Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3405 0 пікір 6 Наурыз, 2014 сағат 05:36

Бекмұхамет Нұрмұхамедұлы. Мәңгіліктер мен әңгүдіктер

Суретте: археолог, «Есік қорғаны» аспанасты мұражайының қорушысы - Бекмұхамет Нұрмұхамедұлы. Сурет www.voxpopuli.kz сайтынан алынды.

Осындай тақырыппен редакцияға хат келді. Хат иесі  -Есік үйігін аршып, ел тәуелсіздігінің басты нышанына айналған Алтын бабаны ашуға тікелей қатысы бар археолог, «Есік қорғаны» аспанасты мұражайының қорушысы - Бекмұхамет Нұрмұхамедұлы. Хатты сол күйінде беріп отырмыз.

Abai.kz

Есік  қаласындағы Сақ бабаларымыздың қорымдарының қорғау аумағының ішінен, ондаған көр-қабірлердің үстінен мектеп тұрғызу туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде, мәңгілік ел ұрпақтары  байырғы бабаларының молаларының үстінде ойнап өседі де, ата тарихын осында оқып жетілетін болады. Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел десек, сол мәңгілік ғұмырымыздың ірге тасын қалайтын басты құндылықтар  - ата - баба мұралары аяқ астында қалады. Сонымен, Елбасының Қазақстан жолы-2050 стратегиясын іске асыру жұмыстары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында осылай басталды...

Егер де Алтын Адамның және одан да басқа сол қорымдарының ішінде жатқан бабаларымыздың аруағын таптауға Бульдозер жіберіліп жатса, менің 80 ге бірнеше ай жетпеген мүрдемді сол Бульдозердің қалағының үстінен табарсыздар...

Мәңгілік Қазақ Елінің Азаматы, Бекмұхамет (Бекен) Нұрмұхамедұлы

Әзіргі мекен жайым: Есік қаласы, Гоголь көшесі, 38-ші күрке.

Қалта телефоны: +7 777 144 82 49

0 пікір