анасы Д.Асанбаева мен Л.Асанованың анасы А.Асанова бастаған аналар тобы, «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бiрлес­тiгiнiң төрағасы Б.Сәдуұлы, «Желтоқсан рухы» қоғамдық бiрлестi­гiнiң төрағасы Б.Иманқожа және КСРО Халық әртiсi, Мемле­кет­тiк сыйлықтың лауреаты А.Әшi­мов, Қазақстанның халық әртiсi, Мем­ле­кеттiк сыйлықтың лауреаты М.Жүнi­сова, Қазақстанның халық әртiсi Д.Жолжақсынов, т.б. басқалар, 300-ден астам адам егер билiк осы ұстанымынан танбаса, 17 желтоқсаннан бастап аштық жариялайтындарын мәлiмдеген болатын.

«Ел бiрлiгi» доктринасы қазiр халық талқылауына ұсынылып отыр. Сондықтан пiкiр айтуға, тiптi қарсылық көрсетуге осы елдiң толыққанды азаматы ретiнде құқылымыз. «Ел бiрлiгi» доктринасы билiк жоспарлағандай тез арада қабылданып кетсе, қазақ осы мемлекеттiң егесi болу құқынан заңды түрде айы­рылады. Өйткенi, бәрiмiз бiр ұлт­қа айналамыз. Доктрина қабыл­дан­са, «мен қазақпын» десең, «Ел бiрлiгiне» қарсы шыққан боласың.

Сондықтан бiз де ұлтты жою идеясымен ешқашан келiспеймiз.

Уалибек Әбдiрайым, «Шаншар» театрының ұжымы атынан (12 адам); Ұлықпан Жолдасов, «Каспий», «Самал» топтарының жетекшiсi (8 адам); Сәкен Майғазиев, «МУЗарт» тобының мүшесi, ҚР Мемлекеттiк «Дарын» жастар сыйлығының иегерi; Ерғали Әбдiрайымов, «Жiгiттер», «Жалын» топтарының жетекшiсi (7 адам); Дiнмұхамед Серiкұлы, «Жебе» тобының жетекшiсi (5 адам); Бекжан Тұрыс, М.Әуезов атындағы академиялық театрдың әртiсi; Әншiлер: Асқар Жүнiсбеков, Бекболат Досыбаев, Қайрат Нұртас, Саят Медеуов, Айқын Төлепберген, Ақылбек Жеменей, Бейбiт Қорған, Нұрлан Қалжан, Жанболат пен Жазира, Ғадiлбек; «Серiлер» тобы (3 адам); «До-Мажор» тобы (3 адам); «Қоңыр» тобы (4 адам); «BR» тобы (2 адам); «Тарлан» тобы (2 адам); «Нұр-Мұқасан» тобы (2 адам); «Меломан» тобы (4 адам); «ДекМузик» тобы (2 адам).

 

«ЕЛ БIРЛIГI» ДОКТРИНАСЫНА ҚАРСЫМЫЗ

«Американдық ұлтқа» негiзделген «Ел бiрлiгi» доктринасы бар ұлттан бiр ұлт жасау арқылы жергiлiктi ұлтты жоюға апармақ. Билiк осы қауiптi идеяны iске асырғысы келедi. Сондықтан Мұхтар Шаханов бастаған ұлт қайраткерлерiнiң дабыл қағуын өте орынды деп бiлемiз.

Бiздер, елiмiздiң оңтүстiк өлкесiнiң өндiр жастары, зиялы азаматтары билiктiң өз қолындағы барлық мүмкiндiктi пайдаланып, депутаттар мен жағымпаз зиялыларды алға салып, «Ел бiрлiгi» доктринасына шаң жұқтырмай насихаттап жатқанын көрiп отырмыз. Қазақ халқы «американдық ұлттан» бастау алатын «Ел бiрлiгi» доктринасының астарында ұлтты жою идеясы тұрғанын жеткiлiктi деңгейде түсiнiп үлгермей жатыр. Бұл идеямен түбегейлi келiспейтiнiмiздi бiлдiрiп, егер билiк «Ел бiрлiгi» доктринасын тоқтатпайтын болса, бiздер де наразы қалпымыздан танбастан Мұхтар Шахановты қолдаушылармен бiрге болатынымызды мәлiмдеймiз.

Барлығы 300-ге тарта студент жастар қуаттап қолдады.

 

ҰЛТ ЖАНАШЫРЛАРЫН ЖАСТАР ДА ҚОЛДАЙДЫ

Жоғарғы билiк тарапынан ұсынылған «Ел бiрлiгi» («қазақстандық ұлт») тұжырымдамасына қарсылық танытқан ұлт жанашырлары баспасөз мәжiлiсiн өткiзiп, 17 желтоқсаннан бастап аштық жариялайтындарын мәлiмдеген болатын. Олардың билiкке қойған талаптары орынды. Кез келген жүрегi қазақ деп соққан азаматтардың көңiлiн­де жүрген мәселе. Ешкiм де «қазақстандық» болғысы келмейдi. Әсiресе, қазақ жастары. Бiз өз ұлтымызды жоюға жол бермеймiз. Сондықтан, егер билiк «Ел бiрлiгi» («қазақстандық ұлт») доктринасынан бас тартпаса, бiз де 17 желтоқсаннан бастап аштық жариялайтынымызды мәлiмдеймiз.

«Рух пен Тiл» жастар клубы.

 

Жас Алаш №97 (15451) 3 желтоқсан, бейсенбі 2009 жыл

 

0 пікір