Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4201 0 пікір 1 Желтоқсан, 2009 сағат 06:01

Әлімғазы Дәулетхан. Мұхтархан Оразбайдың 15 өтірігі (1-бөлім)

Әдетте, жалған тарих жазған адам­ды, жалған ақша жасаған қыл­мыс­кер ретінде жазалау керек дегенді жиі айтамыз. Ал, елі­міз тәуелсіздік алғаннан бер­гі 20 жылға таяу уақыт ішін­де қоғамдық ғылымдар сала­­­сын­да, әсіресе тарих пен әдебиет сала­­сында жаңбырдан кей­ін қаулап шыққан саңырау­құлақ­­тай қаптаған том-том кес­ек кітаптар мен ұзақ сонар мақа­ла­­лардың дұрыс-бұрысын са­рап­­тап, байлаулы сөз айтар өкі­лет­­­ті мемлекеттік мекеменің жоқ­­тығынан, әрі атағынан ат үркетін академиктер мен док­тор­­­­лардың үнсіз бейтарап­тығы­­нан орайшыл оспадарлар тым ер­­кінсіп, тарихи санасы енді ға­на қалыптаса бастаған жас ұрпақ­ты әбден шатастырып жіберді.

Сондай жүген-ноқтасыз кет­кен­дердің бірі - өткен ғасырдың 80-жылдары Қытайдан Түркияға кел­іп, 90-жылдардың басында Қазақ­­станға келген Мұхтархан Ораз­­бай деген «оқымысты» еді. Бірақ, бүгінгі сөз ол туралы емес. Оқырмандар назарына ұс­­ын­­­бағымыз, Мұхтарханның Қы­тай ақыны Ли Байдан қа­зақ - Дулат ақыны жасамақ бол­ып, қадірлі ақсақалдарымыз Өмір­­­бек Байгелді мен Шер­хан Мұртаза, филология ғылым­дар­­ы­ның докторы Сауытбек Аб­драх­­манов арқылы бүкіл қа­зақ халқын, қазақ мемлеке­тін ұятқа қалдырып отырған ала­­­яқ­­­тығы­­­на қатысты аран­да­­тушы өтіріктері мен жалған аударма­ларын әшкерелу болмақ.

Әдетте, жалған тарих жазған адам­ды, жалған ақша жасаған қыл­мыс­кер ретінде жазалау керек дегенді жиі айтамыз. Ал, елі­міз тәуелсіздік алғаннан бер­гі 20 жылға таяу уақыт ішін­де қоғамдық ғылымдар сала­­­сын­да, әсіресе тарих пен әдебиет сала­­сында жаңбырдан кей­ін қаулап шыққан саңырау­құлақ­­тай қаптаған том-том кес­ек кітаптар мен ұзақ сонар мақа­ла­­лардың дұрыс-бұрысын са­рап­­тап, байлаулы сөз айтар өкі­лет­­­ті мемлекеттік мекеменің жоқ­­тығынан, әрі атағынан ат үркетін академиктер мен док­тор­­­­лардың үнсіз бейтарап­тығы­­нан орайшыл оспадарлар тым ер­­кінсіп, тарихи санасы енді ға­на қалыптаса бастаған жас ұрпақ­ты әбден шатастырып жіберді.

Сондай жүген-ноқтасыз кет­кен­дердің бірі - өткен ғасырдың 80-жылдары Қытайдан Түркияға кел­іп, 90-жылдардың басында Қазақ­­станға келген Мұхтархан Ораз­­бай деген «оқымысты» еді. Бірақ, бүгінгі сөз ол туралы емес. Оқырмандар назарына ұс­­ын­­­бағымыз, Мұхтарханның Қы­тай ақыны Ли Байдан қа­зақ - Дулат ақыны жасамақ бол­ып, қадірлі ақсақалдарымыз Өмір­­­бек Байгелді мен Шер­хан Мұртаза, филология ғылым­дар­­ы­ның докторы Сауытбек Аб­драх­­манов арқылы бүкіл қа­зақ халқын, қазақ мемлеке­тін ұятқа қалдырып отырған ала­­­яқ­­­тығы­­­на қатысты аран­да­­тушы өтіріктері мен жалған аударма­ларын әшкерелу болмақ.

Біз, осыған дейін үстіміздегі жылдың 1-қазанында «Қазақ­стан» атты газет бетінде «Тарих­тың түйінін сізше тарқату күнә, сенатор Өмірбек Байгелдіге аш­ық хат» жариялап, жаңылыс бас­­­қан қадамдарына сын айтқан едік.

Ал, сол газеттің 15-қазандағы санында «Қытай ақыны Ли Бай шынында қай жерде туған?» деген көлемді зерттеу мақала жарияладық. Ол мақалаларда негізінен Ли Бай, Ли Тай Бай аталған ақынның түп-тұқиянынан қайыратын ата шежіресі мен қытай жазба деректері және қытай либайтанушыларының 1000 жылдан бері жазған-сызғандарынан дәлел келтіре отырып, оның ешбір талассыз шәк-шүбәсіз қытай азаматы екендігін, тек, оның туған жері туралы әр түрлі болжал пікірлер бар екенін айтып, түйінді қорытынды талдауымызды жасаған болатынбыз. Уәжге, қисынды сөзге тоқтаған қазақ екеніміз рас болса, менің қарсы пікірлестерім туралыққа тоқтар, алдамшыға арандап қалғанын кеш те болса түсінер деп үміттенемін. Әйтсе де, ол екі мақаламда Мұхтархан Оразбайдың тарихқа, ғылымға мүлде жат, жымысқы айла тәсілмен, болмағанды болдырып, жазба деректерді қасақана бұрмалап қытай тілін білмейтін қазақстандықтарды қалай адастырып, арандатқан фактілеріне арнайы тоқталмаған едім. Бұл ретте Мұхтарханның аңқау елге арамза молдалық жасап, Тазша балаша ойдан құрастырған «40 өтірігінің» басты-бастыларына арнап, ол шатастырған тарих түйінін тарқатуға септігім тие ме деп қолыма қалам алдым.

1-өтірік Қытай Ли Байдан Елібай, Ли Тай Байдан Елдібай, оның әкесі Ли Кы­дан Алқа би, арғы атасы Ли Гуй мен, Ли Хаудан Дулат баба жасап шығару үшін ойлап табылған ғылымға, тарихқа жат аран­­датудан бастау алады. Сондықтан ал­­да сөз болар Мұхтарханның «қырық өтірігінің» арқауына айналған осы өтірік­тің қыр-сырын аша отырып зерттеуімізді жал­­ғас­­­тырамыз.

Бес мың жылдық жазба тарихы бар Қытайды айтпағанда, дүние жүзінде өмір сүріп жатқан қай ұлт, қай ұлыстың аты-жөні мен ата-анасының ныспысын басқа тілге аударып, тарих, шежіре жазғанын көрген, білген адам бар ма, өзі?.. Өкінішке қалай біздің кеудемсоқ, шала сауатты тарихшы-шежірешісымақтарымыз талайдан бері жер-су атауларынан, ру-ұлыс аттарымен жеке атаулардан өзіне керекті қазақша мағына іздеп, оны өздерінше тапқансып, жаңалық ашқансып еліріп келеді.

Ғылымға, тарихқа қинаттан, шатастыру­дан басқа берері жоқ осындай теріс ағым­ға тоқтау салар уақыт жетті, ағайын!

Қытай жазба тарихына ең ертеде түс­кен, әрі ең көп таралған байырғы фами­­лия­­лар­дың бірі, тіпті Қытай тарихы­на өш­пес­тей із қалдырған әйгілі патшалар мен уәзірлер, әскер басылары мен елшілер, ақын-жазушылар мен өнер адамдарына ат-фамилия болып «Ли әулеті» атанған миллиондаған Лилердің ішінен үш-төрт Лиді бөле-жара қазақшалап алып «жа­ңа­­лық» ашпақ болу барып тұрған со­­ра­қылық, қазақ халқын ақымақ ету­­ден басқа еш нәрсе емес екенін баса айтқы­мыз келеді.

Осы арада Мұхтарханнан мынадай сұ­рақ­тарға жауап алғымыз келеді.

1) Ли Бай деген қытайлық адам атының ата­уының алдыңғы Ли сыңарын қандай тіл­­дік заңдылыққа сүйеніп «Ел, Елді, Елі» деген қазақ сөзіне айналдырдың? «Ли» мен «Ел» арасында қандай да бір ­ма­­ғы­на­­лық немесе үндестік үйлесім бар ма?

2) Ли Байды - Елібай, Ли Тай Байды - Елді­бай деп қазақшалағанда сүйенген ережең бойынша Ли Байдың әкесі Ли Кыны «Елі Би» болмай, неліктен ол «Алқа би» болып түрленіп кетті? Ли Байдың аузына «Мен Дулат бабаның тоғызыншы ұрпағымын» деп сөз салғанда, Ли Байдың арғы аталары болған Ли Гуаң мен Ли Хаудың «Ли» фамилиясына келгенде «Ел»-дің түсіп қалатыны қалай? Ли Байдың қарындасы «Ли Йо Юан» қалайша «Елі Толғанай «болмай», «Толғанай» болып қазақшаланды екен? Ал, «Ли Бай» дағы Бай сөзінің мағынасында қазақ тіліндегі «бай, манап» сөзіне ұқсастық деген мүлде жоқ нәрсе. «Ақ, жарық, анық» дегендерді білдіретін сын есім. Бірақ Мұхтарханға керегі ол емес, тек қазақтың «бай, манабы» ғана керек болғандықтан «Ел + і +Бай» немесе «Ел-dі-Баі» деп өте шығу керек болған. Ли Байға қатысты «Ли» әулетіне өзі қалаған қосымшалар мен сөз тудырушы жұрнақтарды тіркеп «Алқа би, Толғанай, Дулат баба» т.б. жасай беру Мұхтарханға не тұрады, тәйірі?! Әйт­кен­­мен, қарт тарих, жазба дерек кім көрін­ген­­нің қолындағы ойыншыққа айна­ла алма­­са керек.

Сондай мойны қатаң, діті берік тари­хи жазба деректің бірі, әрі бірегейі арты­на миллиондаған ұрпақ қалдырған қытай­дың Ли атты өскен, өнген, текті әулеті бо­ла­тын. Сондықтан да Қытайға кеңінен таны­мал Жаң Сан Ли Сы - пәленше, түген­ше, бәрі, жұрттың бәрі, екінің бірі егіз­­дің сыңары, ел, жұрт т.б. мағынада қол­данылатын мәтелдегі «Ли» сөзі ең көп, ең әйгілі дегенді білдіріп тұр.     Ендеше, қытайлар мыңдаған жылдық ата шежіресі бар «Ли» әулетін ХХІ ғасырда жолбике Мұх­тарханға барымталатып қойып қарап оты­ра қоймас.

Оқырмандарымызға түсінікті болу үшін өт­кен­­де жарияланған мақаламыздағы Ли Бай­дың ата шежіресі кестесін осы араға бе­ре кетуді пайдалы болар деп ойладық.

 

Мен бұл кестені «Елібай. Ли Бай. Ли Бо» ат­ты алтындаған әйдік кітаптың 99-беті­нен алып отырмын.

Мұхтархан өтірігінің ең сорақысы, әрі нағыз қылмыспен барабар өрес­­кел бұрмалауы осы шежірелік кес­тенің астыңғы жағында шежірені сыз­ған қытайлық автордың төрт тар­­мақ­ты «ескертпе» сөзін әдейі ауда­р­май тастап кетіп, бұл кестеге мүлде қа­ты­­­­сы жоқ, онда айтылмаған мына сөзді жазып қойғандығы: «Ақынның сақталған шежіресі, бесінші атасы түрік қағанатының ханы болған дейді».

«Оқымысты» Мұхтархан сенатор Өмір­бек Байгелді мен доктор Сауыт­бек Абдрахманов мырзаның көзін бақырай­тып қойып осындай жолсыздыққа бару­дан тайынбапты. Қазақстанда өзінен бас­қа қытай тілі мен жазуынан хабардар адам­­дар бар екенін, олар не дер екен деген­­ді мүлде есіне алғысы да келмеген.

Егер де «Елібай» кітабын шығару алқа­­­сындағы бір адам болса да, «мына шежі­ре­лік кестені қазақшалап берелік, сонда жұрт­­тың көзі біздің айтқанымызға анық жетеді» дегенде, Мұхтархан осындай қыл­мыс­­тық жолмен қазақ халқын ақымақ қылу­­ға бата алмас еді ғой.

Ли Байдың ата шежіресіне байланысты 4 ес­кер­тпені тастап кетуінің мәнісін аудар­ма­мен танысқан көзі қарақты оқырман­дардың өздері-ақ білетін болады.

1) Ли Байдың ата тегі туралы тайуандық ғал­ым­дар Го Шияң Лин, Жу Венгу және бас­қалардың айтуларына қарағанда, Ли Бай Жияң Чың немесе Юан Жидің әулеті көрінеді. Соңғы кезде оны Зұң Лидің әулеті деушілер де шыға бастады.

2) Жаң Шучыңнің (ЛанЖоу университеті) пікірінше Ли Байдің ата тегі Хан дәуіріндегі Ли Лиңнің әулеті болып табылады, Батыс өлкеге кетіп қалған.

3) Ал «Ли Байдың ата тегі шежіресі туралы түрлі пікірлерге талдау» деген еңбегінде Жияң Жы: «Ли Бай Ху саудагерінің ұрпағы да емес, Ли Лиңнің ұрпағы да емес, тіпті ТАҢ дәуіріндегі Лилердің әулеті де емес, ол жарлы-жақыбайдан туған, оның әкесі Тау Юанмйң секілді бір қаңғыбас болған» - деп жазады.

4) Бұл шежірелік кестеде ХАН патшалы­ғының сардары (генералы) Ли Гуаңнан Ляң У, Жау Ваң Хауға дейін жалғасып ке­ліп, одан әрі Ли Гуиден бастап, оның әкесі болған Ли Кыге дейінгі аралықта екі үзіліс бар, осындағы шежірелік үзілістер онша нақ­тыланбаған. Ол мамандардың одан әрі зерттеп-зерделеуін күтіп тұр.» (Елібай. Ли Бай. 99 бет).

Олай болса, Ли Байдың ата шежіресінің немесе оған берілген төрт ескертпенің қай жерінде оның «Бесінші атасы түрік қаға­натының ханы болған» деп жазылған екен?

Әр кім осылайша жоқты бар деп, тарихи дерек көзін белден баса бұрмалап, ойына келгенін жаза берсе тарих тарих болудан қалмай ма? Әзірдің өзінде Мұхтархан Ораз­­бай бүкіл қазақ халқын, оның ғы­лы­мын, тіпті қазақ мемлекетін ұятқа қал­дыр­ып үлгерді.

Қытайлық Ли әулетінен шыққан Ли Байды Шу өзені бойында Дулат баба­ның 8-ұрпағы (Ли Бай 9-ұрпақ деген сан­дырақ бойынша) Ли Кы (Алқа бидің)-ның отбасында дүниеге келтіргісі келген ағайы­­ндардың көзін тарихи шындыққа жет­кізе түсу үшін жоғарыдағы төрт ескер­тпенің ішіндегі кейбір ұғымдарға түсінік бе­ре кетуді жөн санадық.

1) Ли Бай «Ху саудагерінің ұрпағы емес» дегенде зерттеуші хұндардың ұрпағы да емес деп тұрған жоқ. Мұнда УІ-ІХ ғасыр аралығында көк түріктер мен табғаш (таң патшалығы) ордасына кіріп, орнығып алып, Шығыс пен Батыс арасындағы бүкіл саудамен дипломатиялық барыс-келісті қолдарында ұстап тұрған соғдалық (тәжік-парсы) көпестерді меңзеп тұр. Сол арқылы қытай ғалымы Ли Байдың түрік текті еместігі түгілі, соғдалықтарға да қатысы жоқ екенін айтып тұр.

2) «Тау Янмиң секілді қаңғыбас бір­еу­дің ұрпағы болуы мүмкін» дегені - қытай тарихында кезбелік пен тәркідүн­иялықтың символына айналған Шығыс Жин патшалығы дәуірінде (317-420) өмір сүрген (бүгінгі Жиаң Ши өлкесінің адамы) өршіл, бунтар ақын болатын. Ол, кейде қоғамдағы әділетсіздіктерден жиіркеніп, ығыр болғанда иен далаға, тау-тасқа безіп кетіп қаңғыбас тірлік кешетін.

Ли Байдың әкесі Ли Кы сондай қаң­ғыбас адам еді демекші. Олай болса, жо­ға­ры­­дағы қытайша шежіреде де, оған жаз­ы­лған ескертпе-түсініктемеде де жоқ «Түрік қағанаты, бесінші атасы, ханы» де­ген түсінік» қайдан шықты? Әрине, Мұхтар­­ханның қалтасынан шықты.

Ендеше, Мұхтарханның жалған ақша жасаған қылмыскерден қандай айырма­сы болғаны?

2-өтірік Ли Байдың әкесі Ли Кыдан «Алқа би» жасауға ұрынудан туындаған көп өтіріктің ұйытқысы деп біліңіздер.

Мұхтархан ол туралы ешбір тарихи дерек көзі­не сүйенбейтін әкесі Оразбайдың ар­ғы аталары туралы шежіре шертіп отыр­ғандай-ақ былай деп көсіледі:    «... он­ың әкесі Алқа деген адам. Ол қазіргі Та­раз қаласындағы белгілі ел билеген шон­жарлар мен шайқыларға жататын оқы­мысты, аса зиялы адамдардың бірі бол­ған. («Елімен қауышқан Елдібай ақын». «Әдебиет» баспа үйі. Алматы. 2008. 10-б.)

Мұхтархан осылайша «Алқаны» қолдан туғызғандай етіп баяндай келе оған мы­на­дай мінездеме де беріп тастайды: «... ірі шешен, белді ғалым, қылышкер, қамшы­гер, өнерлі билердің бірі болған. Сол се­беп­ті Алқа шақырған басқосуларға бар­май­­тын жан баласы болмаған деседі тари­хи деректерде». (12-бет).

«Доктор» Мұхтархан мырза, сен тұ­ман­дата сілтеме жасайтын «тарихи дерек­терді» қайдан, қалай табуға болады? Ондай бұлтартпас «жазба деректерден» неге бір рет болса да үзінді келтіріп кет­пей­сің?

Мен дәл сол дәуірді, яғни ерте Орта ғас­ыр­­ды жүйелі зерттеген адам едім. Сон­дықтан қытай жазба деректері мен Ор­хон-Енисей тас жазбалары мәтіндерін қытай, түрік, ұйғыр, қазақ, орыс түрколог­тарының зерттеу еңбектерін салыстыра қарастырғандықтан, сен емексіткен «Қы­тай тарихи жазбаларынан» Ли Кы - «Алқа би» ғана емес, жалпы «Ли» әулетінің біздің жерімізде болғаны жөнінде ешбір жазба дерек жоқ екеніне куәлік ете алатынымды ашық мәлімдеймін.

Доктор мырза, өзің қолыңнан туғызған «Алқа биіңнің» артына қалдырған қан­дай шешендік сөздері мен ғалымдық еңбектерін атай алар едің?

3-өтірік Ли Кының арғы аталары жөнін­­дегі мына сөздерінен өрбиді: «Оның арғы аталары да кезіндегі ғұндардың империялық ірі одағын құрған, тарихтағы бес белгілі елдің бәрі (?) болған Ду Лу (dulu) тайпасынан шыққан. ... Сол тарихи кезеңдегі (?) Дулу руының атақты батырлары, ақылгөй аталары, тарихтағы 16 рулар бірлесіп құрған (?) ғұндардың үлкен империялық одағы «он алты ұлысты» (?) басқарған мәртебелі адамның ішін­де болған еді делінеді қытай жазба деректерінде» (12-бет).

Мен, 1998-жылы «ҚАНТ» баспасынан басылып шыққан екі томдық «Ұлы хұн импе­рия­­сының тарихы» атты кітапты түрік тілінен аударып едім. Кітапқа енген тарихи деректер Қытай тарихының атасы делінген Сы Машиянның «Тарих-намасы» мен көне және жаңа «Хан-на­­ма­­дан» алынғандықтан тарихқа қаты­сты кітаптарды, зерттеулерді мүм­кін­­ді­гінше тауып оқып, екі томдықты зерт­­тей аударғанмын. Сол тұста қытай тарих­шылары Ваң Миң Жы мен Ваң Биң Хуалар жазған «Үйсін туралы зерт­­теу» атты еңбекті мұқият оқыған едім. Ол кітапты 1989 жылы Үрімжіде Н.Мұхаметхан­­ұлы аударып бастырған болатын.

Мен білетін тарихта, ғұндар құрған «им­пери­ялық одақ» дегеннің құрамында «тарих­тағы бес белгілі елдің бірі болған Дулу­лар» жөнінде ешқандай жазба де­рек жоқ. Ал, жаңылтпаштай шатасқан «тар­их­тағы 16 рулар бірлестігін құрған, ғұн­дардың үлкен империялық одағы «он алты ұлысты» басқарған мәртебелі адамның ішінде болған еді делінген» қытай жазба дерегін Мұхтархан тауып бермесе, біз жоқтан бар жасай алмаймыз.

Көзі қарақты оқырмандар Мұхтарханша тарих жазудың қаншалық күлкілі әрі қауіпті екенін парықтай жатар.

4-өтірік «Алқа би» жөнінде ойдан шығарған «Алқалы кеңес құру» дейтін ойжотаға құрылған. «Алқа биді» жеке­шелендіріп алған Мұхтархан, енді қазақ сөздерінің этно-лингивистикасына қол салып, «қазақтарда әлі күнге дейін «алқа­лы кеңес құру» деген сөз бар. Бұл арада Алқа бидің ел азаматтарын мақұлдасуға бола керісе отырып келістіретін, өте ертеден қалыптасқан, ұлттық ерекшелікке айналған, озық салтты қазақ даласына орнатқан адам ретінде аталады. ... Ол жөнінде көптеген мәліметтер бар» (12-бет) деп көсіледі.

Әттең, сол көпірген «көптеген мәлімет­тердің» тым құрыса бірерін доктор Мұх­тар­хан жарияға шығара алса жарар еді.

«Алқа, алқалы кеңес құру» - бұл сөздер мен сөз тіркестері УІІ ғасырда өмір сүр­ген «Он оқ бұдұнның» сөздік қорында болғанына қандай тілдік айғақ келтіре алар екен, Мұхтархан? Әрине, келтіре алмайды. «Алқалы кеңес» - «Күлтөбенің басын­да күнде кеңес» тіркесімен заман­дас, мұндағы сөз екені белгілі.

Тарих ғылымында қалыптасқан, бұл­жы­мас заңға айналған тарихты зерттеу әдіс-тәсілдері болушы еді. Тарихи оқиға­лар мен тарихи тұлғалар туралы сөз бол­ғанд­а, сол заманда, тіпті болмаса, одан кейінгі дәуірлерде қағазға түскен жазба деректерге арқа сүйей отырып зерттеуші өз тұжырымын айтатын сияқты еді. Біз­дің Мұхтархан ондайға пысқырып та қарамай, қызыл сөзді қыпығымен са­пы­рады екен. «Аңқау елге арамза мол­далықтың» қазақы үлгісі. «Ол жөнінде көптеген мәліметтер бар. ... Ол жөнінде қытай жазбалары жан-жақты сырлар шертеді»деген сияқты бос сөздермен тарихи жазба деректерді оқып-пайдалана алмайтын оқырмандарының мысын баса қоқиланады. Шын тарихшы, тарихқа адал зерттеуші алдымен сол «жазба дерек­терді» бұлдамай, бұлдыратпай оқыр­ман на­зар­ына ұсынар болар. Ал, қолында ешқан­дай тұрлаулы дерек-дәйегі жоқ Мұхтар­хандар ғана солайша орғып, ора­ғы­тып өте шыққысы келеді.

Бұдан түйер түйініміз: Қытай жазба дерек­терінде Мұхтархан қолдан жасаған «Алқа биге» қатысты ешбір сөз жоқ, бол­уы да мүмкін емес.

Ендігі сөз Мұхтарханның Ли Кыны (Алқа би) Шу-Суябтан қытай қорғаны іші­не көшіріп апаруы жөнінде ойдан шы­ғар­ған, тарихты шатастырған нағыз аран­да­тушылық қылығына арналады.

5-өтірік Мұхтарханның «отаншыл» Ал­қибиінің Суяб-Шу өңірін тастай қашып, Қытайдың ұлы қорғанына бар­ып паналауына байланысты тарихқа жасал­ған кешірілмес қиянатынан өрбиді.   Мұхтар­хан өзі жете білмей шатасумен қой­май, жұртты да шатастырып Түркештер ту­ра­лы мынадай қате ақпар таратады.

«Қазақ даласын бір замандарда биле­ген Батыс түрік қағанатының Түркеш хан­дығы, жетінші ғасырдың соңынан бас­тап, тұс-тұстан жасалып жатқан әр түр­лі шабуылдар салдарын ел ішіндегі сая­си, экономикалық жақтарда күрделі жағдайға тап болды» дейді. (13-бет).

Мұндағы «Батыс түрік қағанатының Түр­кеш хандығы» деген не жаңылтпаш? Дұр­ысы - Батыс түрік қағанаты ау­ма­ғында, ежелгі үйсін жерінде «он оқ бұдұн­ның» белді тайпасы Түркештер құрған (692-766) қағанат. Хандық пен қағанат мәртебесі жөнінен парықты мемлекеттік құрылымдар.

YІІ ғасырдың соңынан бастап Түрке­штер Мұхтархан жазғандай азып-тозуға ем­ес, өз алдына шаңырақ көтерген жас мемлекеттің тәуелсіздігін нығайту жолын­да табанды күрес жүргізіп, Орталық Азия­дағ­ы ықпалды күшке айнала бастағаны тар­и­хи шындық. Мен «Түркеш қағанаты» деген монографиямда оған жан-жақтылы тоқталған болатынмын.

6-өтірік ҮІІ ғасырдың соңғы ширегінде Орталық Азия мен Жетісуда қалыптасқан геосаяси жағдайды білместіктен немесе қасақана бұрмалаудан туындаған.

Сырттай, шола қарағанда УІІ ғасырдың соң­ында, нақтылап айтқанда 680-жыл­дар­дағы геосаяси жағдайдың шиелені­сіп кеткені рас болатын. Бірақ ол шие­ле­ніс Мұхтархан төндіре жазғандай түр­ік халықтары, оның ішінде «он оқ бұдұн­ның» елдігі мен мәдениетін ойран қы­лар апатты жағдайда емес, керісінше тәу­елсіз­дік жолындағы ақтық айқасқа кіріс­кен нағыз жұлдызды жылдарға тура келеді. Иоллұқ тегін Күлтегінге арнап жазған тас жазбада: «... түрік бектері түрік атын жоғалтып, табғаш бектердің табғаш атын тұтынып, табғаш қағанына бағынды. Елу жыл ісін, күшін берді» деп күңірене ес­ке алған 50 жыл, 630-679-жылдар ара­лы­ғы болатын. Ал, 682-жылы Орхон бойында екінші Түрік қағанаты қайта қалпына келіп, Таң империясының әскерін ұлы қорғанның ішінде қуалап жүріп соққылай бастаса, оңтүстіктегі Табандар (Тибет) күшейіп Таң империясы билеп келген Қашқарияны басып алып, ұлы қорғанға қауіп төндірді.

Оңтүстік-батыста араб халифаты қуат­ты Иран патшалығын бағындырып, Азия­дағы құдіретті күшке айналған болатын. Бірақ оған дейін Батыс Түрік қағанаты иелі­гіне қауіп төндірер жағдайда емес еді. Мінеки, қалыптасқан осы геосаяси жағ­дай «он оқ халқы» үшін барынша қолайлы болғанын баса айтуға тиіспіз.

бірінде, түркештердің Баға тарханы Өжелі, Табғаш қағандар билеп келген Су­яб бекінісін шабуылмен алып, үлкен Орда­сын осында әкеліп орнатты да, кіші Орд­ас­ын Қойлық бекінісінде қалдырды. Бұ­ны тәптіштеп отырудағы мақсатымыз, Мұхтар­хан бұрмалап түсіндірмек болған тари­хи шындықты көрсету.

Мұхтархан мадақ сөзін жаудырған «Ал­қа биін» Суяб, Талас қалаларын тастап кетуге мәжбүрлеген» қара түнек заман дегені, оның керісінше, Өжелі Баға тархан бастаған «он оқ халқы» Батыс түрік қағанаты аумағынан Таң империясының отарлаушы армиясына арқа сүйеген «Табғаш қағандарды» қуып тастап, ел іргесін бекітіп алған 705-706-жылдарға сәйкес келеді. Тарихи шындық осылай!

Осы арада Елдібай, Алқабишіл Мұхтар­ханға мынадай сұрақ қойсақ, қалай жауап берер екен?

Бірінші сұрақ: Жетісу мен Орталық Азияда қалыптасқан түрік халықтарына, он­ың ішінде Мұхтарханша айтқанда «мың­­даған жылдық бай мәдениетке ие қа­зақ-дулаттар оның ғұлама ғалымы, айт­қа­ны екі болмайтын Алқабилеріне туған қолай­лы тарихи жағдайда, «Алқа би» неге туған жерін тәрк етіп үрім-бұтағын арқа­лап мыңдаған шақырым шалғайға қа­ша көшеді?

Екінші сұрақ: Дулаттардың ақылгөй қам­қоры, асқан патриот «Алқа би» Жетісуды тастай қашуға мәжбүр болғанның өзінде ол неге қандас, тағдырлас көк түріктерге, олар құрған Түрік қағанатына кетпей, түрік халықтарының ата жауы болған Таң империясы иелігіндегі Шу-Сычуан жері­нен пана іздейді?

Халқымызда «өтіріктің өзіне сенбе, қисы­нына сен» дейтін мысқыл сөз бар. Мұх­­тар­ханның «қырық өтірігінен» сол құр­ғыр қисынды таппай дал болады екен­сің...

7-өтірік оның мына бір абзац сөзінде айтылған 4 бірдей шылғи өтірігінен туын­дай­ды. Доктор мырза былай көсі­леді: «...аласапыранды өзгерісті, жаны тө­зіп қабылдай алмаған Алқа би б.з. 713-жылы тұтас туыстарын бастап, Шы­ғы­с­тағы түріктер басқарып отырған қы­­тай­мен шектесетін Дөң-хана   жеріне көше­ді. Ондағы ертедегі рулас, аталас, қан­­­дастарын паналайды. Осы кезде Елі­бай он екі жасқа келген еді» (13-бет)

1) Алқа би тұтас туыстарын алып 713-жылы көшті деген мүлдем сандырақ. Ли Байды Суябта туған деп есептейтін са­нау­лы қытай авторларының өзі де, энцикло­педиялық сөздіктерде де оны 705-жылы СыЧуанның Жияңю өңіріне көшіп келген еді деп жазып келеді. 713-жыл деп жазған «оқымысты» Мұхтарханнан басқа бір пен­де жоқ.

2) «Шығыстағы түріктер басқарып отыр­ған Қытаймен шектесетін жер» деп емексіткеніне қарап, Шығыс түр­ік қа­ға­нат­ын айтқан шығар деп қалмаң­ы­здар. «Дөң-хана» деген Алқа бидің «қан­дас, аталас, руластары» тұрып жатқан бүгінгі Ган­су өлкесінің батыс қақпасын айтып отыр. 705 немесе 713-жылдары Таң импе­риясы билеп тұрған Гансу (Кеңсу) өлке­сінде қайдағы түріктер басқарып тұрған жеке хандық, иелік? «Алқа бимен рулас, аталас» қандай адамдар билік басында отырған екен?

3) «Дөң-хана» дегені қандай «хана» бол­ды екен? Қытайлар «Дүн хуаң» деп жаза­тын жағрафиялық атаудан ешқандай қа­зақ­ша «Дөң» мен парсыша «хана» мағы­насы шықпайды. «Дүн хуаң»ның қытай жазба деректеріне ілінгеніне кемін­де 2000 жыл болды. Ал, түрік халық­тары тіліне араб, парсы сөздерінің ене баст­ағаны, сол қатарда сөз тудырушы «хана» қосымшасы жалғана бастағаны ІХ-Х ғасырлардан бері қарай десек қателе­спеспіз. Мұхтарханша белден басу, жоқтан бар жасаудың үлгісі бұл,,,

4) «Осы кезде Елібай 12 жасқа келген еді» деп жаза салу да «оқымысты» Мұх­тар­ханға не тұрады, тәйірі?! Тарихи де­рек-дәйек дегендер оның қалтасында тұр емес пе? Егер де мың жерден алғыр, ерек­ше дарынды бала болғанның өзін­де Мұхтархан көпірте мақтағандай «... қазақ даласын туа сала сүйе білген дарынды ұл, бес жасында тарихи қа­зақ дастандарымен сусындаған жан» бол­уы ақылға қонбайды-ақ. Сол үшін Ли Байды бес жасында қазақтың тари­хи дастандарымен сусындату күмән тудыра­рын білгендіктен Елдібайын кәмелетке толтырып барып ішкі Қытайға апарғанды жөн көрсе керек.

Бұл өтіріктің жай-жапсарын ашу үшін оған арнайы тоқталамыз. Өйткені ол Мұхтар­хан ойлап тауып, сенатор Өмірбек Байгелді мен доктор Сауытбек Абдрах­мано­втың басын шыр айналдырған сыйқырлы дұғаның өзі болатын.


Жалғасы бар

0 пікір