Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3382 0 пікір 27 Қаңтар, 2014 сағат 05:34

Болат Төлепбергенов. Украина сабақтары

Украинадағы бүгінгі жағдай екі саяси дүниеден хабар береді. Біріншісі, Кеңес Одағымен батпандап кірген ауыр сырқаттың (экономикалық, идеологиялық, психологиялық) империя қол астында болған ұлттардың бойынан әлі де шығып үлгермегендігі. Екіншісі, Ресейдің кеңес империясын қайта құрғысы келетіндігі.

Бірінші жағдайға кеңірек тоқталар болсақ, Украина қоғамындағы саяси, идеологиялық, құқықтық, материалдық теке-тірестің ұзаққа созылуы, ақыры билік пен халықтың майданға шығуына әкелді. Оның басты себепкері: а) Янукович бастаған «Аймақтық партиясының» Ресейдегідей басқа партиялармен билікті бөліскісі келмегендігі; ә) Януковичтің де Ресейге сүйене отырып, Путин сияқты жеке, дара билеуден дәмесінің барлығын білдіріп қойғандығы, оның дәлелі - жеке билікке дем беретін отбасы бизнесінің күшеюі, яғни Януковичтің баласының басқарған компанияларының өзі президент болған жылдары ек-үш есе баюы; б) Украин қоғамының орыстармен аралас отырған шығыс аймағының түрлі тарихи жағдайларға байланысты орыстарға іш тартатындығы, осылардың дем беруімен «Аймақтар партиясының» Украин саяси сахнасында уақытша болса да, белгілі деңгейде рөл ойнауы.

Екінші мәселенің бетін ашар болсақ, Кеңес Одағы Украинасыз бір қанаты қайырылған самұрық сияқты. Янукович басқарған Украинаға Ресей өз экономикалық жағдайының күрделілігіне қарамастан «туысқан халықтан ештеңе аямаймыз» деген «әдемі» сөзбен 15 миллиард доллар беруге келіскен еді. Бұл қаржылай көмектің саясатқа ешқандай қатысы жоқ, таза туысқандық көңілден туған ой деген Ресей енді, «Украинаға басқа билік келсе 15 миллиардтық келісімді қайта қараймыз» деп алдыңғы сөзін жоққа шығаруда. Сөйтіп, Ресейдің Украинаға «шынайы достық көмегінің» артында біз айтқан екінші мәселенің жатқаны белгілі болып қалды. Тіпті, Украинадағы 16 қаңтардағы адам құқығын шектейтін Заңдардың қабылдануы Ресей ақыл-кеңесімен болуы да мүмкін. Халық деген айқайлайды да қояды әне, «Болотныйлықтар» бізге не істей алды деген сияқты.

Соңғы күндері Ресейдің оқымысты элитасының орыс шовинизміне уланған бөлігі Украина ісін реттеуге әскер кіргізуден тайынбау керектігін, айтуда. Қалай дегенмен, олардың тіке араласуына кедергі болып тұрған, Еуропа мен американдықтардың қатаң ұстанымдары екендігі белгілі. Американдардың Сочи олимпиадасы қауіпсіздігін сылтау қылып, екі әскери кемесін Қара теңіз аймағына кіргізуі де, орыстарды «сабырға шақырудың» саяси тәсіліне ұқсайды.

Енді, Украинадағы болып жатқан оқиғадан ҚАЗАҚТАР қандай сабақ алуы керек, оның бізге қатысы бар ма дегенге келсек. Ең алдымен, осы уақытқа дейін ақшаларын қаптап, хаттап болып, Қазақстанның билік таласына дайын отырған, қаржылары бейбіт елді әлденеше төңкеріске (Қырғызстан далада қалады) әкелуге жететін «түрлі ойдағы» бірнеше кланның барлығы, қазақ зиялы қауымын (ол бар болса) Украин оқиғаларына өзгеше қарауды меңзейді. Екіншіден, әлі де Қазақстан халқының бұғанасының қатып үлгермегендігі де, талай ойларға жетелейді. Қазақстанның коммунизм идеологиясына сүйенген Кеңес Одағы сияқты құрғақ та нәзік халықтар достығына тым иек артатындығы да қорқынышты еселей түседі. Ол тәсілдің Кеңестер Одағына қалқан болмақ түгіл, құрғақ иллюзия туғызып, шындықтан алыстатып, ақыры түбіне жеткені белгілі. Сондықтан, Украинадағы оқиғалар Қазақстан мемлекеттілігінің жалғыз сүйеніші, берік тұғыры  - ҚАЗАҚТАРДЫҢ өздерінің оңтүстік, солтүстік қазағы немесе «шала қазақ», «нағыз қазақ» болып жіктелуін, онымен қоймай үш жүзге бөлінуін тоқтататын күн жеткендігінен хабар береді. Сонымен қатар, өз арамыздағы бірлікті, оның қағидаларын (тілдік, ұлттық идологиялық, ділдік) биліктің жасамайтындығын, шынайы бірлікті халықтың өзі ғана жасай алатындығына бәріміздің көзімізді жеткізе түсуде. Олай болса, басқа күн туа қалғандай жағдай бола қалса, кландардың қақпақылында, солтүстік көршіміздің аяқ астында қалмауымызды бүгін ойлап, Украин оқиғаларынан терең сабақ алуымыз қажет-ақ.

Abai.kz

0 пікір