Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2736 0 пікір 13 Қаңтар, 2014 сағат 08:40

АНТИ - ЕУРАЗИЯЛЫҚ Одақ құру туралы Мәлімдеме

Осыдан бірнеше ай бұрын көптеген қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, саясаткерлер, журналистер мен қарапайым азаматтар қолдаған Қазақстанның Еуразиялық одаққа кіруіне наразылық хатымызды жарияладық. Бұл хатта көтерілген мәселелер әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Бұл уақыт аралығында посткеңестік елдерде бірқатар елеулі оқиғалар орын алды. Оның бірі - Молдова, Грузия тәрізді бұрынғы кеңестік мемлекеттер Еуропамен келісімге қол қойса, екіншісі әрі ең маңыздысы – Украина азаматтарының Еуропа одағымен келісімге әзірше қол қоюдан бас тартып, Ресеймен жақындасу қадамдарға аяқ басқан Янукович саясатына қарсы өре түрегелуі! Украин халқының өзі Ресейдің жобасы саналатын кедендік одаққа, одан әрі Еуразиялық одаққа кіруден бас тартса, қазақ халқы өзін 300 жылға жуық отарлаған, Ашаршылық пен репрессияға ұшыратқан Кремльмен қалай одақтас бола алады?!

Ал бұл аралықта Ресей Еуразиялық одақ құру идеясынан бас тартып отырған жоқ, керісінше, Украинадан бастап барлық посткеңестік мемлекеттерді КСРО-ның жаңа түрі болып саналатын Кремль басқаруындағы органға біріктірмек. Ресей билігінің екіжүзді әрі өктем саясаты туралы біз бұған дейін де бірнеше рет мәлімдедік. Айталық, Ресеймен одақтас болудан бас тартқан тұста Украинаға экономикалық қысым көрсеткен Кремль Янукович Еуропа одағымен келісімге қол қоймап еді, бұл қысымның барлығын да алып тастады! Мұны қарапайым тілде бопсалау деп атаудан басқа сөз жоқ! Тура сондай экономикалық қысымды Кремль Грузияға, Арменияға және жақында қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев мойындағандай, Бішкекке де көрсеткені белгілі. Яғни, қазіргі Ресей билігінің бір ғана арман-мақсаты бар – бұрынғы КСРО-ны қайта тірілту, Кремль диктатынан құтылып, тәуелсіздік алған елдерді қайтадан өз қол астына бағындыру.

Кедендік одақ құрылған тұстан бастап біз Ресеймен барлық интеграциялық жобалардан бас тартуға шақырдық! Қазір де сол ұстанымды қолдайтынымызды мәлімдей отырып, әрі Украинадағы кедендік және еуразиялық одаққа наразылықты ескере келе, біз Қазақстанда Анти-Еуразиялық одақ құру керек деп шештік.

Анти-еуразиялық одақ Қазақстандағы кедендік одақ пен еуразиялық одаққа наразылықты біріктіретін, қазақтың тәуелсіздігіне қатер төндіретін Ресеймен интеграциялық жобаларға қарсылық танытатын ұйымға айналмақ. Бірден ескертетін жайт, бұл бір лидердің қол астындағы немесе саяси топтың ықпалындағы тар ауқымды қозғалыс емес, жалпыұлттық деңгейдегі, елдік мақсат-мұраттарды біріктіретін ұйым болуға талпынады. Бұл жалпы патриоттарға ортақ одақ!
Анти-еуразиялық одақтың басты мақсаты – Қазақстан билігін Еуразиялық одаққа кірмеуге мәжбүрлеу, халыққа кедендік одақ пен еуразиялық одақтың кесірін, тәуелсіздікке қатерін түсіндіру, елдік, ұлттық мүддені қорғау болып табылады.

Ұйымдастыру комитетінің атынан:
АЙНАБЕКОВА Жансая,
АҚДӘУЛЕТ Әнуар,
АЛАШ Ержан,
АЛИМОВ Берлібек,
АХМЕДЬЯРОВ Асхат,
АХМЕТ Едіге,
ӘБІЛДА Анар,
БАЙМҰХАН Сырым,
БАРАТОВ Берік,
БАТАЕВА Сәуле,
БЕЙСЕНБЕК Диас,
БЕКЕН Әйгерім,
БЕКНАЗАР Рахымжан,
ЕРМАХАНОВ Нығметбай,
ЕСЕНТАЙ Жанат,
ЖАҒЫПАРОВ Берік,
ЖАҚСЫБАЕВ Айдар,
ЖАЛҒЫЗҰЛЫ Кенже,
ЖОЯМЕРГЕН Өркен,
ЖҮСІП Сағат,
ЖҰҚАНҰЛЫ Айдос,
ЖҰМАБАЕВ Руслан,
ЖҰМАҒҰЛОВ Ербол,
ЖҰМАЛЫ Расул,
ДҮЙСЕН Мейрам,
ЗІКІРИЯҚЫЗЫ Фатима,
ИБРАГИМОВ Қанат,
ИМАНБАЙ Инга,
ИСМУРЗИЕВА Гүлзада,
ҚАДЕМҰЛЫ Радим,
ҚАЙРАНОВ Шыңғыс,
ҚУАНЫШАЛИН Жасарал,
ҚОСАНОВ Әміржан,
МАЗАҚБАЙ Айгүл,
МАМАЙ Жанболат,
МӘКЕНОВ Еділ,
МҰСТАФА Аңсаған,
МЫРЗАШЕВ Ғали,
НҰРАТ Ілияс,
ОРАЗ Мұратбек,
ӨТЕҒҰЛОВ Оралбек,
ӨТЕПОВ Исатай,
РАМАЗАНҰЛЫ Төлен,
САРЫМ Айдос,
СӘРСЕНБАЙҰЛЫ Рысбек
СӘДІР Нұрлан,
СЕЙДАХМЕТОВА Сәуле,
СЕРІКОВ Рамазан,
ТАЙЖАН Мұхтар
ТҰРМАҒАНБЕТОВА Шара,
ҮРГЕНІШБАЕВА Айнұр,
УЛЬБАШЕВА Любовь,
ХАЛИОЛЛА Бауыржан,
ХАИРОВ Берік,
ШОНЖАН Әуелхан,
ШОТБАЙ Әнуар,
ІЗТІЛЕУОВА Баршын,

Қол жинау жалғасуда.

Үндеуге қол қоямын деушілер rukh_pen_til@mail.ru, ashikalan@gmail.comпоштасына аты-жөнін жазып, қолдау білдіре алады.
Алматыға келіп қол қоямын деушілерге байланыс телефон: 8 707 333 6399

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2273
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590