Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4001 0 пікір 27 Қаңтар, 2014 сағат 08:31

Түркі әлемінің зиялылар одағы құрылды

Жуырда Түрік Республикасының астанасы Анкара қаласында мәдениет,  ғылым және саясат қайраткерлері бас қосып, қазіргі кезеңде түрік халықтарының кейбіріне жасалып отырған саяси қысымдар жан-жақты талқыланды. Мысалы, бүрын Кеңестер Одағы салтанат құрып тұрған шақта 93 тіл жойылса, соның едәуір бөлігі түркі тілдес ұлттардың тілі еді. Қазіргі кезеңде Россия Федерациясындағы және Қытай Халық Республикасындағы саны аз ұлттардың тіліндегі мектептердің ашық түрде жабылып жатқаны, бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ЮНЕСКО талаптарына мүлде қайшы келетін шаралар екені айтылды. Одан өзге де түрік халықтары өмірінен шегініс таба бастаған рухани проблемалар сөз болды. Міне осындай күрделі мәселелерге Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ЮНЕСКО шешімдерінің негізінде бірлесіп үн қату, кейбір елдердегі түрік халықтарына жасалып отырған рухани заңсыздықтарды әлемдік деңгейде әйгілеп отыру мақсатында, түрік халықтарының ақын-жазушыларын, өнер қайраткерлерін, ғалымдарын және саясаткерлерін біріктіретін Түркі әлемінің Зиялылар Одағы құрылды.

Жуырда Түрік Республикасының астанасы Анкара қаласында мәдениет,  ғылым және саясат қайраткерлері бас қосып, қазіргі кезеңде түрік халықтарының кейбіріне жасалып отырған саяси қысымдар жан-жақты талқыланды. Мысалы, бүрын Кеңестер Одағы салтанат құрып тұрған шақта 93 тіл жойылса, соның едәуір бөлігі түркі тілдес ұлттардың тілі еді. Қазіргі кезеңде Россия Федерациясындағы және Қытай Халық Республикасындағы саны аз ұлттардың тіліндегі мектептердің ашық түрде жабылып жатқаны, бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ЮНЕСКО талаптарына мүлде қайшы келетін шаралар екені айтылды. Одан өзге де түрік халықтары өмірінен шегініс таба бастаған рухани проблемалар сөз болды. Міне осындай күрделі мәселелерге Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ЮНЕСКО шешімдерінің негізінде бірлесіп үн қату, кейбір елдердегі түрік халықтарына жасалып отырған рухани заңсыздықтарды әлемдік деңгейде әйгілеп отыру мақсатында, түрік халықтарының ақын-жазушыларын, өнер қайраткерлерін, ғалымдарын және саясаткерлерін біріктіретін Түркі әлемінің Зиялылар Одағы құрылды. Одақтың төрағасы болып, Кеңестер Одағы кезінде, айтуға, жазуға тыйым салынған, 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінің шындығын әлемге әйгілеген және 62 жыл бойы тойлауға тыйым салынған Наурыз мерекесін сол Кеңестер Одағы кезінде қайта тойлаттырған, «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері Мұхтар Шаханов бірауыздан сайланды.

Сонымен қатар, Түркі әлемінің Зиялылар Одағының басқару орны Алматы, Анкара қалаларында болады және баспасөз, ақпарат құралы ретінде «Қорқыт ата рухы» деген атпен газет шығаруға шешім қабылданды.

Еркінбек СЕРІКБАЙ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594