Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3133 0 пікір 3 Наурыз, 2014 сағат 13:28

Ашық хат: Қазақстандағы казактардың құрып жатқан әскери ұйымдарын тексеріңіздер!

1-2 сурет: Қазақстандағы орыстар қауымдастығының бастамасымен және Қазақстандағы казактар одағының қатысуымен Алматыдағы казактар басқармасында Ресейдің көптеген қалаларында өткен орыс маршын қолдауға арналған митинг. 2012 жыл, 4 қараша

 

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
Қ.П. Қожамжаров

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
Н.Ә. Әбіқаев

ҚР Бас Прокуроры
А.Қ. Дауылбаев мырзалардың назарына

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Курсив.kz сайтында Аскар Муминовтың «Қазақстандық казактар Қырым үшін күрескілері келеді» (Казахстанские казаки хотят бороться за Крым) атты көлемді мақаласы жарық көрді. http://www.kursiv.kz/news/details/obshestvo/Kazahstanskie-kazaki-hotyat-borotsya-za-Krym/

Онда автор Шығыс Қазақстанның казактары Қырымдағы сепаратистерге қолдау көрсету үшін Украинаға аттануға әзір отырғандығы туралы жазады. Шығысқазақстандық казактардың қолтығына су бүркіп отырған антиеуразиялық одаққа қарсылас ретінде құрылған өздерін еуразиялық жастар одағы (ЕЖО) деп атайтын топ делінеді.

1-2 сурет: Қазақстандағы орыстар қауымдастығының бастамасымен және Қазақстандағы казактар одағының қатысуымен Алматыдағы казактар басқармасында Ресейдің көптеген қалаларында өткен орыс маршын қолдауға арналған митинг. 2012 жыл, 4 қараша

 

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
Қ.П. Қожамжаров

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
Н.Ә. Әбіқаев

ҚР Бас Прокуроры
А.Қ. Дауылбаев мырзалардың назарына

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Курсив.kz сайтында Аскар Муминовтың «Қазақстандық казактар Қырым үшін күрескілері келеді» (Казахстанские казаки хотят бороться за Крым) атты көлемді мақаласы жарық көрді. http://www.kursiv.kz/news/details/obshestvo/Kazahstanskie-kazaki-hotyat-borotsya-za-Krym/

Онда автор Шығыс Қазақстанның казактары Қырымдағы сепаратистерге қолдау көрсету үшін Украинаға аттануға әзір отырғандығы туралы жазады. Шығысқазақстандық казактардың қолтығына су бүркіп отырған антиеуразиялық одаққа қарсылас ретінде құрылған өздерін еуразиялық жастар одағы (ЕЖО) деп атайтын топ делінеді.

Ресейдің «Известия» газеті Мәскеу, Петербург, Воркут, Иркутсктан мыңдаған адамдар, оларға қоса Шығыс Қазақстанның казак қоғамы Украинаға еріктілер ретінде баруға үндеуді қуаттап отыр деп жазады. Еуразиялық жастар одағының жетекшісі Павел Канищевтің айтуынша, бүгінгі күні мыңға жуық адам Украинаның шығысы мен оңтүстігіне, ең әуелі Харьков, Донецк, Одесса қалаларына аттануға дайын. Өз сөзінде Канищев мұндай энтузиазм Оңтүстік Осетиядағы соғыс кезінде де байқалмап еді деп өз қуанышын жасырмаған.

Қазақстан Тәуелсіздігін алған тұста бірінен кейін бірі пайда болған бұл ұйымдардың басты мақсаттары Ресейге қызмет ету. Оны олар жасырған емес. Оралда, Өскеменде сепаратистік ұйымдар құрып, Қазақстанның аумақтық тұтастығына қауіп төндірген әрекеттері елдің есінде.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы казак ұйымдары заң жүзінде қоғамдық ұйым негізінде құрылғанмен басты мақсат-мүдделері, ұйымдастырылу формасы, күнделікті қызметтері әскери құрылымдардан еш айырмашылықтары жоқ әскери ұйым екенін көзіміз көріп жүр.

Ата Заңның 5 бабы, 3 тармағына сәйкес мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.

Оған қоса, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Заңының 6-бабына сәйкес Ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталған шет мемлекеттер арнаулы қызметтерінің, сондай-ақ ұйымдар мен жеке адамдардың барлау-бүлдіру іс-әрекеті; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген әскерилендiрiлген құралымдар құру Ұлттық қауіпсіздікке негізгі қауіп-қатерлер ретінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 236-бабында Заңсыз әскерилендiрiлген құраманы ұйымдастыру, Заңсыз әскерилендiрiлген құрама (бiрлестiк, отряд, жасақ немесе өзге де топ) құру, сол сияқты ондай құраманы басқару

- екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады; Заңсыз әскерилендiрiлген құрамаға (бiрлестiк, отрядқа, жасаққа немесе өзге де топқа қатысу) - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, - делінген.

Онымен қоса казак ұйымдарының мүшелері әр түрлі шараларда қылыш асынып, қанжар салып жүретіндері бар. Бұдан Қылмыстық кодекстің 251-бабына сәйкес суық қаруды алып жүру бойынша құқықбұзышылықтың орын алуын көреміз.

Бұның барлығы заңнамалық-құқықтық жақтары. Еліміздің басқа заңдарын айтпағанда Ата Заңымызда көрсетілген шарттардың орындалмай, өрескел бұзылып жатқанын көріп отырмыз.

Осыған байланысты, Қазақстан азаматтары атынан, мемлекетқұраушы негізгі ұлт – Қазақ халқының атынан Сіздерден Қазақстандағы казак ұйымдарының қызметіне қатысты тергеу-тексеру жұмыстарын шұғыл түрде бастауды, Қазақстанның заңдарына қайшы келетін іс-әрекеттердің жолын кесіп, қатаң шаралар қолдануды талап етеміз.

Қазақстанның тұтастығы мен Тәуелсіздігі басты құндылығымыз, ал елімізді мекендеген өзге де этникалық топтар арасындағы бейбіт қарым-қатынас басты қазынамыз болғандықтан казактардың әскери ұйымдарының Қазақстан аумағында құрылуына, қызмет етуіне түбегейлі түрде тиым салуларыңызды сұраймыз.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы ашық хатқа жауап берулеріңізді сұраймыз.

Қазақстандағы казак ұйымдарының тарихы http://articlekz.com/node/1524

Казахстанские казаки хотят бороться за Крым http://www.kursiv.kz/news/details/obshestvo/Kazahstanskie-kazaki-hotyat-borotsya-za-Krym/
Союз сибирских, уральских, оренбургских, семиреченских казаков http://www.arvedi.kz/culture/soyuz-sibirskikh-uralskikh-orenburgskikh-semirechenskikh-kazakov.html
Региональное общественное объединение «Союз казаков Степного края» (РОО СКСК)  http://www.arvedi.kz/union-of-cossacks-steppes/roo-sojuz-kazakov-stepnogo-kraja.html
Сайт Союза  казаков семиречья  http://skook-kazkurer2.ucoz.ru/
Атаман Арын http://yvision.kz/post/355785
Казаки Казахстана: Россия заплатит нам за геноцид! http://yvision.kz/post/355094

 P.S.

Қадірлі ағайын! Мәтінмен жақсылап танысып ап, қол қоюларыңызды сұраймыз! Мұның алдын алу керек. Ертең төбемізге шығады. Астындағы пікір жазатын жерге қолдаймын деп жазсаңыз, жетіп жатыр.

ult.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541