Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2567 0 пікір 1 Желтоқсан, 2009 сағат 07:31

Қазақстанда 2010 жылы жолаушылар тасымалдау тарифтері 17,6% көтеріледі деп күтілуде – ККМ басшысы

Астана. 1 желтоқсан. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. Қазақстанда 2010 жылы жолаушылар тасымалдау тарифтері 17,6% көтерілуі мүмкін, деп хабарлады көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов.

«Инвестициялық қажеттігін қамтамасыз ету үшін 2010 жылы тарифтерді 17,6%-ға көтеру, 2011 жылдан 2014 жылға дейін жыл сайын инфляцияға түзетулер енгізіп 15%-ға көтеру қажет», - деді ол сейсенбі күні үкімет отырысында.

Ә. Құсайынов жолаушылар тасымалдауды 2020 жылы жергілікті және республикалық бюджеттен субсидиялау қажеттігі 382,15 млрд теңгені құрайтынын жеткізді. 

Сонымен қатар, деді ол, жолаушылар тасымалдайтын вагондар мен локомотивтерді жаңартуға республикалық бюджеттен 160 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 2,4 млрд теңге қажет.

0 пікір