Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3448 0 пікір 2 Желтоқсан, 2009 сағат 05:39

Қазақстанның солтүстігі мен шығысындағы ауа райына Батыс Сібірдің суық ауасы ықпал ететін болады

Алматы. 2 желтоқсан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстан өңірлерінің басым бөлігі атмосфералық фронттардың аймағында болады. Республиканың солтүстігіне, солтүстік-шығысына және шығысына Батыс Сібірдің суық ауасы тарайды, деп хабарлайды ТЖМ.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында секундына 18-23, кейде 28 метр жылдамдықпен жел соғады. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерде тұман түседі.  Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында бұрқасындатады, желдің күші 15-20 метр/сек.

Жақын күндері Қазақстанның өзен-көлдерінде айтарлықтай өзгерістер болмайды. Сырдария өзенінде мұз қатпайды.

0 пікір