Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5391 0 пікір 3 Наурыз, 2014 сағат 05:33

Абай театрының 80 жылдығы Абай шаңырағында бастау алды.

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында 2014 жылдың ақпан айының 28 күні Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрына - 80 жыл толуына орай шығармашылық ұжыммен кездесу кеші өтті.

Сексен жылдығын тойлап отырған Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры – еліміздегі тарихы бай, дәстүрі қалыптасқан өнер ордаларының бірі. Семей театры қай кезде де қазақтың рухани биігі болған қастерлі мәдениет ошағы.

1917 жылы М.Әуезовтің басшылығымен «Ойқұдық» жайлауында қойылған «Еңлік-Кебек» пьесасы қазақ еліндегі жаңа өнердің тұсаукесері болды. Ойқұдықта бастау алған шоқ бүгін егеменді елдің өркендеген өнеріне айналып, ұрпақ тәрбиесіне атсалысып келеді. 1920 жылдары құрамына әйгілі Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, Ж.Шанин, Қ.Қуанышпаев сынды майталман өнер иелерін топтастырған «Ес-Аймақ» театры, тек 1934 жылы ғана ресми түрде бекітілді.

Кеш Абай мұражайының директоры, ф.ғ.к., доцент Әубәкір Жандос Мағазбекұлының құттықтау сөзімен ашылды. Кеште Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрының көркемдік жетекшісі әрі режисеры Е.Жуасбекке, ҚР халық әртісі Б.Имахановқа, театрдың әдеби бөлімінің меңгерушісі О.Соғымбаевқа сөз берілді.

Кездесу кешінде «Еураз-шоу» театрының директоры Ғ.Азубаев М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің оқытушысы Б.Хамзин құттықтау сөз сөйледі.

Келген көрермендерге театр әртістері «Еңлік-Кебек», «Жас Абай» спектаклінен үзінді қойып, Наурызхан Ісбек, «Абай» операсынан Абай ариясын орындап, М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің студенттері өз өнерлерін ортаға салды.

Кешке қаламыздағы мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, ЖОО, М.Төлебаев атындағы музыкалық колледж, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

Аға ғылыми қызметкер Г.Бейсембинова

Абай-ақпарат

0 пікір