Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3423 0 пікір 29 Қыркүйек, 2009 сағат 03:06

Нұрбанк «Кең дала» бизнес орталығына рейдерлік жасағаны туралы айыптауларды теріске шығарды

Алматы. 28 қыркүйек. ҚазТАГ– Дилярам Аркин. Нұрбанк жетекшілері «Тағдыр» қоғамдық қорының төрайымы Армангүл Қапашеваның өздерінің атына айтылған айыптаулары «біржақты және әдепсіз» деп есептейді.

«Кең Дала» бизнес орталығының төңірегіндегі дауды көп уақыттан бері тек банк мүддесі мен «ИХК» (Инвестициялық холдингтік компания) АҚ арасындағы ішкі мәселе деп қарастырып, сот амалына қатысты егжей-тегжей мәліметті көпшілікке жариялаудан қашқақтаған едік. Бірақ, көрінер көзге банкті қаралау мен қоғамдық пікірді бұрмалау және фактілерді үнсіз қалдыру арқылы қоғамды шатастыруға деген ниет байқалып отырған жағдайда біз үнсіз қала алмаймыз. Біз мүлікті заңсыз алып қойды деген айыптаулар бүгін-ертең Қазақстанның  банк жүйесінде түгел толқын тудыруы мүмкін, сондықтан біз осы мәлімдемені жасауға мәжбүрміз», - делінген дүйсенбі күні «Нұрбанк»АҚ таратқан хабарда. 

Банктің айтуынша, 2008 жылы 5-ші тамызда Алматының арнайы ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «ИХК» АҚ мен «Алма Тур» арасындағы «Кең Дала» бизнес орталығын сату-сатып алу туралы бұрынғы келісімі заңсыз деп танылып, ғимарат «ИХК»АҚ-ға қайтарылды.

«... және бұл маңызды, «ИКХ» «Алма Турдан» алған 4,3 млрд теңге қаржы сот арқылы қайтарылған жоқ. Аталған сот шешіміне сәйкес, «ИКХ» меншігіне «Кең Дала» ғимараты қайтарылатын болды және бұрын «Алма Тур» төлеген ақша есепшотына аударылатын болды. Бірақ «ИКХ» өз еркімен ақшаны «Алма Турға» қайтарғысы келмеді. Ондай міндет ҚР АК-нің 157-ші бабында анық көрсетілген (екі жақты реституция салдары). Бірақ бұл туралы «ИКХ» үнсіз қалып отыр», - делінген хабарда.

Банк пікірінше, бұрын «Алма Тур» «Нұрбанктен» алған несие де «былтырдан бері өтелмей келеді».

Құжатта айтылғандай, Нұрбанк «ИХК» АҚ-на «Нұрбанк» пен «Алма Тур» арасында цессия келісім жасалғаны туралы хабарлама жолдаған, онда «ИХК» АҚ-на 3,177 млрд теңге көлеміндегі қаржыны қайтарып («Алма Турдың» Нұрбанктің пайдасына берген қаржылай талаптың сомасы), Нұрбанктің есепшотына аудару ұсынылған.

«…«Алма Тур» жойылу кезеңінде болғандықтан және өзінің несиелік міндеттемелері бойынша жауап бере алмайтындықтан, банк цессия келісіміне отыру арқылы «Алма Турдың» «ИХК» АҚ-на қаржылық талабының құқығын беру туралы ұсынысын қабылдады», - делінген банктің хабарламасында. «Алайда «ИХК» АҚ ақшаны ерікті түрде қайтарудан бас тартты, осыдан кейін банк сотқа шағым түсірді», - деп атап көрсетілген құжатта. Арызды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау және жауапкердің мүлкін қамауға алу үшін.

«Цессия келісіміне сай, Нұрбанкке қайтарылуға тиіс қаржы мен бизнес-орталықтың ғимараты қамауға алынды. «ИХК» өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл компанияның қызметін тоқтата алмайды, өйткені «ИХК»-ның екінші деңгейлі басқа банктердегі есепшоттарына тыйым салынбаған, ал бизнес-орталықтың ғимаратын қамауға алу оны пайдалануға және пайда табуға ешқандай кедергі жасамайды», - деп атап көрсетілген хабарламада.

Еске сала кетейік, Рахал Әлиев ұрлаған Нұрбанктің топ-менеджері Жолдам Темірәлиевтің жұбайы Армангүл Қапашева Рахат Әлиевтің бақылауындағы компанияларды рейдерлік жасады деп айыптаған болатын.

Оның айтуынша, Нұрбанк сот зардап шеккендер деп мойындаған адамдарға қарсы бірқатар сот шағымдарын жасаған.

«Әлиевтің бақылауында болған компаниялар мүлікті тартып алу мақсатында әрекет етулерін жалғастыруда. Мысалы, қазіргі уақытта аудандық соттарда Нұрбанктің сот Р. Әлиев ҰҚТ-ның рейдерлік әрекеттерінен зардап шеккен деп мойындаған  «Инвестициялық холдингтік компанияға» қарсы арыздары қаралып жатыр. Компанияның есепшоттарына тыйым салу және мүлкін қамауға алу туралы Нұрбанктің арыздары сотта рекордтық қысқа мерзімде қаралып жатыр», - деп нақтылады «Кең дала» бизнес-орталығының заңгері Ардақ Тайырова.

Бұл ретте А. Қапашева, осы әрекеттері арқылы «жергілікті сот органдары Нұрбанкке «Кең Дала» ғимаратын алуға көмектескісі келетінін және веналық прокуратурамен Австриядағы экс-елші Р. Әлиевке қатысты «Нұрбанктің» бұрынғы топ-менеджерлері А. Хасенов пен Жолдас Темірәлиевтердің ұрлануы мен «Кең дала» бизнес орталығын рейдерлік тартып алу фактісі бойынша ашылған қылмыстық іске кедергі келтіргісі келетінін» жоққа шығармайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3617