Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 7177 0 пікір 16 Қаңтар, 2014 сағат 04:53

«Айтуға оңай...» - әлеуметтің мінбері

1-сурет: журналист, "Айтуға оңай..." ток-шоуының жүргізушісі Бейсен Құранбек бағдарламаның кезекті санын түсіру үстінде

2-сурет: Шығармашылық топ жұмыс үстінде

3-сурет: "Айтуға оңай..." ток-шоуының шығармашылық ұжымы

 

Қазіргі көрерменнің таңдауы мүмкіндігі кең. Таңдап, талғам көремін десе, ешкім қолынан қағып жатқан жоқ. Бірақ, бөтен елдің өзге тілдегі арналары ешқашан қазақ мәселесіне, тұрмысына, хал-ахуалына назар салып, эфирін бермейтіні аспандағы айдай анық нәрсе. Барар жеріміз – өз телеарналарымыз.

Өз арналарымыздың да әрқайсысының діттеген мақсаты, мүддесіне қарай  жол сан тарау. «Барлық жолдар Отырарға бастап алып бармайды» демекші, әр арна бұқараның ойын, тұрмыс-тіршілігін, уайым-қайғысын, шын халін көрсетіп, жалпақ елге ұсынып отыр десек, жалған болар еді.

Көрерменін сиқыршыдай шоулармен арбап ұстап отырған арналар көзді арбайтын жаңа жылдық безендіру секілді болса, «сөзімізді сөйлейді, мұңымызды тыңдайды, көмектеседі» деген халықтың тілегі әлгі жылтыр шоулардың тасасында тұншығып қалатыны да жасырып емес.

1-сурет: журналист, "Айтуға оңай..." ток-шоуының жүргізушісі Бейсен Құранбек бағдарламаның кезекті санын түсіру үстінде

2-сурет: Шығармашылық топ жұмыс үстінде

3-сурет: "Айтуға оңай..." ток-шоуының шығармашылық ұжымы

 

Қазіргі көрерменнің таңдауы мүмкіндігі кең. Таңдап, талғам көремін десе, ешкім қолынан қағып жатқан жоқ. Бірақ, бөтен елдің өзге тілдегі арналары ешқашан қазақ мәселесіне, тұрмысына, хал-ахуалына назар салып, эфирін бермейтіні аспандағы айдай анық нәрсе. Барар жеріміз – өз телеарналарымыз.

Өз арналарымыздың да әрқайсысының діттеген мақсаты, мүддесіне қарай  жол сан тарау. «Барлық жолдар Отырарға бастап алып бармайды» демекші, әр арна бұқараның ойын, тұрмыс-тіршілігін, уайым-қайғысын, шын халін көрсетіп, жалпақ елге ұсынып отыр десек, жалған болар еді.

Көрерменін сиқыршыдай шоулармен арбап ұстап отырған арналар көзді арбайтын жаңа жылдық безендіру секілді болса, «сөзімізді сөйлейді, мұңымызды тыңдайды, көмектеседі» деген халықтың тілегі әлгі жылтыр шоулардың тасасында тұншығып қалатыны да жасырып емес.

Бірақ, «тоғыз ұлым – бір төбе, Ертөстігім бір төбе» дегендей, «Қазақстан» ұлттық арнасында 2012 жылдың күзінен бастап, аптасына бес күн эфирден беріліп келе жатқан «Айтуға оңай...» ток-шоуы елдегі телебағдарламалар арасында төңкеріс жасады. Қазақ телевизия саласындағы ток-шоу түсінігіне анықтама берді. Несімен дерсіз? Бұл сауалға «Айтуға оңай...»-дың миллиондаған көрермендерінің әрбірі өзінше жауап айтар. Дегенмен, сол жауаптардың түйісер тұсы біреу – «Айтуға оңай...» - біздің өміріміздің шын бейнесін, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымыздың боямасыз шындығын көрсетті, айта білді. Бағдарламаның тұрақты көрерменінің бір ретінде мен де бұл сөзге мен де қосылам. Шындығында да, «Айтуға оңай...» эфирге шыққан бергі уақыт ішінде ұлттық арнаның миллиондаған көрермені қоғамдағы беті ашылмаған талай шындыққа, тағдыр тәлкегіне түскен небір адамдардың аянышты халіне, барлық саладағы қордаланған мәселелердің өткір талқысына куә болды. Бағдарламаға қатысып, ел алдында өз өмірінің шындығын жайып салған талай кейіпкермен бірге көрермендер де қосыла жылап, хабар барысында студиядағы қонақтар тарапынан нақты көмек алатынын естіген кейіпкер қуанғаннан көзіне жас алғанда алыс-жақын шетелдегі және Қазақстанның ауылдары мен аудандарындағы, қалалардағы сансыз көрермен кейіпкермен қоса қуанып, армандарына жеткендей күй кешкендері де рас. Бұл сөзімізге «Айтуға оңай...» ток-шоуының редакциясына  - Бейсен Құранбектің атына толассыз келіп түсіп жататын хаттар айғақ бола алады.

Бейсен Құранбек демекші, «Айтуға оңай...» ток-шоуының тізгінін ұстаған Бейсен Құранбек тек қана жүргізуші ғана емес, бағдарламаның ыстығына күйіп, суығына тоңып, жанын салып қызмет істеген үркердей шығаршылықтың топтың әрі қамқоршысы әрі жол нұсқап, бағдар берген жетекшісі де бола білді. Ал, жүргізуші ретінде 25 жылдан астам тележурналистикада қызмет етіп келе жатқан Бейсен мырза «Айтуға оңай...» -дың тынысын ашты. Ток-шоу жүргізушісі қандай болуы керек дегенге дайын үлгіге айналды. Әрине, «Айтуға оңай...» - да Бейсен Құранбектің телевизиядағы бағындырған биіктерінің біріне айналды. Егер мұны қызыл сөз десеңіз, екі жыл ішіндегі баспасөзге көз жүгіртіп көрсеңіз болады. Әрі қоғамдық сыйлықтардың да бірқатары Бейсеннің қанжығасына байлануы да біздің сөзіміздің дәлелі болса керек.

Әрбір бағдарлама эфирге шыққанға дейін тексеру, қадағалаудан өтетіні белгілі. Бұған қоса, шығармашылық ұжымның әр мүшесімен тіл табысып, олардың жұмыс істеуіне толық жағдай жасау үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей, ойға-қырға шапқылап, жұмыстың жүйелі жүруіне жауапты адамдар болады. "Айтуға оңай..."  жоба қолға алынған сәттен бастап, көрерменнің көзайымына айналып, аяғынан тік тұрып кеткенше, жоғарыда айтылған, айтуға ғана оңай жұмыстардың бәрін үйлестірген сол кездегі "Қазақстан" ұлттық арнасы шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Жанар Байсемізованың еңбегін атамау мүмкін емес. Жанар қызмет бабымен Астанаға ауысып, кейін өзінің авторлық жобасы "Шетелдегі қазақ балалары" жобасына кіріскенше, "Айтуға оңайдың" жұмысын әр кез қадағалап, үйлестіріп отырды. Жанар - "Айтуға оңайдың" телеарнадағы адвокаты болды десек, артық болмас.

«Айтуға оңай...» ток-шоуын халықтың дәрежеге көтеруге күш салған шығармашылық ұжым туралы айтпай кетуге болмайды. Бұл тұста ерекше бір атап өтетін нәрсе - шығармашылық ұжым кілең жастар. Күн-түн демей, телеарнада түн жатып, әр хабарды эфирге ұсынған бұл ұжымның зор еңбегін сөзбен айтып жеткізу – «Айтуға оңай...».

Бағдарлама қатысқан кейіпкерлердің көп бөлігі әрдайым қаржылай болмаса мамандар тарапынан нақты көмек алып отырды. Осы қайырымдылықтың басында шығармашылық ұжымның өзі тұрды. Жалғыз айлыққа қарап жүрген жастар тұрмысы төмен, әлеуметтік жағдайы әлсіреп, барар жер, басар тауы қалмағаннан кейін арыз-арманын арқалап «Айтуға оңай...»-ға келген әр кейіпкерге қалталарындағы соңғы ақшаларын жинап беріп тұрды. Тағдыр тауқыметін тартқан адамдар бағдарламаға келер бұрын ұжымдағы қаршадай қыздар кәсіпкерлерге хабарласып, кейіркерге көмектесуін өтініп жатқан кездерін көзімізбен көріп, қолымызбен ұстаған соң, айтып отырмыз. Яғни, «Айтуға оңай...» - дың көрерменнің ықылас-пейілі ерекше ауған бағдарлама болуында шығармашылық ұжымның әрбір мүшесінің биік адамгершілігі, еңбекқорлығы, мейірім мен ізгілігі жатыр. Ұжымның осы қасиетін кім-кімде үлгі етіп алса, қоғамға қосқан үлесі саналар еді...

 

 

Екі жыл ішінде «Айтуға оңай...» бағдарламасында барын салып, қызмет еткенмен, титрға аты-жөндері шықпаған қыз-жігіттер:

Аргентина Жәнібек

Айжан Орынбай

Айжан Рахметова

Айнұр Қалдарбек

Алтын-ай Телемгенова

Айнұр Хаменова

Аслан Жұмабай

Аят Марқабаев

Аида Сәмиева

Ардабек Солдатбай

Әлия Құдайбергенова

Әйгерім Әмірова

Әсем Әлмұхаммедқызы

Әсел Жақыпбекова

Әсем Мерекеқызы

Бақытжан Бықин

Бауыржан Жақанұлы

Бақыт Қасқарауылова

Бейсен Құранбек

Венера Сабырова

Гүлзира Құдайбергенова

Дархан Жатқанбаев

Дархан Өмірбеков

Данияр Мұстафаев

Ернар Алмабек

Елзат Ескендір

Ерке Байжігітова

Ержан Алдажар

Жанар Байсемізова

Жазира Байдалы

Жанар Әбсадық

Жеңісбек Белдеубай

Құрманжан Қасымжан

Қымбат Ахметова

Лаура Биғалиева

Мөлдір Хамитова

Мәулен Қалиев

Нәйлә Сұлтан

Назым Қалпенденова

Нұрбек Түсіпхан

Салтанат Бектемірова

Ұлан Алпар

Шолпан Қараева

 

«Айтуға оңай...» талай жанның үмітін жақты, сүрінгенді демеді, жылағанды уатты. Жетімнің жасын сүртті, айырылған ана мен баланы табыстырды, жақсылық пен ізгіліктің, қайырымдылықтың жаршысы, жарқын үлгісіне айналды.

Төменде «Айтуға оңай...» арқылы көмек көрген бір адамның тізімін беріп отырмыз!

Күні, айы

Апта күні

Түсірілген тақырыптар

Көрсетілген көмек

 

10 қыркүйек

дүйсенбі

Арба сүйреген ақын   

Вокзалда күнелтіп Вокзалда арба сүйреген ақын Сәбетай Сыпатаевтың «Жер салмағы» атты өлеңдер жинағын «Қазығұрт» баспасының директоры Темірғали Көпбаев шығарып берді. Бас демеуші қоғам қайраткері – Амалбек Тшанов.

 

20 қыркүйек

бейсенбі

Адасқандар

Бағдарламаға Құрбанкүл Орысбекова өзінің кіші ұлын іздеп келген болатын. Құрбанкүлді студияда баласы Қуаныш Орысбековпен кездесті. Отбасына студия қонақтары және жеке кәсіпкер Медетхан Игіліков 100 мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетті.

 

27 қыркүйек

бейсенбі

Дәрігердің қателесуге қақысы бар ма?

 Дәрігер қателігінен мүгедек болып қалған 3 жасар Әдемі Нұрымоваға педиатр Камал Ормантаев протез салып берді.

 

9 қазан

сейсенбі

Ән қалықтап барады көшеменен

Көше әншісі – Сәкен Таласбаевқа Қалдыбек Құрманәлі құжаттарын жасап берді.

 

17 қазан

сәрсенбі

Сұлулық синдромы

Бала кезінде беті толық күйіп қалған Шолпан Көбесоваға белгілі пластикалық хирург Мақан Тынышбаев ота жасады.

 

20 қараша

сейсенбі

Тасада қалған таланттар

Бағдараламаға кейіпкер ретінде қатысқан композитор – Темірәлі Бақтыгереевтің шығармашылық концертін осы тақырыпқа қонақ ретінде қатысқан әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі – Сұлушаш Нұрмағамбетова ұйымдастырып берді. Кешті «Айтуға оңай...» ток-шоуының жүргізушісі – Бейсен Құранбек жүргізді.

 

6 желтоқсан

бейсенбі

Томпақ мәселе /семіздік/  

 «Доктор Гаврилов» оралығының дәрігері Балқия Бағдатқызы студент Анар Нұртаеваны тегін салмақ тастауға көмектесті.

 

22 қаңтар

сейсенбі

«Дүние бір қисық жол бұраңдаған...»

Қарақалпақстаннан келген тастанды бала – Рүстем Ережеповке құжатын дұрыстап, азаматтық алып берді.

 

 

24 қаңтар

бейсенбі

Бүйрек – тапшы, жан тәтті...

Кейіпкеріміз – Бағдагүл Мұқаева Алматы облысының қабылдауында болып, мүгедектік рәсімдеді және көрермендер ақшалай көмек көрсетті. Сондай-ақ, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Майра Ілиясова Ұйғыр ауданында концерт ұйымдастырып, 450 мың теңге қаржылай көмек көрсетті.

 

5 ақпан

сейсенбі

Орнында бар оңалар...

Өмірден өткен өнер иесі Биғазы Тұтқабековтың балалары Алмас Биғазыұлы

Қарлығаш Биғазықызына Депутат Дәулет Әбенов ноутбук, Ержан Серікбаевтың балалары Бейбарыс Серікбаев пен

Нұржан Серікбаевқа ақшалай сыйлық берілді.

 

7 ақпан

бейсенбі

Қызға қырық үйден тыйым

Айы-күні жетіп отырған Салтанат Төребаеваға гинеколог Райхан Сәмединова медициналық көмек көрсетсе, кәсіпкер Әсия Аданова материалдық көмек көрсетті.

 

19 ақпан

сейсенбі

Әпке

Үйдің тұңғышы – Тоғжанға ақын Қасымхан Бегманов ақшалай көмек көрсетті. Қызылорда облысының әкімі қолдау көрсетіп, үй алып берді. Сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлер отбасын ақшалай және азық-түлікпен қамтамассыз етті.

 

26 ақпан

сейсенбі

Дертіме дауа бар ма екен?..

Жазира Аманованың ұлы Мұқасанның ем-домына көрермендер ақшалай көмек көрсетті.

 

14 мамыр

сейсенбі

Көзде-мұң, көңілде-қаяу.../Аяулымның тағдыры/

Омарғазиевтар отбасында дүниеге келген бауырларға Талдықорған қаласының тұрғыны, кәсіпкер Серік ағай төрт бөлмелі үй сыйлады.

 

19-маусым

сәрсенбі

Жалғастың тағдыры мен таланты

 

Жалғастың туу туралы куәлігінен бастап ешқандай құжаты жоқ болатын. Бағдарламаға қатысқаннан соң, барлық құжаттарын алды.Бағдарламаға келген негізгі қонағымыз «Азаматтарды қабылдау және қоғамдық пікір қалыптастыру орталығының» атқарушы директоры Альмира ӘБДІРАШИТТІҢ көмегі зор болды.

 

6 тамыз

сейсенбі

Арбаға таңылған ақын Зәуре

Зәуре ӨКСІМБАЕВА – Мүгедек қыз. Бағдарламаға қатысқаннан кейін оған хабарласып материалды түрде көмек көрсетушілер болды. Қаржылай, компьютер алып берушілер болды.

 

10 қыркүйек

сейсенбі

Балалар өміріне бейқам қарамайық!

Байқаусызда трансформаторға түсіп мүгедек болып қалған 9 жасар Сәулет пен улы зат ішіп тамағын күйдіріп алған Әсетке «Асыл Инвест» кәсіпкерлер ұйымының атынан 1 000 000 теңге көмек көрсетілді.

 

18 қыркүйек

сәрсенбі

Жол апаты

Амангүл ӨТЕУОВА. Үлкен жол апатына түскен. Соның кесірінен орнынан әзер тұрып қозғалатын. Жолдасы да сол апатта  болған. Оның қолы сынған. Бағдарлама барысында келген травматолог дәрігерлер оған көмектесті. Физиологиялық емдерін алып жатыр. Шымкенттен бір сынықшы көрерменіміз хабарласқан болатын. Сол кісінің көмегімен екеуі де тік жүріп кетті. 

 

Abai.kz

0 пікір