Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5503 0 пікір 27 Қазан, 2009 сағат 04:51

Алматы облысында танымал жазушы, журналист, көрнекті қоғам қайраткері – Балғабек Қыдырбекұлына ескерткіш ашылды

Алматы облысы. 26 қазан. ҚазТАГ- Жамбыл ауданы Балғабек Қыдырбекұлы аулында танымал жазушы, журналист, көрнекті қоғам қайраткері – Балғабек Қыдырбекұлына кеуде мүсін - ескерткіші ашылды. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бұл шараға байланысты салтанатқа облыс әкімі Серік Үмбетов те қатысты.

Салатанатты митингіде сөйлеген сөзінде облыс әкімі Серік Үмбетов, кезінде Балғабек Қыдырбекұлымен бірге Қазбек-биге ескерткіш ашқанын, енді оның өзіне ескерткіш ашып отырғанын еске алды. Кеуде мүсіннің авторы - Қазыбек Жарылғапов.

Б. Қыдырбекұлы жайлы ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, профессор Тұрсынбек Кәкішев, жазушының достары мен әріптестері тебірене сөз толғады. Салтанат аясында дәстүрлі құдайы тамақ берілді.

С. Үмбетов пен салтанатқа қатысушылар Қ. Балғабекұлы атындағы мектепте болып, мултимедиялық кабинеттермен, мемориалды мұражаймен, спорт залымен танысты.

Таран ауылдық округ әкімі Дүйсен Нұрғисановтың айтуынша, Қ. Балғабекұлы атындағы ауылда 2 мың 117 адам, немесе 507 жанұя тұрады екен. Көп жылдан бері бұл ауыл Таран аталған, сондықтан ауылдық округ атауы осыдан алынған. Тоқсаныншы жылдардың соңында ауылға Қ. Балғабек есімі берілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3513