Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4039 0 пікір 3 Наурыз, 2014 сағат 04:25

Біләл Қуаныш. Қазақ «ата жауын» атасындай көріп жүр

 Жалпы жұртқа топырақ шашқымыз келмейді, бірақ, «орман» атанған орыстың өзге жұртқа емес, тура қазақтың өзіне істегенін там-тұмдап қана санамалап көрейікші.

 Жалпы жұртқа топырақ шашқымыз келмейді, бірақ, «орман» атанған орыстың өзге жұртқа емес, тура қазақтың өзіне істегенін там-тұмдап қана санамалап көрейікші.

  1. 1847 жылы Қазақтың соңғы ханы Кенесарының «өлімін» саудалап, бас сүйегін «ыдыс» қылған кім?
  2. 1921-1922 жылдары 2 миллион қазақты өлімге байлаған кім?
  3. 1928 жылы «тәркілеу» науқанында қазақтың 40 миллион бас малының ту-талақайын шығарып, «ашаршылықты» әкелген кім?
  4. 1931-1933 жылдар аралығында 2 миллион қазақты жаназасыз жер жастандырған кім?
  5. Ойдағысын ойда, қырдағысын қырда қырып, 600 мың қазақты шетел асырып қуған кім?
  6. 1937-1938 жылдары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов бастаған Алаш зиялыларын қойша бауыздаған кім?
  7. 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарын Өзбекстанға басы бүтін бере салған кім?
  8. 1954 жылы тың игеру дейтін желеумен 2 миллионға жуық тозған тобырды қазақ даласына төккен кім?
  9. 1986 жылы қазақтың өрімдей жастарын итке талатып, мұзға тоңдырып, ұлын қорлаған, қызын зорлаған кім?
  10. Ядролық полигон салып, мың сан «құбыжық» баланың дүниеге келуіне себепші болған кім?

Өтіңіз жарылып кетседе айтайық, ол – орыс. Ал басы баудай кесілген – менің, сенің, оның ата-бабасы. Тәуелсіздік үшін жанын тәрк еткен сол қасиетті бабалардың ұрпағы бүгінде «ата жауының» тілінде сөйлеп, «табанын жалап», адал «иті» болып жүр.

Сөзіміз дәлелді болсын. Тәуелсіз Қазақстанның ел тізгінін ұстаған шенеуніктері 90 пайыз орыс тілінде сөйлейді. Ішкі-сыртқы іс-қағаздары шын мәнінде орыс тілінде жүріледі. Қазақ балалары мектеп табалдырығын аттай сала, тіпті, балабақшадан бастап, орыстың тілі мен әдебиетін үйренеді.

«Әуемізді қорғау» үшін төбемізден орыстың ұшағы саңғырады. Территориямыздың кез келген жерінде әскери сынақ жасайтын да, протон ұшыратын да – орыстар. Ұлтыңды ұлт демей, жеріңді менікі деп мемлекеттік думасынан да тіл қататын солар.Шекарамыздан не кіріп, не шығатынын да орыс белгілейді. Енді 17 сәуірден бастап, экономикамыз да басы бүтін орыстың «ойыншығына» айналмақ.

Міне, біздің «мәңгілік досымыз», «стратегикалық әріптесіміз» орыстың кейпі. Әрине, орман орыстың бәрі осындай деп байлам жасауға болмас. Дегенмен тарихтың аты – тарих. Ол тасқа басылады, жел мүжігенмен табы өшпейді.

«Шүкір, 23 жылдан бері тәуелсіз елміз» дерсіз. Ең алдымен XXI ғасырдағы бодандықтың қалай болатынын бағамдап алыңызшы. Бұл қылышпен басыңды шауып алып, қызыңды күң, ұлыңды құл ететін XIX ғасырдың ар жағы емес, зеңбіректен оқ атып, окопта жатып соғысатын XX ғасыр емес.

Ауызыңдағы тілің өзіңдікі болмаса, көгілдір жәшіктен көретінің «көк көз» болса, қолыңдағы ақшаңның құнын басқалар белгілесе, шекараңнан ненің кіріп, кімнің шығатыны жат жұрттың қолында болса, жанары жәудіреп үш қазақтың біреуі шетелде жүрсе, «ата жауың» тура жеріңнің ортасында ойнақ салып әскери сынақ жасап жатса, зымыран ұшырып, халқыңды уға тойдырып жатса қай жерің тәуелсіз? Қай миыңмен бодан емеспін деп айтасың?

Бұл орыстың тек қазаққа жасаған ұшан теңіз «жақсылықтарының» бірнешеуі ғана. Ал өзге жұртқа көрсеткен өктемдігін әлем көріп отыр. Гитлердің ізбасары «Путлердің» қиянатын санау – анау-мынау математиктің қолынан келмейді.

Сол баяғы қазақы дәстүрмен айтар ақылымызда жоқ емес. Не, осы бетіңмен орыстың құшағына құлап, құлақ кесті құлы бол. Не есіңді жиып, етегіңді қымта. «Бәлелі жерге бармағыңды тықпа, тырнағың қалады». Кірген тесігіңнен шық. Қағар есігіңді анықта.

Алаштың қыбыласы арақ сасыған, көзі шегір, өзі жемір, қызында қылық, ұлында ұрық жоқ тексіз жұрт емес.

Байқаған боларсыз, мақаланың ауанындағы «орыс» - бүгінгі Ресей. Ал өзіміздің «Қазақ-орыстарға» айтарымыз, кеше аш-жалаңаш болып келіп, бүгін тойған екенсің. Ендеше, шаңыраққа қарап, бақытыңды қазақтың тыныштығынан ізде. Наныңды тап, ұрпағыңды өсір. Бірақ «сатқындықтан» аулақ бол. 300 жыл Ресейдің оғынан өлмеген қазақты енді ешкім қырып тауыса алмайды. Алаш елі ұнамаса Атажұрттарыңызға қайтуға ешкім кедергі болмайды. Мұндай «пікірді» соңғы кездерді өздеріңізде жиі естіп жүрген боларсыздар. Өйткені миллиондаған тәуелсіз қазақ ұрпағы келе жатыр. Олар күні ертең-ақ солтүстікті қазаққа, оңтүстікті ғажапқа толтырады.

Меніңше, әрбір қазаққа осы сөздерді ашық айтып, Қазақстанның баянды тәуелсіздігіне күмән келтірендердің күдігін ерте сейілткеніміз жөн шығар.

Украина – өгіз, Қазақстан – бұзау десек те, олар орыстың жақын туысы, біз жатпыз. Бір анығы:

Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді Алашты ешкімнің

Қорлығына бермейміз!

 

P.S.

Мына суреттегі сәби қыз – мүмкін сіздің анаңыздың анасы болар. Мүмкін О дүниеде Алла Тағаладан орыс жұртына қарғыс тілеп жатқан болар. Сол жауыз Ресейден іргеңді аулаққа салып, алыстан «сыйласпасаң», құшағыңдағы балдай балапаның дәл осы суреттегі күйді кешпесіне еш кепілдік жоқ. 1931 жылы да Ресей біздің айырылмас досымыз болатын.

Abai.kz

0 пікір