Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2544 0 пікір 2 Желтоқсан, 2009 сағат 18:20

Сингапур...

Сингапур... Бар-жоғы 0,6 мың шаршы шақырым жер бұйырған мемлекетте жылына 1700-ден астам діни фестиваль, ойын-сауық кештері өтеді. Соның ішіндегі ең сорақысы (мүмкін, біз үшін) - индустердің «Кавадис» фестивалі болса керек. Кавадис дегеніміз - зілмендей ауыр арба, бұл арбадан шығып тұрған өткір шанышқыларды үндістер өз терісіне, бетіне іліп алып алып, арбаны сүйрей жөнеледі. Шри Перумал ғибадатханасынан Шри Тандаютхапани ғибадатханасына дейінгі 4 шақырым жолды осындай азаппен өткізеді. Индустердің дүниетанымынша, өздерін осылай азаптау арқылы Құдайға деген сенімдерін шыңдайтын көрінеді. Ал мына фотосуреттегі жас бала жаны ауырып, жылап келе жатса да, мойнына байлаған қара сым арқылы кавадисті тартуы керек. Салт солай болса, амал нешік...

Orken&G

0 пікір