Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2944 0 пікір 18 Наурыз, 2014 сағат 09:07

«Нұр Отанның» сайлауалды тұғырнамасы

Бүгін Үкімет отырысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның Сайлауалды тұғырнамасын тиімді жүзеге асыру үшін азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйін жақсартуға бағытталған бірқатар шаралардың қолға алынып жатқанын атап өтті.

«Тұғырнамамызбен біз сайлауға түстік, елге уәде бердік, халық сеніп бізге 80% астам дауысын берді. Шын мәнісінде Сайлауалды тұғырнамасын талқылау жөніндегі жыл сайынғы отырыс – атқарушы органдардың сайлаушылар алдындағы есебі. Бүгінгі күні партия аталған құжаттың жүзеге асыру механизмін жүйелі түрде жетілдірді» - деді Үкімет отырысы барысында Бауыржан Байбек.

Партия Бюросында Үкіметпен бірлесе отырып оны жүзеге асырудың көрсеткіш Тізімі дамытылды, онда Тұғырнаманың 75%  көрсеткіші нақты және халық таразылай алатын көрсеткіштерге бағытталған. Оларды жүзеге асыру үшін нақты мемлекеттік орган бекітілген.

Б.Байбек Мәжілістегі партия фракциясы мен мәслихаттар тарапынан  орталықтағы және жергілікті жердегі мемлекеттік органдардың жұмысын бақылауға байланысты бақылаудың жүйелі түрде күшейе түскеніне айрықша тоқталды. Тұғырнама жөніндегі сарапшылар тобына Парламенттегі фракция депутаттарының барлығы, сондай-ақ бұрын-соңды бұл жұмысқа тартылмаған облыстық мәслихаттардағы фракция депутаттары кірді. Оның сыртында сарапшылар тобының жұмысына БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдар, бизнес өкілдері, шығармашыл және ғылыми зиялылар белсене араласатын болады.

Үкімет отырысы барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек тәуелсіз социологиялық сұрақ-жауап пен партияның қоғамдық қабылдауларының деректеріне сараптама жүргізу арқылы Тұғырнаманы жүзеге асырудың кешенді бақылауының механизмі іске қосылғанын хабарлады.

«Өткен жылы 1 желтоқсанда партия Көсемі Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық қоғамдық қабылдаудың жаңа ғимаратында азаматтарды жеке қабылдап, партиямен «онлайн» режимінде тікелей байланыс жасауға мүмкіндік туғызатын «Электрондық партия» жобасын іске қосты. Аталған жүйенің арқасында біз «бірінші қолдан» мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы обьективті ақпарат алып, тіпті әр ауданға дейінгі барлық өрісі мен саласына бақылау жүргізе аламыз», - деп мәлімдеді Б.Байбек.

2013 жылы Қоғамдық қабылдауларға 800 мың адам өтінішпен келді, азаматтарды жеке қабылдау тәжірибесін мемлекеттік органдардың бірінші  басшылары да қолдайды. Мысалы, 2013 жылы Үкіметтің деңгейінде министрлердің 700 астам адамды қамтыған 60 қабылдауы өткен. Дәл осындай жұмыс облыстық және аудандық деңгейде де өткізілген.

Б.Байбек Президент тапсырмасын орындау мақсатында партия «Халықтың әлеуметтік көңіл-күйі» республикалық социологиялық зерттеу жүргізгенін атап өтті. Оның нәтижесі жұмысқа орналасу, әсіресе жастарды және тұрғын үй мәселесі  сұралғандардың үштен бір бөлігін, тариф пен бағалардың өсуі жұрттың жартсын алаңдататынын көрсетті. Азаматтардың партияға білдірген өтінішіне жасалған сарпатама бұл деректі растайды.  

Азаматтарды тарифбелгілеу процесіндегі анықтықтың жоқ екендігі  алаңдатады. Бұл мәселені шешуге ықпал ету мақсатында партия бақылау мен коммуналдық қызметтердің тарифбелгілеу жұмысының ашықтығына бағытталған «Айқын тариф» жобасын іске қосты. Жоба жұмысы екі бағытта жүзеге асырылады: табиғи монополия субьектілері қаржысының жұмсалуына қоғамдық бақылауды күшейту және коммуналдық қызмет тарифін қалыптастыру барысы мен инвестициялық бағдарламарды әзірлеу мен жүзеге асырудың неғұрлым ашық болуына қол жеткізу.  

Анықтама үшін:  

Сайлауалды тұғырнамасы партия тарапынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауында ұсынылады және сайлау алдындағы берген уәделерінің орындалуына байланысты Партияның негізгі бағытын, мақсатын, міндеті мен күтілетін нәтижесін анықтайды. «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. Мақсат 2017: Іс-әрекеттің ұлттық жоспары» Сайлауалды тұғырнамасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі сайлауы қарсаңында дайындалып, 2011 жылдың 25 қарашасында XIV Съезінің қаулысымен бекітілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525