Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3271 0 пікір 2 Желтоқсан, 2009 сағат 18:27

«Тұлпар»

Естеріңізде болса, осыдан ... жыл бұрын Корейдің КИА-сымен бірлесіп, отандық «Тұлпар» көлігін шығаратын болдық деп алақайлағанымыз бар. Ол қуанышымыз да көпке ұзамаған. Енді міне, Қостанайда құрастырылатын алғашқы Ssang Yong көлігі 2010 жылдың мамыр айында дайын болмақшы. Бұл жайында «Агромашхолдинг Қазақстан» АҚ президенті Дин Ким мәлім етті. Әзірге қазақ-кәріс біріккен кәсіпорыны алғашқы жылы 1 мың көлік шығаруды межелеп отыр. Жалпы, кәсіпорын Ssang Yong Kyron, Ssang Yong Action және Ssang Yong Rexton атты жол талғамайтын көліктердің моделін шығаруды жолға қоймақ. Қостанайда құрастырылатын көліктердің бағасы нарықтағы бағасынан 25 пайызға арзан болмақшы. Инвестициялық жобаның құны 16 млн доллар болса, келешекте жылына 20 мың көлікке дейін конвейерден шығаруға мүмкіндік бар.

0 пікір