Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3309 0 пікір 24 Қыркүйек, 2009 сағат 06:38

Қазақстан КҚК кеңейту жобасы жыл соңына дейін келісіледі деп үміттенеді – энергетика министрі

Астана. 24 қырқүйек. ҚазТАГ – Данияр Темірбаев. Қазақстан Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жүйесін кеңейту жобасын акционерлер биылғы жылдың соңына дейін келіседі деп үміттеніп отыр, деп мәлім етті ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев.

«Дегенмен, құбырды кеңейтуді басқару схемасы бойынша шешілмеген шағын мәселелер қалып отыр, олар жақын уақытта шешімін табады деп үміттенеміз, бұл кеңейту жобасын биылғы жылдың соңына дейін бекітуге мүмкіндік беретін еді», - деді ол бейсенбі күні «Қазақстандық энергетикалық аптасы» - Kazenergy  форумында сөз сөйлегенде.

С. Мыңбаев Батыс Қазақстаннан Қара теңіздегі Новороссийск айлағына дейінгі құбырдың қуатын жылына 67 млн тоннаға дейін ұлғайту көзделген, оның ішінде қазақстандық мұнайға  50 млн тонна делініп отыр.

Энергетика министрі осы уақытқа дейін КҚК кеңейту жобасы британиялық BP-дің ұстанымына байланысты кешеуілдеп келді, бұл компания КҚК консорциумынан шығуды жоспарлаған болатын.

«Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ВР-дің Kazakhstan Pipeline Ventures  компаниясындағы 49,9% үлесін сатып алып, оның 100%  иесі атанды. Өз кезегінде ЛУКОЙЛ ВР-дің Lukarco-дағы 46% үлесін сатып алу туралы келісті. Осылайша, КҚК акционерлерінің  100% жобаны кеңейтуді қолдап отыр», - деп атап көрсетті министр.

С. Мыңбаев жүйені кеңейту жобасының өзі әзірленгенін, оның болжамды құны $2,5 млрд-қа бағаланып отырғанын еске салды. Бұдан басқа, ол КҚК акционерлерінің арасында жобаны жүзеге асыру қағидалары туралы меморандум қабылданды, жобалық құжаттар әзірленіп жатыр.

0 пікір