Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2497 0 пікір 3 Желтоқсан, 2009 сағат 06:46

Алматы билігі балабақшаларға деген сұранысты үш жылдың ішінде қанағаттандыруды жоспарлап отыр

Алматы. 2 желтоқсан. ҚазТАГ –  Алматы басшылығы балабақшаларға деген сұранысты үш жылдың ішінде қанағаттандыруды жоспарлап отыр, делінген қалалық әкімдіктің қала басшысы Ахметжан Есімовтың ҚР білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевпен кездесуінен кейін таратқан хабарламасында.

«Әкімнің пікірінше, егер қазіргі құрылыс қарқыны сақталса, Алматыдағы балабақшалардың жетіспеушілігі мәселесі алдағы үш жылдың ішінде шешіледі», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Құжатқа сәйкес, бүгінгі күні қалада мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ету 62% деңгейінде. 22 мың адам кезекте тұр.

Балабақшалардың көпшілігі өткен жылдары жекешелендірілген немесе ұзақ уақытқа жалға берілген. 2008 жылы басталған қайтару жұмыстарының нәтижесінде 700 орындық 4 балабақшаның ғимараттары қайтарылды.

Ғимараттарды қайтару жұмыстары биыл да жалғасын тапты. Қазіргі уақытта қала басшылығы жеке меншікке сатылып кеткен ғимараттарды қайта сатып алуға қаржы қарастыруда. Егер ғимарат жалға берілсе, жалға беру келісімінің мерзімі аяқталғанын күту қажет немесе келісімдерді бұзудың заңды жолдарын іздестіру керек. 2010 жылы толығымен жалға берілген 1300 орындық 5 ғимаратты және бір бөлігі ғана жалға берілген 150 орындық 2 ғимаратты қайтару жоспарланған.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Алматыда 1200 орынға есептелген 6 жаңа балабақшаның құрылысы жалғасуда. Келесі жылы 1200 орындық 5 балабақшаның құрылысы жоспарланған.

Қазіргі кезде 240 орынға арналған мектепке дейінгі жеке меншік 4 жаңа ұйым пайдалануға беруге дайын. Жеке кәсіпкерлер 2010 жылы 600 орындық 10 балабақшаның құрылысын жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, балалардың мектепке дейінгі ұйымдарын мегаполистегі құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешендерінде ашу мүмкіндігі қарастырылуда. Ондай кешендерде 1000 баланы орналастыруға мүмкіндік беретін 14 орын бар. Олар негізінен жаңа құрылыстардың бірінші қабатында орналасқан және тұрғын үй кешендерінің инфрақұрылымына сәйкес келеді. Бұл жағдайда жеке меншік балабақшалардың жұмысын реттейтін өртке қарсы және санитарлық нормалар бойынша мәселелерді үкіметтік деңгейде шешу қажет.

Қазіргі кезде 700 орынға арналған балабақшалардың құрылысы бойынша алты жоба бар. Қаржы қарастырылса, олардың құрылысын 2010 жылы бастауға болады.

0 пікір