Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3344 0 пікір 28 Қазан, 2009 сағат 10:50

Қарағандыда банкомат арқылы $12 миллион ұрлау әрекетінің жолы кесілді

Қарағанды. 28 қазан. ҚазТАГ – Қарағандыда ірі банктердің бірінен банкомат арқылы $12 миллион ұрлау әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы Қарағанды облысы құқық қорғау және арнаулы органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды. Онда экономикалық қылмыстармен күрес мәселелері қаралды.

Қарағанды облысының прокуроры, үйлестіру кеңесінің төрағасы Әмірхан Аманбаев статистика мәліметтеріне сәйкес, облыста экономикалық қылмыстардың саны азайғанын атап көрсетті. Жыл басынан бергі тоғыз айда 345 экономикалық қылмыс ашылған, өткен жылдың сәйкес кезеңінде олардың саны 554 болған. Алайда прокурордың пікірінше, жағдай жақсарып отырған жоқ, ал мәліметтер қылмыстың осы түрін ашу деңгейінің төмендегенін, қаржы полициясы мен кеден органдарындағы жұмыстың нашарлағанын көрсетеді.

Кеңесте жылжымайтын мүлікке иелік ету құқығын заңсыз алу, несиелік алаяқтық және банк саласындағы қылмыстар жеке қаралды. Тоғыз айда Қарағандыда осындай қылмыстарға қатысты 487 арыз тіркелген. Соның ішінде, облыстың қаржы полициясы келесі оқиғаны жария етті: ірі банктердің бірінің банкоматы арқылы 12 млн доллар ұрлау әрекеті жасалған. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Қаржы полициясы мұндай қылмысты банк қызметкерлерінің қатысуынсыз жасау мүмкін емес деп есептейді.                                                                           

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621