Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2468 0 пікір 3 Желтоқсан, 2009 сағат 06:48

Президент заңға 2010 жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің көлемін арттыруды қарастыратын түзетулерге қол қойды

Астана. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев заңға азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгертулерге қол қойды, деп хабарлады бейсенбі күні президенттің баспасөз қызметі.

Құжат президенттің 2010 жылдан бастап азаматтарды қолдау бойынша қосымша шаралар қарастыру туралы тапсырмасына сәйкес әзірленді.

Заңға сәйкес, төртінші және одан кейінгі баланың тууына орай берілетін бір жолғы жәрдемақының көлемі 16380 теңгеден 70650 теңгеге дейін артады.

Сонымен қатар, 1 жасқа толғанша баланың күтіміне берілетін ай сайынғы жәрдемақыны: бірінші балаға 3276 теңгеден 7772 теңгеге дейін, екінші балаға 3822 теңгеден  9185 теңгеге дейін, үшіншіге 4368 теңгеден 10598 теңгеге дейін, төртінші және одан кейінгі балаларға  4914 теңгеден 12011 теңгеге дейін көбейту жоспарланған.

Ең төменгі жалақының көлемінде (2009 жылдың 1 шілдесінен бастап 13 717 теңгені құрайды) мүгедек балаға жәрдемақының жаңа түрі қарастырылған.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге орай Кеңес Одағының батырларына, үш дәрежелі Даңқ ордендерінің кавалерлеріне арнайы мемлекеттік жәрдемақының көлемін 21195 теңгеден 183690 теңгеге дейін; Социалистік еңбең ерлеріне – соғысқа қатысқандарға 21195 теңгеден 98910 теңгеге дейін арттыру қарастырылған.

Батыр ана атағын алған, бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақының көлемін 5511 теңгеден 8478 теңгеге дейін көтеру, сонымен қатар, спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандырудың көлемін 11304 теңгеден 33912 теңгеге дейін арттыру ұсынылған.

Сонымен қатар, түзетулер жобасы көп балалы аналарды «Алтын алқамен» марапаттау үшін заңмен белгіленген балалардың санын 10-нан 7-ге дейін, «Күміс алқа» үшін 8-ден 6-ға дейін төмендетуді және «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» атағы берілгендерге 130 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (АЕК) арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды  ұсынады.

Бұдан басқа, зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс бойынша шектеуді 28 АЕК-тен 32 АЕК-ке дейін арттыру және әскери қызметкерлердің жас бойынша зейнеткерлік төлемдерінің ең жоғарғы көлемін 75 АЕК-тен 86 АЕК-ке дейін арттыру жоспарланған.

Жоғарыда аталған мақсаттарға қосымша қаржы 2010-2012 жылдарға республикалық бюджетте 82 млрд теңге көлемінде, соның ішінде 2010 жылы 18,8 млрд, 2011 жылы 30,4 млрд және 2012 жылы 32,8 млрд теңге қарастырылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 1 АЕК 1296 теңгеге тең.

0 пікір