Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4793 0 пікір 24 Қыркүйек, 2009 сағат 09:46

Заманбекқызы Мерей мектепте

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова қызы Мерейді 1-сыныпқа берді. Естеріңізде болса, «ҚАЗАҚСТАН» апталығына берген сұхбатында, әнші әзірге қызын қай мектепке беретінін «анықтай қоймадым» деп, бірақ қай мектеп болса да, «әйтеуір қазақ мектебіне беремін» деген-ді. Сол сөзінен айнымаған әнші, қызын қазақ мектебіне беріпті. Мерей қазір Алматыдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №159-мектеп гимназиясының 1 «ә» сыныбында оқып жүр.

Алматыдағы ең үздік білім беретін оқу ордасының табалдырығын биыл 120 бүлдіршін аттапты. Олардың арасында ҚР Халық әртістері Мақпал Жүнісованың қызы Мерей мен Роза Бағланованың немересі Маржан да бар. Немересі Маржанды 1-сыныпқа берген Роза апамыз салтанатты жиынды өзінің ақ батасымен ашып, алғашқы қоңырауды танымал тұлғалардың ұрпақтары соқты. Макпал Жүнісованың айтуына қарағанда, Мерей өте зерек. Ол төрт жасында-ақ 42 әріпті жатқа біліп, 100-ге дейін санауды меңгерген. Биыл жетіге толған бүлдіршін әкесі Заманбек Қалабайұлының өлеңдерін жатқа оқиды екен. Жан-жақты болып өсіп келе жатқан Мерей бимен айналысып, өзге тілдерді меңгеріп, пианинода ойнауды үйреніп жүр. Әншінің өзі: «Қызымның қабілеті баршылық. Өзін-өзі көрсетеді деп ойлаймын. Оны дамытатын осындағы мұғалімдер ғой», - дейді. Ал, Ыбырай Алтынсарин атындағы №159-гимназияның директоры Аягүл Миразова: «Біздің гимназияда оқитындардың біразы танымал адамдардың балалары екені рас. Бірақ талап баршаға бірдей. Ешкімді бөліп жару деген жоқ. Барлығына бірдей білім беріліп, бірдей көзқарас болады», - дегенді айтады.

«ҚАЗАҚСТАН» апталығы, №32 (272), 10-қыркүйек, 2009

0 пікір