Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2410 0 пікір 3 Желтоқсан, 2009 сағат 06:42

Президент Ұлттық қордан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заңға қол қойды

Астана. 3 желтоқсан. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлады бейсенбі күні президенттің баспасөз қызметі.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұрын хабарланғандай, 12 қарашада парламент «Ұлттық қордан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң қабылдады. Заңға сәйкес, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің көлемі 2010 жылы 1 трлн 75,7 млрд теңгені, 2011 жылы  1 трлн 171 млрд теңгені және 2012 жылы 1 трлн 266 млрд теңгені құрайды.

Аталған қаржы бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыруды арттыруға бағытталады.

0 пікір