Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3759 0 пікір 27 Қазан, 2009 сағат 04:49

БЕНЗИННІҢ КӨТЕРМЕ САУДА НАРЫҒЫН ІРІ КОМПАНИЯЛАР МОНОПОЛИЯЛАП АЛҒАН

ҚР БҚА жауапты хатшысы Нұрлан ӘБДИ:

БЕНЗИННІҢ КӨТЕРМЕ САУДА НАРЫҒЫН ІРІ КОМПАНИЯЛАР МОНОПОЛИЯЛАП АЛҒАН

Астана. 26 қазан. ҚазТАГ – Әділ Орманов. Қыркүйек пен қазан айлары Қазақстанның жағар-жанармай (ЖЖМ) нарығындағы сілкініске толы болды. Үкімет пен монополияға қарсы күрес ведомстволары қатаң шаралардың көмегімен жағдайды едәуір реттей алды. Дағдарыстың себептері мен нарықты реттеу тетіктері туралы ҚазТАГ агенттігіне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау агенттігінің (БҚА) жауапты хатшысы Нұрлан Әбди айтып берді. 

- Сіз ЖЖМ нарығының бүгінгі күнін қалай бағалаған болар едіңіз? Ол бәсекелі ме, жоқ монополияланған ба? Неліктен сондай болды? Сіз агенттіктің осы бағыттағы жұмысы табысты деп есептейсіз бе?

- Бүгінгі күнге ЖЖМ-ның көтерме саудасын бірнеше ірі компания монополиялап алған, дәлірек айтсақ, бұл - «ПетроҚазақстан», «Гелиос» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» Суда үйі» АҚ топтары. Республика аймақтарындағы бөлшек сауда нарығы бәсекелі болып тұр.

БҚА-ның аталған бағыттағы жұмысы туралы айтатын болсақ, агенттік бәсекелестікті қорғау саласына басшылық ететін және тиісті тауар нарықтарында монополиялық әрекеттерге шектеу қоятын және тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғайтын мемлекеттік орган болып табылатынын атап өтуіміз керек.

ҚР БҚА жауапты хатшысы Нұрлан ӘБДИ:

БЕНЗИННІҢ КӨТЕРМЕ САУДА НАРЫҒЫН ІРІ КОМПАНИЯЛАР МОНОПОЛИЯЛАП АЛҒАН

Астана. 26 қазан. ҚазТАГ – Әділ Орманов. Қыркүйек пен қазан айлары Қазақстанның жағар-жанармай (ЖЖМ) нарығындағы сілкініске толы болды. Үкімет пен монополияға қарсы күрес ведомстволары қатаң шаралардың көмегімен жағдайды едәуір реттей алды. Дағдарыстың себептері мен нарықты реттеу тетіктері туралы ҚазТАГ агенттігіне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау агенттігінің (БҚА) жауапты хатшысы Нұрлан Әбди айтып берді. 

- Сіз ЖЖМ нарығының бүгінгі күнін қалай бағалаған болар едіңіз? Ол бәсекелі ме, жоқ монополияланған ба? Неліктен сондай болды? Сіз агенттіктің осы бағыттағы жұмысы табысты деп есептейсіз бе?

- Бүгінгі күнге ЖЖМ-ның көтерме саудасын бірнеше ірі компания монополиялап алған, дәлірек айтсақ, бұл - «ПетроҚазақстан», «Гелиос» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» Суда үйі» АҚ топтары. Республика аймақтарындағы бөлшек сауда нарығы бәсекелі болып тұр.

БҚА-ның аталған бағыттағы жұмысы туралы айтатын болсақ, агенттік бәсекелестікті қорғау саласына басшылық ететін және тиісті тауар нарықтарында монополиялық әрекеттерге шектеу қоятын және тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғайтын мемлекеттік орган болып табылатынын атап өтуіміз керек.

Монополияға қарсы агенттіктің негізгі міндеті - бәсекелестіктің дамуына қажет жағдай жасау болып табылады.

Агенттік жүргізген сараптаманың қорытындысы бойынша бензин мен дизельдік отынның негізгі жеткізушілері - «ПетроҚазақстан» Сауда үйі», «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі», «ПетроҚазақстан ҚұмкөлРесорсиз», «Гелиос», «Торғай Петролеум», Sinooil, «Достық Мұнай-Бейс» пен «Петрочайна Интернешнл Қазақстан» нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіміне, бензин мен дизелдік отынды сату бойынша Қазақстандағы басым немесе монополиялық жағдайда тұр деп енгізілген. Олардың бағаларын агенттік «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарық туралы» заңның негізінде реттейді. 

Агенттік мұнай өнімдері нарығындағы жағдай туралы зерттеу жүргізді. Соның нәтижесінде аталған нарықтағы бағаның қымбаттауына себеп болған келесі жағдайлар анықталды.

Жыл сайын ҚР-да өңделетін мұнайдың 45%-дайы Ресейден импортталады. Одан басқа, жоғарғы октанды бензин өндіру көлемі ішкі нарық сұраныстарын қанағаттандыра алмауы себепті Қазақстан ішкі нарықтың жалпы көлемінің  30%-дайын Ресейден импорттайды.

2009 жылдың 9 айында 1872,7 мың тонна бензин өндіріліп, ол былтырғы осындай аралықпен салыстырғанда 1,3% аз болды. Тамызда 253,06 мың тонна, қыркүйекте 241,13 мың тонна өндірілді де, ол былтырғы осындай аралықпен салыстырғанда тиісінше 29% бен 15% артық болды.

Биылғы жылдың 9 айында бензин экспортының көлемі 128,6 мың тонна болып, ол былтырғы осындай аралықтан 4% аз болды. Оның ішінде тамызда 19,2 мың тонна, қыркүйекте 14,3 мың тонна болды. Бұл ретте, былтыр шілде айынан бензин экспортына тыйым салынған.

Бензиннің 9 айдағы импорт көлемі 631,6 мың тонна болып, былтырғы осындай аралықтан 22,4% кем болды. Бұл ретте тамызда 61 мың тонна бензин импортталса, қыркүйекте 39,4 мың тонна болып, былтырғы осындай аралықпен салыстырғанда тиісінше 20,6% және 71,4% аз болды.

Соның нәтижесінде бензинді ішкі нарыққа жеткізу көлемі қыркүйекте былтығы қыркүйекпен салыстырғанда 81,3 мың тоннаға азайып, немесе 23,4%-ға кеміді. (347,5-тен 266,2 мың тоннаға).

Қыркүйекте бензин импорты тамызбен салыстырғанда 35% азайды, оның ішінде А-80 18,2%, Аи-92 52%, Аи-96 2,7% азайды.

Оған қоса, ресейлік жеткізушілердің бензин бағасын көтеруі байқалды. Мысалы, А-80 бензинінің қыркүйектегі бағасы тамызбен салыстырғанда 8,2%, Аи-92 - 9,7%, Аи-96 - 3,4%, Аи-98 - 3,3% қымбаттады.

Және де Ресейден импортталатын А-80 бензинінің бағасы, кедендік төлемдерді, ҚҚС-ы, акциз бен басқа да шығындарды есептемегенде отандық көтерме жеткізушілердің бағасынан  35%-дай, Аи-92 - 19% қымбат. Соның нәтижесінде ішкі нарықта тапшылық пайда болды да, ол ішкі нарықтағы бағаның көтерілуіне әкеп соқтырды.

БҚА ЖЖМ нарығын тұрақтандыру бағытында жұмыс атқаруда. Мысалы, агенттік пен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолданған шаралары нәтижесінде, бұл өңірдегі ЖЖМ бағасы тұрақтады, қазіргі баға шілдедегі деңгейге оралды. Қазіргі уақытта агенттіктің территориялық бөлімшелері мұнай өнімдері нарығындағы нарық субъектілеріне қатысты олардың монополияға қарсы заңдарды сақтау мәселесіне байланысты тергеу жүргізіп жатыр.

Біз тоқсан сайын өңделген мұнай, мұнай өнімдерін өндіру, МӨЗ-дерден республика аймақтарына мұнай өнімдерін жөнелту көлемін талдап отырамыз. Апта сайын республиканың аймақтарында ЖЖМ бағасының ауытқуларына, оның себептерін талдай отырып, мониторинг жүргізіледі. ЖЖМ-ды талонмен жіберудің негізділігі мен жасанды тапшылыққа жол бермеуді қадағап отырамыз.

Агенттіктің аймақтық бөлімшелері апта сайын мұнай өнімдерінің аймақтық жеткізушілермен ЖЖМ-ға жасанды тапшылыққа жол бермеу және осы нарықтағы бәсекелстікті шектемеу мақсатында кездесу өткізіп тұрады.

- Агенттіктің негізгі мақсаты әділ бағаны қамтамасыз ету деп есептейсіз бе, әлде ЖЖМ өндірушілері мен сатушыларының арасында сөз байласу қиын немесе мүмкін емес жағдай жасау деп есептейсіз бе?

- БҚА-ға әділ бәсекелестік дамитындай қажет жағдайды жасау, баға туралы алдын ала сөз байласумен, жауапкершіліксіз бәсекелестікпен, басым және монополиялық жағдайды асыра пайдаланумен күресу міндеті жүктелген. Тауар нарығындағы бәсекелестіктің одан ары даму шарттары заңмен бекітілген. Әділ баға - тауар нарығындағы бәсекелестіктің даму жағдайын жасаудың салдары болып табылады.

Нарықтық қарым-қатынастың кез келген субъектісі мейлінше пайда көруге тырысады және бәсекелестік дамыған жағдайда оған «әділ емес» бағаны бекіту өте қиын болады. Бәсекелестігі жеткілікті нарықта әділ бағаның болуы субектілердің сөз байланысуын қиындатады.

Мысалы, ЖЖМ-ның көтерме нарығында субектілердің аз болуы олардың сөз байласуға ұмтылысы мен мемлекеттік реттеуден қалыс қалу шараларына ынталандырады. Айталық, Қазақстанда қазіргі үш МӨЗ-дің орнына он МӨЗ бар делік, көтерме нарықтың 70%-нан астамын қадағалап отырған 10 субъектінің орнына 50 субекті бар болсын десек,  мұндай жағдайда барлық субъектілердің сөз байласу ықтималдығы тіпті төмен болады.

- Қалайша бағаны реттеу мен көтерме нарықтағы ұсыныстың тұрақтылығы мүмкін болады?

- Жеткізулер мен ЖЖМ бағасын реттеу үшін ұзақ мерзімді перспективада жүйелі шаралар қабылдау қажет. Экономикалық қауіпсіздік мақсатында отандық МӨЗ-дерді отандық мұнай өңдейтіндей етіп жетілдіру мәселесін қарастыру өте маңызды. Бірақ бұл үшін тиісті ресурстар мен мемлекеттік қолдау қажет. Ең бастысы, ЖЖМ нарығының бағаның көтерілуі мен ЖЖМ тапшылығын тудырмайтындай оңтайлы балансын құру қажет.

Сондай-ақ, аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, ЖЖМ-нің аймақтық балансын енгізу де маңызды.

- БҚА ірі жеткізушілерге тәуелсіз ЖЖҚС (жанар-жағармай құю станциялары) үлесін арттыру үшін қандай әрекеттер қолданып жатыр?

- Қазақстанда барлығы үш МӨЗ бар, олардың ықпалындағы көтерме және бөлшек ЖЖМ жеткізушілер бар. Бұл кәсіпорындар басымдыққа ие тізімге енгізілген, олардың бағасын ТМРА реттеп отырады.

Аталған доминанттар бағасы, доминанттар болып табылмайтын субъектілердің бағасынан едәуір төмен және, тиісінше, олардың сату көлемі орасан зор, олар нарықта басым жағдайды алып тұрады. Сөйтіп, тәуелсіз ЖЖҚС-тар көп жағдайда ірі жеткізушілермен бәскелесе алмайды.

ЖЖМ-ның қол жетерлік әрі ашық нарығын құру үшін қазіргі уақытта энергетика және минералды ресуртар министрлігі «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру мен оның айналымына мемлекеттік реттеуді енгізу туралы» заң жобасын жасады. Онда, жалпы айтқанда, аталған нарықты дамыту мен ортадағы делдалдарды алып тастау қарастырылған. 

Одан басқа, ЖЖМ нарығындағы бәсекелестікті дамыту мен ахуалды тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік органдар мен ЖЖМ нарығының субъектілерінің қатысуымен нарықтағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі агенттіктің сарапшылар кеңесін құру шешімі қабылданып, ол 2009 жылдың қарашасында іске кірісетін болды.

0 пікір