Сенбі, 24 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 110250. Жазылғандар — 105566. Қайтыс болғандар — 1796
Жаңалықтар 1501 0 пікір 12 Наурыз, 2014 сағат 04:29

Күләш Керімбекқызы. Жириновскийге жауап

  • Саяси сатира

Жириновскийге жауап немесе редактор Нұртөре Жүсіптің мақаласына үн қосу.

 

Жырлап «ескі жырыңды»,

Болып алдың жырынды.

Қағып алсақ қайтеді,

Бойыңдағы жыныңды!..

Өлтірмейтін ел елдік.,

Бекерден-бекер шыбынды.

Қазақта қала болмаған

-Деп бастапсың «жырыңды»

Осыдан-ақ байғұс-ау,

Мисыздығың білінді.

Президентің-Путиннің

«Орнатам Кеңес одағын

Дегендердің миы жоқ!»

- Деген сөзін ұмытып,

Ашып қойдың сырыңды.

 Ал, ендеше ұғып ал,

Біз де ашайық тығынды:

Ашкөзденіп айқайлап,

Саналарды улайсың.

Бекініс болған Верныйды,

Қала еді-деп тулайсың.

Онда неге Алатау,

«Полосатая гора» болмаған?..

Тағы айтам көзіңді аш,

Қарауланып, болмай қас:

-Іле, Шелек, Күрті, Ақсу,

Лепсі, Басқан, Көксу.

Жеті өзен болған ертеде,

Жетісу сонан атанған,

Жауымыз жер жастанып,

Қайтпай қалған сапардан.

Бес орыс келгені беріде,

Алматының тарихы

Жатыр ғой, Жәке, әріде.

Дәл осыған қол қояды,

Әріден айтсақ әлемнің,

  • Саяси сатира

Жириновскийге жауап немесе редактор Нұртөре Жүсіптің мақаласына үн қосу.

 

Жырлап «ескі жырыңды»,

Болып алдың жырынды.

Қағып алсақ қайтеді,

Бойыңдағы жыныңды!..

Өлтірмейтін ел елдік.,

Бекерден-бекер шыбынды.

Қазақта қала болмаған

-Деп бастапсың «жырыңды»

Осыдан-ақ байғұс-ау,

Мисыздығың білінді.

Президентің-Путиннің

«Орнатам Кеңес одағын

Дегендердің миы жоқ!»

- Деген сөзін ұмытып,

Ашып қойдың сырыңды.

 Ал, ендеше ұғып ал,

Біз де ашайық тығынды:

Ашкөзденіп айқайлап,

Саналарды улайсың.

Бекініс болған Верныйды,

Қала еді-деп тулайсың.

Онда неге Алатау,

«Полосатая гора» болмаған?..

Тағы айтам көзіңді аш,

Қарауланып, болмай қас:

-Іле, Шелек, Күрті, Ақсу,

Лепсі, Басқан, Көксу.

Жеті өзен болған ертеде,

Жетісу сонан атанған,

Жауымыз жер жастанып,

Қайтпай қалған сапардан.

Бес орыс келгені беріде,

Алматының тарихы

Жатыр ғой, Жәке, әріде.

Дәл осыған қол қояды,

Әріден айтсақ әлемнің,

Тарихшыларының бәрі де.

Осыны «көке» ұғыңыз,

Бізіңізді

Бір жеріңізге тығыңыз.

Әйтпесе,

Ұрып кетер дәм-тұзымыз.

Иншалла.

Біз отырмыз,

Жириновскийден жиреніп,

Ал, орекеңдер

Майдан ашпайтын шығар,

Басқыншы боп күйге еніп.

 

Күләш Керімбекқызы

Қостанай

Abai.kz

0 пікір