Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3316 0 пікір 7 Наурыз, 2014 сағат 05:27

Интернет-конференция: Жанар Байсемізова

Конференциямыздың мерекелік қонағы – Жанар Байсемізова. Жанар – журналист. «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі.

Тележурналистикада біраз жылдардың бедерінде қызмет етіп келе жатқан Жанар «Оңтүстік астана», «Алматы», «31» арна, «Хабар», "НТК" сынды телеарналарда жұмыс істеді.

«Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасы – қазақ телетарихында болмаған бірегей жоба. Бұл жобаның қолдау тауып, жарық көріп, қалың жұрттың бағасын алуында Жанардың еңбегі ерекше.

Жанар ханым аталған авторлық жобасын «Алматы», «Хабар» арналарында жүрген кезінде бастап, содан бері үзбей жалғастырып келеді.

«Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасы осы жобаның кемелденген тұтас көрінісі.

Әріптесімізге айтар тілек, қояр сауалдарыңыз болса, мархабат!

0 пікір