Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3234 0 пікір 24 Қаңтар, 2014 сағат 09:35

Коробейникова қызметінен кетті!

«Астана Опера» театрындағы тілдік ахуалға қатысты редакциямызға «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының әкімшілігінен төмендегідей хат келді. «БАҚ өкілдеріне ресми жауап» деп басталған хатта хормейстер Елена Коробейникованың қызметтен босағаны туралы айтылыпты.

БАҚ өкілдеріне ресми жауап

2014 жылдың 14 қаңтарында «Астана Опера» театры хорының жоспарлы репетициясы өтті. Репетиция барысында хормейстер Елена Коробейникова мен хор әртісі Ербол Наримановтің арасында түсініспеушілік туындап, нәтижесінде  Ербол Нариманов репетициядан шығарылды.

«Астана Опера» театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов осы мәселеге қатысты хор әртістерімен және хормейстерлермен ашық жиналыс өткенін, әр әртіспен жеке сөйлескенін жеткізді. Нәтижесінде жоғарыда аталған түсініспеушілік мәселесі шешімін тапты. Қазір жұмыс күнделікті режим бойынша жүріп жатыр, хор ұжымы гастрольдерге дайындық үстінде.

«Астана Опера» театрының бас хормейстері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов шығармашылық ұжымда талантты және эмоциясы басым адамдар жұмыс істейтінін, жұмыс барысында әртістердің нәтижеге қол жеткізетіндей еңбектенетінін атап өтті. Кез келген басшы берілген тапсырманың 100% орындалғанын талап етеді, сол себепті кез келген басқа ұжымда да кикілжің туындауы мүмкін және оларды шешуге болады. Жұмыс кезінде туындайтын маңызы жоқ процестерді жазғанша, Қазақстанның хор өнері туралы жазған маңызды, себебі дәл осы өнер ұлттың бойына талғам мен мәдениетті сіңіру үшін ол туралы жазуды шын мәнінде қажет етеді. Хормейстер Елена Коробейниковаға келсек, ол өз еркімен жұмыстан кетті.

«Астана Опера» театрының хоры жақын күндері өтетін «Хор музыкасының кеші» атты концертіне дайындалуда. Кеш мазмұнды әрі қызық болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана Опера» театрының хор ұжымы Пьер Луиджи Пицци,  Елена Образцова, Елдар Әбдіразақов сынды көрнекті өнер қайраткерлерінің және әлемдік сыншылардың жоғары бағасына ие болды.

Abai.kz

0 пікір