Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2892 0 пікір 15 Қаңтар, 2014 сағат 04:15

Айдос Сарым. Тығырықтағы сананың сапасы

Жаңа жылдан кейін бір кабельдік арнадан Стивен Спилбергтің "Шиндлер тізімі" фильмін 4 қайтара көрсетті. Арнайылап екі түн бойы бастан-аяқ қарап шықтым. Жыл бойы еврейлер, Израиль мемлекетінің тарихы туралы талай кітап оқығам. Осының да әсері болар.

Айтпағым мынау: 2000 жыл бұрын туған жерінен айрылып, тоз-тоз болып, әлемге шашырап кеткен халықтың жігері мен санасы. Маркс айтыпты: Тора - діни кітап емес, Тора - көшпелі мемлекет деп. Сол діни сенімдері мемлекетінің қайта түлеуіне алып келді, ұлттың жоғалып кетпеуіне жол ашты.

Еврейлер жүрген мемлекетінің барлығында да қуғынға ұшырап отырған. Жүрген мемлекеттерінде процентпен ақша беру күнә саналғандықтан бұны бір мүмкіндік деп тауып, осымен көптеп айналысқаны да рас. Бірақ осы тұрақты қуғын-сүргін елдің, ұлттың санасын қатты өзгертті деп санаймын.

Жалпы тығырыққа тірелу - керемет дүние. Адам жаны сергиді, мүмкіндіктері ашылады. Ал ғасырларға созылған тығырық ұлттың әрбір азаматының бойындағы өмірге деген құштарлықты оятады.

Тіпті мүмкін емес, орындалуы әсте мүмкін емес ой-қиялдарды қайта түлетеді. Сол сенім қандай да қиындықтардан аман алып шығады, ұлтты, оның әрбір мүшесін сұрыптайды.

Жаңа жылдан кейін бір кабельдік арнадан Стивен Спилбергтің "Шиндлер тізімі" фильмін 4 қайтара көрсетті. Арнайылап екі түн бойы бастан-аяқ қарап шықтым. Жыл бойы еврейлер, Израиль мемлекетінің тарихы туралы талай кітап оқығам. Осының да әсері болар.

Айтпағым мынау: 2000 жыл бұрын туған жерінен айрылып, тоз-тоз болып, әлемге шашырап кеткен халықтың жігері мен санасы. Маркс айтыпты: Тора - діни кітап емес, Тора - көшпелі мемлекет деп. Сол діни сенімдері мемлекетінің қайта түлеуіне алып келді, ұлттың жоғалып кетпеуіне жол ашты.

Еврейлер жүрген мемлекетінің барлығында да қуғынға ұшырап отырған. Жүрген мемлекеттерінде процентпен ақша беру күнә саналғандықтан бұны бір мүмкіндік деп тауып, осымен көптеп айналысқаны да рас. Бірақ осы тұрақты қуғын-сүргін елдің, ұлттың санасын қатты өзгертті деп санаймын.

Жалпы тығырыққа тірелу - керемет дүние. Адам жаны сергиді, мүмкіндіктері ашылады. Ал ғасырларға созылған тығырық ұлттың әрбір азаматының бойындағы өмірге деген құштарлықты оятады.

Тіпті мүмкін емес, орындалуы әсте мүмкін емес ой-қиялдарды қайта түлетеді. Сол сенім қандай да қиындықтардан аман алып шығады, ұлтты, оның әрбір мүшесін сұрыптайды.

Есімде болса бір еврейден сұрапты: "нацистердің барлық лагерлерінен аман шықтыңыз. Айтыңызшы: шарасыздық деген не?" деп. Сонда әлгінің айтқаны мынау: "Немістер басып алған қалада басар, барар жеріміз қалмады. Кешегі достарымыз, көршілеріміз бір мезетте жау болып шықты. Бізге қол ұшын берсе, өздері де атылатын болды. Қашар жерің болмаған кез шарасыздық" деп айтыпты.

Бірақ, дәл осы шарасыздық, шарасыздық кезіндегі ой-толғаулар, талқылар айналып келгенде еврей мемлекетінің жаңғыруына жол ашты.
Соңғы 4-5 ғасырда қазақтың басынан өткізбегені жоқ. Талай тығырықтан аман шықтық. Осындай отарлық тығырықтың біріне бір керемет реакциямыз - Алаш қозғалысы болды. Ұзағынан сүйіндірмеді, әрине, қандықол империя. 70 пайыз ұлтымыздан айрылдық. Біттік, күйредік, қирадық деп жүрген кезде Желтоқсан көтерілісі болды. Өзі түбірімен шіріген империя қирап, Тәуелсіз ел атандық. Әзірге тек атандық, алданбайық.

Бүгін де бір саяси тығырықта тұрған сияқтымыз.

Ал осы тығырық санамызға қаншалықты әсер етіп отыр? Жаңа сапаға өте аламыз ба? Бұл тығырық көзімізді аша ма? Басымыздан өткеріп жатқан шарасыздық, Қазақиядан басқа баратын-қашатын тауымыздың жоқтығын түсінуге алып келе ме?

Армандай білейік. Қиялдай білейік. Қиялды жоспарға айналдыра білуді үйренейік сол еврейлерден. Мемлекет - арман-қиялдың ісі. Оның табиғаты, ауасы, аясы - арман-қиял. Сосын, әрине, жігер, рух, әрекет. Біздер тек тірі екенімізге ырза болып жүре берсек, онда барымыздан айрыламыз. Егер бостандығымызды, азаттығымызды тоқ қарын мен тыныштыққа айырбастасақ, үшеуінен де айрыламыз. Тарихтың көні, боғына айналамыз.

Осы туралы да ойланып жүрейікші...

 

Жік

Тағы бір маза бермей жүрген мәселе - қазақ ішіндегі тарихи-мәдени-діни жіктер. Оны тізбелеп жатпайын, оқыған, көзі ашық жұрттың барлығы жақсы біледі.
Бір мынадай факті бар: бүгінгі Ұлыбритания қарамағындағы Шотландия анда-санда ел-ұлт қатарынан шығамыз, тағы да мұхтариятты талап етеміз деп жатады. 2-3 референдум өткізіп те үлгерді. Әзірге алпауыт мемлекеттің экономикалық дамуы, мүмкіндіктері шотландтықтардың жартысынан астамын біртұтас ел аясында ұстап отыр. Ал болашақтағы жағдайы күрт төмендесе ел бірлігі не болмақ?

Бір қызығы бұл да кезіндегі отарлық саясаттың нәтижесі. Ұлыбританияның Рим колониясы болғанын ұмытпайық. Сол кезде жаулап, өзіне бағындырып алған жерлерді мызғымастай етіп ұстап отыру үшін Адриан император ұлы қорған, бекеттер салды. Қорған, бекеттердің қаңқасы, үстінде салған жолдары, қалалары, ауылдары әлі күнге дейін сақтаулы. Бүгінгі Англия мен Шотландияның ресми шекарасы осы Адриан қорғанының үстімен өтеді.

Қараңыздаршы, 1900 жыл бұрын салынған, көбінесе қирап, тарихи мұраға айналған археологиялық дүние ұлт-мемлекет тұтастығына ғасырлар өте сына қағып отыр. Қауіп төндіріп отыр. Бүгінгі Азия, Африкадағы барлық соғыстар түптеп келгенде сол кешегі отарлық заман салып кеткен миналар мен бомбалардың жарылыстары. Жартысы, әрине, су, мұнай және экономика мәселесі.

Ал бізде ше?

Кешегі империяның көптеген жәдігерлерін, институттарын мызғымастай етіп сақтап отырмыз. Ертең олардың қайсысы түбімізге жетуі мүмкіндігін өзіміз білмейміз. Ешкімге қарамай империямен байланысты атауларды, институттарды атымен құртудың орнына Алматыны "Алма-Ата" етеміз бе деп жынды құсап дауласып жүрміз.

Бір түсінгенім қаладағы, даладағы, санадағы отарлық сананың барлық жәдігерлерін құрту қажет. Өйтпесек, бүгін ойын-күлкі, туризм болып жүрген болмашы дүниелер бүгін емес, ертең емес, 22-23-24 ғасырдағы ұрпақтарымызға қиянат, қауіп болуы мүмкін.

 

Мұра

Жаңа жылда үш-төрт сұрақ қатты мазалап еді. Соның бірі мынау.

Мысалы, көптеген халықтардың жады, тарихи-мәдение қазынасы олардың музейдегі не кітапханадағы қазынасы ғана емес, бүгінгі өмірінің де азығы, қорегі, тірегі, арқауы болып табылады. Яғни, ұлт - мемлекеттің қарапайым мүшелері өз тарихтарына, ауызша-жазбаша әдебиетіне үңіле отырып солардан тәлім алады, өздеріне еліктейтін кейіпкерлер, өмірлік тығырыққа тірелгенде белгілі бір стратегия тауып алады. Қытайдың стратагемалары тек қытайлықтар үшін емес, көптеген заманауи компаниялар үшін азық әлі күнге дейін.

Бәлкім, біздер үшін тіпті де мысал емес шығар, бірақ Африкадағы, Оңтүстік Америкадағы ұлт дәрежесіне көтеріле алмаған этностар үшін ұлттық қазынасы (фольклоры, ата-баба дәстүрі, аңыз-әңгімелері) әлі күнге дейін өмірлік азық. Осыларды жаттап алу, үлкендердің тәлім-тәрбиесін алу, соларды іздеу, әрбір адам үшін қиын-қыстау заманда, күрделі табиғи жағдайда тірі қалудың бірден-бір жолы. Яғни ата-баба аңызын білмесең суды да таба алмайсың, адасып, қиналып өлесің деген сөз.

Дамыған елдердің көбісі өз тарихын-мәдениетін жаңа заманға лайықтаумен, дамытумен келеді. Осылардың негізінде жаңа мәдени туындылар жазуға, фильмдер түсіруге, аңыз-әфсаналарын қайта түлетуге, оларды әсіресе жастарға, өскелең ұрпаққа түсінікті эстетикалық тіл мен заманауи форматтарға көшіруге тырысып бағуда. Бұны бір жағынан жаһандануға қарсы саясат ретінде, ұлттық-мемлекеттік ерекшеліктерін, айырмашылықтарын тағы да паш ету үшін қолданып келеді.

Бізде ше?

Дүниеміздің, болмысымыздың өзгерместей болып өзгергені анық. Ата-бабаларымызбен байланыстырып отырған тек тіліміз бен үзік-үзік тарихи санамыз. Ал басқа мұрамыз ше? Бүгінгі және ертеңгі өмірге азық бола ала ма? Бола алатын болса қандай жолдары мен тетіктері бар? Ескі жұрттағы қай дүниемізді бірінші кезекте көшімізге артып, жаңартып, құбылтып, осы заманға лайықтауымыз қажет? Осының кешенді тұжырымдамасын билікке қарамай өзіміз жасап-жасақтай аламыз ба? Жалпы біздің тарихи-мәдени мұрамызды күнделікті азығымызға айналдыруға бола ма?

Abai.kz

0 пікір