Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3975 0 пікір 12 Наурыз, 2014 сағат 07:10

"Наурыз ару" көрерменнің көзайымына айналмақ

         Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры үстіміздегі жылдың наурыз айының 13-19 күндері аралығында Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз мерекесіне орай С.Қасымбектің "Наурыз ару" атты ертегінің премьерасын балаларға көктемгі базарлық ретінде тарту етпек. Қойылымның қоюшы режиссері Бекболат Құрманғожаев. Режиссері Әсем Қуанышбаева. Қоюшы суретші Дана Ермекбаева.

Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тарихи тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер- ұлы мереке. 

         Көктемнің осы бір шағында табиғат қана түлеп қоймай, қоғамның ынтымағы мен бірлігін, бейбітшілігі мен түсіністігін нығайтатын, адам баласының да жан-дүниесі жаңғыра түсетін көктемнің жарқын мерекесін кеңінен атап өтуге, ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында Жастар театры ұжымы осы ертегі арқылы өз үлесін қосуда.  

         Тіршіліктің қайта жандануы, табиғаттың гүлденуі Наурыздың келгенін білдіреді. Ұшқан құс, жорғалаған жәндік, жүгірген жан-жануар, баянды тіршілік еткен адамзат жыл мезгілі көктемді ерекше асыға күтетіні ақиқат. Автор Сая Қасымбектің идеясы осыны меңзейді.

         Оқиға желісінде тіршілігімізге өз кезегімен келетін жайма шуақ күн сәулесін төгіп, бүкіл тіршілік атаулысын ұйқыдан оятып, жасыл-желекті бояуға толы көрікті көктем жер бетін ақ қар басқан аязды қыс мезгілін ығыстырып өтеді. Боран мен сұлу да көрікті Наурыз аруы тіршіліктегі өз орындары үшін таласады.  

         Ертегі бүлдіршін көрермендерімізге табиғат ананың Күн, Боран, Наурыз ару сынды кейіпкерлері арқылы көркемдік таным тұрғысында ұлттық дәстүрімізді, жыл басы Наурызды, жаңа жылқы жылының енгенін айшықты баяндайды.

         Автор жыл мезгілі көктемнің, жаңа жылдың келуін табиғатпен байланыстырады.  Бұл ертегі көркемдік жағынан да, танымдық тұрғысынан да ұлыстың ұлы күні Наурызды, жаңа жылдың келуін насихаттайды.

Сондай-ақ театр ұжымы 16 наурыз күні сағат 11.00-де Астана қаласындағы балалар үйі мен тұрмыстық жағдайы шектеулі отбасылардың балаларына аталған ертегіні қайырымдылық ретінде тегін көрсетпек.

Өтетін уақыты: Наурыз айының 13, 14, 15, 16, 18, 19 күндері сағат 11.00-де.  

Театрдың мекен-жайы: Б.Момышұлы 5, Оқушылар сарайы ғимараты.

Байланыс тел: 701-218, 701-258.

Касса 701-216

0 пікір