Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3061 0 пікір 18 Наурыз, 2014 сағат 06:22

Ықылас Ожайұлы. «Ойландырмау» ойыны

Русь қоғамының ел болғалы ермек еткен бір қағидаты –  қолдан құдай жасау технологиясы. Патшалық Ресейдің дінмен не үшін араз болғандығын енді түсінген шығарсыз. Себебі нағыз Құдай тұрғанда жасанды құдайларға сірә да орын жоқ. Діннің  танымдық (Аллаға серік қоспаудың) негізгі мақсұты да осы-тұғын.

Арғысы Николай, бергісі Ленин мен Сталиндер де жоғарыдағы технологияның кезекті өнімдері болатын. Енді ойланып көріңіз, «құдай» өзінің нағыз құдай екендігін сезіну  үшін оған құлшылық етуші, дәлірек айтсақ тұла бойымен  тәу етіп табынар тобыр керек. Біздің әлі күнге пайымдай алмаған тоталитарлық режим табиғатының бар құпиясы осы ғана.

Оның патшаға мадақ, халыққа тамақ атты қос тәсілден тұратын қарапайым ғана механизмі бар. Біздегі әлеуметтік атты  кредиттік сананың мемлекеттік масштабқа (санаға) ұласып,  ұлт пен  ұрпақ хақында ойлай алмауы да осы сөзіміздің айғағы.

Ойлау дегеннен шығады тіршілік қазығына арқандалған жанбағар халықтың  ойлау мен оқуға ешқандай уақыты да жоқ. Халықты мәңгілікке құл етіп  санасына шіре, тақымына бұрау салып, тырп еткізбей тұншықтырудың ғажайып тәсілі де  осы.

Өкініштісі сол, «ойландырмау» ойынының ойыншығына (қуыршағына) айналған біздерге қалғаны – тек жасанды «жаратушыларға» арнап жаппай жарапазан айту. Осы жолда қастерлі ғылым мен қасиетті дінді (құран мен хадисті де) аяусыз бұрмалап, қасиетсіз саясаттың қолжаулығына айналдырдық. Мемлекет саясаты  ғылым мен иманға бейімделмей, керісінше дін мен ғылымды өздерінің теріс пиғылына бейімдеді. Алладан араша дейміз, антұрғандықтың бұдан асқан шегі болмаса керек. Кәдімгі перғауындық кеп.  Бізге де Мұса пайғамбардай азаттық жаршысының ауадай қажет екендігін сәт сайын санаң сезеді...

                                                                                Бұрын шын бар бүгін шын,

                                                                             Ертең шын бар үш бөлек.

                                                                             Керегі жоқ бұлардың,

                                                                             Бұзылмайтын шын керек.

                                                                                                                             (Шәкәрім)

«Мұртты құдай», «мұртсыз құдай», «күн құдай»,

Мынау елге не боп кеткен құрғыр-ай?

Пәни дүние – перғауындар мекені,

Қайдасың сен...

Рахымды шын ҚҰДАЙ?

Ақыл айтқыш ағалар-ай, ағалар,

Ауызына шомылдарған күн-айды.

Қызыл тілмен Алла есімін айғыздап,

Алдамаңыз Құдайды.

Топас таным жарығы жоқ түн десе...

Тұрғынымыз сол түрменің ендеше.

Төрт аяқты жануар ғой адамзат,

ТӨРТ КӨЗ түгел көрмесе.

Төбе көздің бездер өсіп түбінен,

Сүрдім солай су қараңғы ғұмыр мен.

Адамзатқа оралады ШЫН ҚҰДАЙ 

АР  дейтұғын

ҚАУЫШҚАН КҮН ҰҒЫММЕН.

Abai.kz

0 пікір