Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2898 0 пікір 2 Желтоқсан, 2009 сағат 05:38

ҚР СІМ басшысы «Корфу процесін» ілгерілетуді Астана өткізгелі отырған ЕҚЫҰ саммитінің басты тақырыбы етуді ұсынды

Астана. 2 желтоқсан. ҚазТАГ – ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Астана өткізгелі отырған ЕҚЫҰ саммитінде «Корфу процесін» ары қарай ілгерілету бойынша еуропалық қауіпсіздік мәселелерін талқылауды ұсынды. Ол бұл туралы 1 желтоқсанда Афина қаласында ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 17-ші кеңейтілген отырысында мәлім етті.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев Хельсинки қорытынды актісіне қол қойылғанына 35 жыл,  Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 65 жыл толуына, Париж хартиясының 20 жылдығына  орай ЕҚЫҰ саммитін өткізуді ұсынды. «Корфу процесін» ары қарай ілгерілету, қауіпсіздіктің ортақ трансатлантикалық және еуроазиялық архитектурасын құру, Ауғанстанды қалпына келтіру және осы елге көмектесу саммиттің тақырыптары болуы мүмкін», - деп мәлім етті ол сөз сөйлеген кезде. ҚР СІМ баспасөз қызметі Қ. Саудабаев жасаған баяндаманың мәтінін ҚазТАГ агенттігіне жолдап отыр.

Қ. Саудабаев Грекияның төрағалығы кезінде қолға алынған «Корфу процесі» ЕҚЫҰ аймағындағы жаппай және бөлінбейтін қауіпсіздікті түсінуге маңызды серпін берді», - деді. - «Бәріміз бірлескен іс-әрекеттер қажет екендігіне келістік, ал Қазақстан болашақ төраға ретінде осынау игілікті бастаманы жалғастыруға жан-жақты ықпал етпек ниетте», - деп мәлім етті мемлекеттік хатшы -министр.

Ол Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде «ЕҚЫҰ-ның негізгі қағидалары мен құндылықтарын қалтқысыз ұстанып, Венадан батысқа және шығысқа қарай орналасқан елдердің арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту үшін Ұйым мүшелерінің мүдделерін ескере отырып әрекет етіп, Ұйым қызметінің барлық үш себетін тең толтыруға тырысады» деді.

Сонымен қатар, дипломат «алдын ала және бүгінгі консультацияларымыз және делегация басшылары айтқан сөздер көрсетіп отырғандай, президент Н.Назарбаевтың саммит өткізу туралы бастамасын ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көпшілігі қолдап отыр».

«Бүгін, Ыстамбұл кездесуінен кейін 10 жыл өткен соң, жоғары деңгейде қазіргі қауіптерге баға беріліп, ЕҚЫҰ-ның Ванкуверден Владивостокқа дейінгі кеңістікті қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету бойынша алдағы перспективасының басымдықтарын белгілейтін уақыт деген сенімдеміз», - деп мәлім етті дипломат.

Осы орайда ол ЕҚЫҰ СІМК бойынша әріптестерінен «саяси ерік пен стратегиялық көрегендік танытып, СІМК қабылдайтын шешімнің мәтініне 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін өткізу туралы мәселені енгізуді өтінді».

«Корфу процесі» биылғы жылдың 28 маусымында ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің екі күндік бейресми отырысы өткен Грекия аралының құрметіне осылай аталған. Бұл отырыста болашақ еуропалық қауіпсіздік бойынша ашық, тұрақты, кең көлемді және жаппай қамтитын диалог бастау туралы шешім қабылданған болатын.

0 пікір