Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3296 0 пікір 5 Наурыз, 2014 сағат 04:40

Сайлау Біртайұлы. Патриотсымақ

1-сурет: Жақсылық Жексенбаев

2-сурет: Бейсенғазы Сәдуұлы

 

Әділ қазылық ету кез – келген судьяның парызы. Ол қара қылды қақ жарған әділ болса, даугерлер төреліктің дұрыстығына күмән келтірмейді.

Н.Ә.Назарбаев

 

1-сурет: Жақсылық Жексенбаев

2-сурет: Бейсенғазы Сәдуұлы

 

Әділ қазылық ету кез – келген судьяның парызы. Ол қара қылды қақ жарған әділ болса, даугерлер төреліктің дұрыстығына күмән келтірмейді.

Н.Ә.Назарбаев

 

Арсыздық пен аярлық адам баласын ешуақытта  пұшпаққа жеткізіп абырой әпермеген. Дегенмен, жаратылысынан жамандық пен зұлымдық жасауға жаны құмар, бар бітірері - біреуге ор қазып, етегінен тартып сүріндірсе рахаттанып, ләззәт табар кәззәптарға ар-ұят, намыс атты адами биік ұғымның құны көк тиын. Осындай пәлеқұмар арзан ойлы, аласа топтың, қазақтың намысын  ту етіп көтерген, ұлттың мүддесін қорғаушы «патриотсымақ» боп  көрінгісі келетіндердің, екіжүзділігі қаныңды қарайтып, жаныңды жабырқатады. Көз алдыңа еріксізден қой терісін жамылған қорқаулар елестейді. Оқырман қауымға түсініктілеу болсын-сәл шегініс жасап, айтар болсақ, бүгінгі әңгіме тақырыбы:  сонау 1986-жылғы желтоқсанда қылышынан қаны тамған, қызыл империяның тізесін дірілдеткен, қазақ халқының намысын таптатып тірі жүргенше, ар жолында арпалысып ажал құшқанды артық санаған, биік рухты, өр мінезді қайсар жастар ұлтымызды орыс отаршыларының одан әрмен ойына келгенін  жасап, ұлтымызды  табанға таптауына  жол бермеді, айылын жиғызды. Кейіннен осы қанды күрестің нәтижесінде қазақ халқы бодандық бұғауынан босап, бостандық  туын желбіретіп, Тәуелсіздікке  қол жеткізді. Бүгінгі билік пен мемлекет  тарапынан бағаланып, айтарлықтай айрықша құрмет көрсетілмесе де, қарапайым халықтың қабылдауында,  желтоқсаншылар «қазақтың ер жүрек батырлары» деген қағида қалыптасқан. «Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді»,  ел басына екі талай күн туып, ер сыналып, ар-намыс, азаматтық таразыға түскен ұрымтал шақта, ұлты үшін  тепсініп, тектілік танытып алаңға шығып, мұздай қаруланған жаналғыш жасақтардың сесінен сескеніп, қаһарынан қаймықпаған   сол кездегі өр мінезді, қайсар ұл-қыздарымыздың, бүгінде ақыл тоқтатып, ата сақалды жасқа жеткенде,  бірімен-бірі айтысып, соттасып, алакөз болып жатқаны көрген көз, естіген құлаққа ерсі қылық. Ал бүгінгі биліктің ішіндегі, бір бармағын ішіне бүккендер үшін, қазақтың ел болып, бірігіп, ұлт болып ұйысқанынан  гөрі, бірімен –бірі итше ырылдасып, айтысып-тартысып жатқаны тиімді. Сөзге ергіш, айтқанға көнгіш, бас шұлғуға бейім, биліктің қолында қолбала болуға құштар, азын-аулақ, тиын-тебен, сөлкебай ұстатса болды солығы басылып, артынан сүмеңдейтіндерді бишікештер алыстан таниды, бірден «бауырына» тартады. Айдағанына жүргіш, айтақтағанға үргіштер үшін бұдан басқа «бақыттың» керегі де жоқ. Одан асқан рахатты да қажетсінбейді. Неткен тайыздық, неткен біліксіз, бейшаралық! Кейде аяйсың, осындайларды. Ұлы Абай атамыз: «көп айтса көнді, жұрт айтса болды, әдеті надан адамның» дегені еріксізден есіңе түседі. Екі жылдан асты, Патриоттық қозғалыс, «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі ішінен жік шығарып, дау-дамай туғызушылардың ылаңы бәрімізді «шаршатты». Бұны бастаған әлгі «жетекке жүргіш, айтаққа үргіштер»  тобына жататын  Жақсылық Жексембаев атты алаяқтың арсыздық айғай- шуы.  Ауыз толтыра айтар азаматтық ісі, ия болмаса,  бәтуалы һәм  берекелі сөзі бұйырмаса да, қолынан келмеске, құр бекерге құмар, тыраш бір пенде. Соңына өзі тектестерден шағын топ құрып, осы ұйымды ұжымдастырып, басын біріктіріп, адалдық пен адамгершілік жолынан ауытқып көрмеген, ұлт жанды азамат - Нүкен Бейсенғазы Сәдуұлының  жолына көлденең тұзақ құрып, ор қазумен келеді. Мақсаты белгілі: «бірлестіктің төрағасы болып, көпке төрелік айту»! Ал өкінішке орай, биліктің ішіндегі, некен-саяқ болса да, кездесетін, көзіміз көріп жүрген, іштарларға, арын саудаға салмайтын, бір беткей, нағыз ұлт жанды, қырғи мінез, патриот - .С.Нүкеннен гөрі, дүмбілез, өзіндік ой-пікірі шала, жем көрсетсе, жемсауы бүлкілдеп, алақанға қона кететін –Ж.Жексембаев секілді «көгілдір көгершіндер» тиімдірек! Өтірік жала жабуға жаны құмар, күніге бір жамандық жасамаса, түні бойы ұйықтай алмай, дөңбекшіп шығатын болса керек. Ж.Жексембаевтың бар бітірері - қолынан келетін әрекеті, арыз жазып, шағым түсіру, өтірікті судай сапырып, ойдан құрастырып, нақақтап, лас-нас іспен шұғылдану. Біреудің басқан ізін аңдып, тіміскілеп, жіпке  тізуден басқа білері жоқ. Қазақтың марқасқаларын қойша көгендеген 1937 жылғы зұлматта, НКВД-ға дәл осындай беріліп қызмет көрсеткен жарамсақ, жалтақойлар қажетке асқан көрінеді. Екі жылдан бері бірнеше рет сотқа негізсіз арыз жазып, дәлелсіз түрде тек әйтеуір «өйтті-бүйтті» деп өсек-аяңды оңды-соңды боратса да, жапқан жаласының  бірде бірі қисынға қиыспағандықтан, Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты істі қарап талабын қанағаттанғысыз деп тапты. Ойдан құрастырып, қалайда ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің төрағасы Б.С.Нүкенді «құртамын,жоямын» деген лас пиғыл,   қара ниет арсыздығы іске аспады. Әділетті сот жүйесінде де ой-өрісі биік, өрелі азаматтар аз емес қой!  Ақ-қарасын сараптап, негізсіз жазған, жалған - жала арыздарын қанағаттандырғысыз қалдырды. Ешбір дәлел- дәйексіз, тек мақсат-мүддесі адал азаматқа қара күйе жағып, абырой-беделіне нұқсан келтіру арқылы тұқырту айласы екендігін түсінді. Алдында отырған екі азаматтың нендей мақсатты көздеп отырғанын тамыршыдай тап басып білген, Түрксіб аудандық сотының судьясы Б.Т.Күзембаев пен сот әділдігін қадағалаушы прокурор Ш.Баятова    ақты – ақ, қараны -қара деп тауып әділ шешімін шығарды! Бір әттегенайы Ж.Жексембаев бастаған арызқой, жалақор, жалғаншы  топтың жыртысын жыртып, сөзін сөйлеп, шашбауын көтеруге белсене ат салысқан белгілі жазушы-публицист, желтоқсаншылар  жөнінде жазып-сызып, «шежіре таратып» жүрген- Талғат Айтбайұлы мен «Дат» газетінің тілшісі Гулмира Тойболдинаның табылғаны әбестеу болды. Жазған-сызғандарына қарап, сырттай сүйсініп риза болып жүргенімізбен, адам баласы пендешілікке ұрынса, сөзі бір басқа,ойы бір басқа, ал іс-әрекеті мүлдем басқаша екен ғой деген ойға қаласың.  Ал, ой өрісі жоғары азаматтың, өз ұстанымы мен қағидасы болса, қиянат кәне, әділдік қайсы, арамзалық пен адалдық қайда - соқырға таяқ ұстатқандай көрініп тұрған жоқ па! Күмәнді көмескі  іске кірісіп, біреуді орынсыз кінәләп қаралауға құмар, қараниеттілерді қолдағанша, өздерінің шыққан азды-көпті азаматтық биіктіктерінен төмен түспегені тәуір еді. Өкініштісі, осындай арзан іске араласып, жинаған абыройды бір сәтте төгудің орнына, онсыз да, сиырдың бүйрегіндей бөлшектеніп, алауыздануға бет алған, кері кетуге келісім бергендерге «тәйт» деп жөн сілтесе болмас па еді. «Көрсете алсаң көпшілікке адал ниет өнеге, көпшілікте көтереді дәйім сені төбеге» -  деген ұлағатты ұстанымды естерінен шығарғаны қалай? Аз қазақты жүзге бөлшектеп, «бөліп ал да, билей бер» деген сайқалдық саясатқа қарсы тұрар, онсызда  жағдайы жар үстінде тұрған, алмағайып кезеңде, бірімен-бірі ұстасып, дұшпанға таба болғаннан ұтқанымыз қайсы, қазақтың бір-бірімен жау болғанынан айызы қанып, жан-жақтан анталап, біздерді ұлт есебінде жоюды көздеген мысық тілеулілердің есебін түгендеріміз айқын. Бұл ақиқатты сатқындық пен жағымпаздыққа жаны қас жүрегі таза азаматтар түсінер, ал Ж.Жексембаев пен Гүлбаһрам Жүніс секілді «кімнің тарысы піссе, соның тауығы» болуға арланбайтындар үшін екі дүние - бір қадам! Жалғанда, бір нәрсе ақиқат - Күнді алақаныңмен жаба алмайсың! Аққа - Құдай жақ! Бейсенғазы Нүкендей азаматты сүріндіріп, ұшпаққа жетуді көздеушілерге айтарымыз: берісі –арсыздық, арысы-ақымақтық! Ал өзі адасқанымен қоймай, соңынан ерген,сойылын соғушылардың тірлігіне берер, әділ бағасының нарқын көзқарақты оқырман өзі парықтар.  Абай хакім айтқандай:

«Таласып босқа,

 Жау болып досқа,

Қор болып құрып барасың,

Өтірік, арыз толды ғой,

Өкінер уақытың болды ғой»  деген қасиетті сөзіне құлақ қояр үмітіміз бар.

Ізгілік атаулыға жауығып, іріткі салып,  алауыздықты қоздырушы – Жексембаев Жақсылық Тұсайұлы 1986 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің қаһармандарына қара күйе жағып, қасиет таппайды. Қазақ ұлтының қадір-қасиетін кетірер лас пиғылдан арылып жөн сөзге тоқтар деген үмітіміз бар.

 Біріңді қазақ бірін дос                                                                                                                                  

 Көрмесең істіңбәрі бос»   деген  Абай сөзі далаға кетпес!

Желтоқсан көтерілісіне әділ баға беріліп, толық саяси-әлеуметтік мәртебесін алуына  шыр-пыр боп, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген адал ниетті Бейсенғазы Сәдуұлындай белді азаматты жардан итеруді көздеуші топтың көкейін тескендерге Құдіретті Алланың зауалы хақ, Әділетті Заңның амалы нақ болары ақиқат!

 

ПҚ «Желтоқсан ақиқаты»  газетінің тілшісі

Лепесов Сайлау Біртайұлы

Abai.kz

0 пікір