Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2880 0 пікір 2 Желтоқсан, 2009 сағат 07:55

ҰЛТТЫҚ БІРЛІК ДОКТРИНАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ

«АЗАТ» ЖСДП ТӨРАЛҚАСЫНЫҢ

МӘЛІМДЕМЕСІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан жарияланған «Ұлттық бірлік доктринасының» жобасы қоғам тарапынан наразылық тудыруда, тіпті кейбір танымал қоғам қайраткерлері аштық жарияламақ.

Баламасыз «ұлт көшбасшысы» идеясын ұсыну арқылы Ақорданың өзі ел ішін  шулатуда. «Қазақстандық ұлт» та соған лайықталып жасалған іспетті. Осы бастамаға деген теріс көзқарас билікті өзі діттеген мұратқа жетудің айналма жолдарын іздеуге мәжбүр етті.

Биліктің тағы бір ниеті де айқындалып отыр, ол - ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау қарсаңында ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін өзінің әлдебір жетістігі ретінде ұсыну. Және сол арқылы халықаралық қоғамдастықтың назарын демократия, адамның құқығы мен бостандықтарын сақтау саласындағы проблемалардан басқа бағытқа аудару.

Әйткенмен Қазақстан халқының қиын-қыстау кезеңдерде сақтап қалған ұлтаралық келісімі - әсте де билеуші режимнің еңбегі емес. Оның тарихи тамыры тереңде жатыр және ол қазақ халқының табиғи төзімділігімен тікелей сабақтас. Ал мемлекеттік институттар мен шикізаттық ресурстарды шетелдік қожайындармен бірлесе жекешелендіріп алған ат төбеліндей билеуші топ керісінше, экономикалық және саяси ғана емес, сонымен бірге аса өткір әлеуметтік проблемаларды, мәдениет пен руханият, соның ішінде мемлекеттік тілдің дамуы мәселелерінің шешімін кейінге ысырып отыр.

«АЗАТ» ЖСДП биліктің «қазақстандық ұлт» терминін енгізу бастамасының қоғамды қақ жара алатындай әлеуеті бар екендігін баса атап, ел ішінде орын алған жағдайға алаңдаушылық білдіреді! Азаматтардың өз ұлтын зор мақтаныш сезімімен атау құқығын ешкім де тартып ала алмайды. Бұл - әрбір тұлғаның табиғи әрі дау тудырмайтын құқығы!

Доктринаның жобасында Қазақстан азаматтарын шынымен де ұйыстыра алатын қабілеті бар жаңа идеялар мен көзқарастар мүлдем жоқ. Құжат құр мақтаныш пен екіжүзділікке толы, Қазақстанның көпұлтты халқының, ең алдымен қазақ халқының проблемаларынан алшақ, ақиқат ауылынан алыс. Ең бастысы, ол қоғамды біріктірудің орнына керісінше, іріткі салып, азаматтардың санасына алауыздық пен абыржушылық ұялатады.

Доктринаның бастамашысы - Ақорданың бақылауындағы жасанды псевдоқоғамдық бірлестік - Ассамблея болып табылады. Тек әділдікпен сайланған әрі нағыз көппартиялы Парламент қана бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың - өз ұлтының, өз тілі, өз мәдениеті мен өзінің ерекшеліктерін сақтаған жеке тұлғаның мүддесін таныта алады. Осы тұрғыдан  Қазақстан халқы ассамблеясы - халық пен биліктің арасындағы артық әрі залалды буын.

Жоғарыда аталған жайттарға байланысты «АЗАТ» ЖСДП наразылық білдірушілердің әділетті талаптарын қолдай отырып, «Ұлттық бірлік доктринасының» жобасын талқылауды күн тәртібінен алып тастауды талап етеді. Біздің халқымыз осы жылдардың ішінде жоғарыдан түсірілген қандайбір пәрмен-бұйрықтың көмегінсіз-ақ бейбітшілікте өмір сүріп, біздің ортақ шаңырағымыз - Қазақстан Республикасын бірлесе қалады! Және бүгінгі күні де ретттейтіні не екені түсініксіз осынау  құжатқа зәру емес. Ол үшін Ата заң - Конституция бар.

02.12.2009 ж .

0 пікір