Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3186 0 пікір 29 Қыркүйек, 2009 сағат 03:08

Әблязовтың іздеуге жарияланған ымыраласы өз еркімен Қазақстанға оралды – адвокат

Алматы. 28 қыркүйек. ҚазТАГ– Дилярам Аркин. БТА банктегі жымқыру фактілеріне байланысты қылмыстық іс бойынша халықаралық іздеуге жарияланған «Бетпақ Дала» ЖШС-інің жетекшісі Рифат Ризоев Қазақстанға оралды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне оның украиндық адвокаты Олег Туев мәлім етті. 

«Ол өткен сенбіде, қыркүйектің 26-сы күні кейбір БАҚ-тар жазып жатқандай қарулы жасақ жетегімен емес, ерікті түрде оралды. Қазіргі уақытта оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қарастырылды», - деді О. Туев.

Оның айуынша, Р. Ризоевтың оралуына Қазақстан бас прокуратурасы да септігін тигізген.

«Ризоев 1-ші сәуірде Алматының Медеу аудандық сотының қаулысына сай Украинада тұтқындалып, Киевтегі тергеу оқшаулағышына жатқызылған. М. Әблязовтің ықпалымен Р. Ризоев бұрын халықаралық Страсбург сотына арызданып, соның салдарынан аталған соттың ақтық шешімі шықпайынша, оның экстрадициясы мәселесі тоқтатылған», - деп түсіндірді О. Туев.

Укрианалық адвокаттың түсініктемесінен белгілі болғандай, оның қорғауындағы Ризоев «өз еркімен Страсбург сотына берген шағымын кері шақырып алып, Қазақстанға оралып, сондай-ақ Қазақстан тергеу органдарына көмектесу туралы шешім қабылдаған».

«Сондықтан мен адвокат ретінде қорғауымдағының қалауын орындап, Қазақстанның бас прокуратурасы мен БТА банкінің ісі бойынша құрылған ведомсвтоаралық тергеу тобының жетекшілеріне тиісті өтініштерді бердім», - деді ол.

Осыған байланысты, Алматының Медеу аудандық соты тергеу тобының өтінішін қабыл алып, айыпталып отырған Р. Ризоевқа қатысты оқшаулау шарасын ешқайда кетпейтіндігі туралы қолхатпен алмастырды.

«М. Әблязов («БТА банктің» экс-басшысы) жеке өзі де, және Украинаға келген жалдаған адвокаттары арқылы да, соңғы сәтке дейін оның отбасына қауіп төнетінін ескертіп, Р. Ризоевті отанына қайтудан бас тартуға үгіттегенімен, Р. Ризоев өз дегенінде тұрды», - деп түсіндірді О. Туев.   

Оның айтуынша, 22-ші қыркүйекте ҚР бас прокуратура өкілдері украиналық әріптестеріне оны оқшаулау шарасының өзгертілгені туралы қаулыны жеткізген. Сол себепті 25-ші қыркүйекте Украина бас прокуратурасының шешімімен Ризоев қамаудан босатылып, өзінің адвокатымен Қазақстанға оралып, қазір БТА банкіндегі жымқыру фактілері бойынша тергеу амалдарына қатысып жатыр. 

О. Туевтің айтуынша, тергеу қортындысы бойынша Р. Ризоевке қатысты оның өкініш білдіріп және тергеуге белсене көмек көрсетуі себепті қылмыстық қудалауды тоқтату мәселесі қарастырылады. «Р. Ризоевпен барлық келіссөздер М. Әблязовқа қатысты қылмыстық іс аясында жүргізілгенін және «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісіне Р. Ризоевтің ешқандай қатысы жоқ екенін атап өткім келеді», - деп нақтылады адвокат.

Бұл ретте, агенттікке ҚР бас прокуратурасының ведомсвтоаралық тергеу тобының жетекшісі Сәкен Ықсанғалиевтің айтуынша, Р. Ризоевтің Қазақстанға оралуы мен оның тергеу амалдарына қатысуына белсенді араласқан адвокат Олег Туев болған.

«Сондықтан Қазақстан бас прокуратурасының атынан біз оған ерекше алғысымызды айтқымыз келеді», - деп атап көрсетті ол.

Бұрын хабарланғандай, биылғы жылдың наурызында БТА банктің экс-басшысы Мұхтар Әблязов пен оның 13 ымыраластарының үстінен ҚР бас прокуратурасы қылмыстық іс ашқан. Олардың ішінде Р. Ризоев те бар. Қылмыстық істі қозғауға күдіктілердің банктен М. Әблязов басшылығы кезінде алдын ала қайтарылмайтын несиелерді үлкен мөлшерде беру арқылы заңсыз алынған пайданы жуу фактілері қылмыстық іс ашуға негіз болған. 

46 жасар Р. Ризоев «Бетпақ Дала» ЖШС жетекшісі және М. Әблязовтың сенімді адамдары қаратында болып, оның нұсқауымен М. Әблязовтың басшылығындағы көптеген оффшорлық компаниялардың жетекшісі  болған. Ол наурыздың басында елден кету арқылы тергеуден жасырынып үлгерген. 2009 жылы 7-ші наурызда оған халықаралық іздестіру жарияланды.

0 пікір