Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3808 0 пікір 1 Қазан, 2009 сағат 09:05

Ғалым ҚАЙЫРЖАН. Қазақтың биліктегілерінің жаманы жоқ, Биліктен кеткенінің жаманнан аманы жоқ

Түкірігі жерге түспей тұрған бірінші хатшы Дінмұхамет ҚОНАЕВ ТӨЛЕБАЕВ көшесінен жеке үй салдырғаннан кейін, қазіргі АБЫЛАЙ хан мен БӨГЕНБАЙ батыр көшелерінің қиылысындағы бір қабатты түгел алып жатқан әйдік пәтерінің кілтін кешегі классиктерді көзі көрген жазушы Әлжаппар ӘБІШЕВке өз қолымен табыстаған екен. Арада шамалы уақыт өткенде жолығып, «қалай, пәтер ұнады ма?» десе, бойы бір қарыстан сәл-ақ жоғары Әлжаппар ағам: «бәрін қалдырғанда, жиналмалы сатыңызды тастамай кеткеніңіз қалай?» деген екен, бір бөлмені түгел алып тұрған кітап сөрелерінің жоғарғы жағына бойы жетпей жүргенін меңзеп. Димаш ағамыз сол күні кешке Әлжекеңе сатысын жеткізіп беріпті. Сөйткен Әлжаппар ағамыз Қонаев қызметінен кетіп, орнына КОЛБИН келгенде «алғашқы болып алдына барып, алдияр тақсырлап, аяғына жығылыпты» дегенді естігенде әрі-сәрі күй кешіп, «апырай-ә!» дегенбіз. Онан бері талай жыл өтті. Заман өзгерді. Қоғамдық құрылым өзгерді. Бірақ, адам өзгермеген екен.

 

«Өлдің МАМАЙ, қор болдың»

Түкірігі жерге түспей тұрған бірінші хатшы Дінмұхамет ҚОНАЕВ ТӨЛЕБАЕВ көшесінен жеке үй салдырғаннан кейін, қазіргі АБЫЛАЙ хан мен БӨГЕНБАЙ батыр көшелерінің қиылысындағы бір қабатты түгел алып жатқан әйдік пәтерінің кілтін кешегі классиктерді көзі көрген жазушы Әлжаппар ӘБІШЕВке өз қолымен табыстаған екен. Арада шамалы уақыт өткенде жолығып, «қалай, пәтер ұнады ма?» десе, бойы бір қарыстан сәл-ақ жоғары Әлжаппар ағам: «бәрін қалдырғанда, жиналмалы сатыңызды тастамай кеткеніңіз қалай?» деген екен, бір бөлмені түгел алып тұрған кітап сөрелерінің жоғарғы жағына бойы жетпей жүргенін меңзеп. Димаш ағамыз сол күні кешке Әлжекеңе сатысын жеткізіп беріпті. Сөйткен Әлжаппар ағамыз Қонаев қызметінен кетіп, орнына КОЛБИН келгенде «алғашқы болып алдына барып, алдияр тақсырлап, аяғына жығылыпты» дегенді естігенде әрі-сәрі күй кешіп, «апырай-ә!» дегенбіз. Онан бері талай жыл өтті. Заман өзгерді. Қоғамдық құрылым өзгерді. Бірақ, адам өзгермеген екен.

 

«Өлдің МАМАЙ, қор болдың»

Қазақ «батыр - бір оқтық» деуші еді. Арда туған азамат Заманбек НҰРҚАДІЛОВ тіпті, осы қағиданың да аясына сыймай, үш оқтық болды. Алаш жұрты болып, арулап жерледік. Алайда, әруағы ырза болатындай деңгейде артынан іздей алдық па?! Азаматтың «өзін-өзі үш рет атып, «суық тиіп қалмасын» дегендей көрпе жамылып, бүркеніп барып құлағанына» артында қалған, кешегі күні, ат үстінде жүргенде алдын көрген, шапағаты тиген зиялы қауым неге сенді? Көзінің тірісінде көпірме көп сөзбен мақтап, өзіне пәтер, баласына қызмет сұрап, алдынан шықпай қойған қалың зиялы неге үнсіз қалды?! «Біздің ЗАМАНБЕК!» деп мақтанған, көпшілігі Зәкеңмен жақындығының арқасында ғана төрге озып, бас ұстаған, ағайын-туысы қайда?! Неге іздемеді?! Жоқтаусыз қалатындай жәй қазақ емес еді ғой, Зәкең!

Жерортадан асқанда МАҚПАЛдай махаббатын тауып, МЕРЕЙдей қызды болмағанда, таза іздеусіз қалғандай екенін ойлағанда жаның жабырқайды.

 

«Ағайынның аты озғанша...»

Қаржы полициясы күлкі күні тұтқындаймыз деп өздері күлкіге айналған Жақсыбек ҚҰЛЕКЕЕВ қызметте жүргенде, басқасын айтпай-ақ қояйын, «Қазақстан темір жолынан» демеушілік қаржы сұрап, Жәкеңді жағалаған журналистер жетіп-артылады. Бірақ, басына іс түскенде сол шіркіндер ізім-қайым жоқ болып, қамауда жатқан азаматты тек ПЕТРУШОВА («Республика»), БАПИ («Тасжарған»), ЕРҒАЛИЕВА («Свобода слова») ғана іздеді. Неге іздеді?! Құлекеев жайлы - жазар өзге тақырып құрып қалғандықтан, жазбаған шығар! Бастарын бәйгеге тігіп, қаржы полициясы сияқты алпауытқа қарсы шығып, Құлекеевті қорғап шырылдағанда, олар - жемқорлық жайлаған, кері кеткен қоғамның қармағы биліктегілердің ішіндегі ең бір есі дұрысына салынғанын айтып, араша түсті емес пе?! Сонда олар - Құлекеев қызметте жүргенде оны паналап, сағалап, жағалап жүріп-ақ талай шаруасын түзеп алған, «бар болсаң көре алмайтын, жоқ болсаң бере алмайтын» ағайындарынан неге қолдау таппады? Жазықсыз қамауда жатқан азаматты неге Петрушова, Бапи, Ерғалиева және бірер партия ғана іздеді?! Қоғам неге үнсіз қалды?! Кешегі күні, ат жалын тартып жүргенде көмектескен, көтерген, өсірген қызметтес серіктері неге үндемеді?! Үкімет жиналысында қатар отырған министр-әріптестері неге бір ауыз жылы сөз айтуға жарамады? Бірақ, әңгіме онда емес. Басқада! Жартылай босанып, темір тордың сыртына шыққан Жақсыбектің сол жартылай бостандықтың саумал ауасының өзінен-ақ басы айналып, түрмеде жатқанда, «әттең-ай» деп бармақ шайнағанда түйген ойларынан жаңылып қалып жүрмесе болады-дағы.

 

«Ата-анаң бар болсын, аузы-мұрны жоқ болсын»

Күні кеше ғана «ТМД-дағы нөмір бірінші банк» болған БТА-ны мақтап, ода арнамаған адам аз. Бірақ, басына бұлт үйіріліп, ӘБЛӘЗОВ шет ел асып, банк шатқаяқтап қалып еді, сол ода арнағыштар өзге толқынға қосылып, өзурей таласып, өзгені жырлап жүре берді. Тағы да сол Петрушова, Бапи, Ерғалиевадан өзге ешкім  БТА туралы пәтуәлі сөз айтуға жарамады. Кешегі күні БТА- Банктің басқармасы «Әлем Арт» қоры арқылы миллион теңгелеп грант берген зиялылар кірген інінен шықпай, теріс қарап «ұйықтаған» қалпы, әлі жатыр! Сол миллион теңге сыйлықты «былтыр мен жюридің мүшесі болғанда ТҰМАНБАЙға алып беріп едім, биыл ол жюри мүшесі ретінде маған алып берді» деп «ағынан жарылған» Қадыр МЫРЗА-ӘЛІ ағам да жалқы сөз арнауға жарамады. Мүмкін, «Әлем Арт» қоры арқылы жұртқа қаржы заңсыз үлестірілген, 837 миллион теңге қаржы банкке қайтарылуы керек» деп, қор басшысы Данияр ШАБДУКАРИМОВты сотқа беріп жатқан БТА-ның тосын әрекеті қалтасын қағар жерге жеткенде сөйлейтін шығар. Бірақ, ол кезде айтылған сөзде қадір-қасиет бола ма?!

Аналар мен арулар аман болсын

Төрге озып, жамбас ұстар кезде алдына адам шығармайтын қазақтың азаматтары жазықсыз жапа шеккен тұлғаларды іздеуге келгенде іркіле береді. Тек, алған жары жақсылары ғана жоқтаусыз қалып жатқан жоқ. Мәселен, Ғалымжан ЖАҚИЯНОВ түрмеде отырған кезде атойлап әйелі ҚАРЛЫҒАШ шықты! Заманбек ағамды МАҚПАЛ ғана іздеуде! ТЕМІРӘЛИЕВтің жары АРМАНГҮЛ азаматтың қолынан келмес іс атқарып жүр! Мұхтар ЖӘКІШЕВті жоқтаған ЖӘМИЛӘнің әрекеттері қандай?! Рамазан ЕСІРГЕПОВті қолтығынан демеп, қолдаушы бола білген РАУШАНға қалай риза болмассың?! Дей келіп, «ердің жақсы болмағы ағашынан, баланың жақсы болмағы нағашыдан» деген қазақтың ұлы ретінде айтарым, анау-мынау азаматыңның өзін жүнжітіп жіберер қиындықтарға мойымаған, мен жоғарыда тізбектегендей аруларды жар еткен жігіттердің алды жарқын. Ал, соларды қапасқа қамап, қор етпек болған, ертең артынан, ең болмаса, әйелі іздей алмайтын «атқамінерлердің» тағдыры талайлы болмақ.

Түйін

Қорыта келгенде айтарым, биліктегісі бар, басқасы бар, еркек атаулы өзіндік пікір айтуға дәрменсіз дәрежеге жетіп, сұға берген сайын, бұға беретін «жаулығы жоқ қатынға» айналған қоғамда - ұрпағының, тым болмағанда, өзегін жарып шыққан ұланының бақытты болашағы үшін «алтын басты АНАның құсағында, алтын бесікті бала жататынын» дәлелдемек ниетпен арулар атқа қонып, генофондыңды түземесе бірер ұрпақ ауыспай жатып-ақ тәуелсіздігіңнің өзіне қатер төнеді ма деп қорқамын.

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір